Батыр Баукең және КСРО-ның сайқал саясаты..

Баукең әр шайқастан кейін есеп беріп баяндама жазғанда сол шайқасты кең отырып, жан-жақты талқылап орыстың генерал сымақтардың қателігін бетің-жүзің демей жазуы, жоғарғыдағы бет терісі қалың шен шекпенділер жақтырта қоймаған еді. Әскери стратегиялық шайқасты шебер құра білетін Бауеңнің көз алдында алғы шепке өз қандастары түркі тектес халықтарды соңында орыстарды соғысқа салу көзі ашық,көкірегі ояу Бауыржандай касби маманның олардың онысын пайымдай алмау мүмкін еместе! соны айтып жазбау даланың баласының жан дүниесіне ар ұжданына сыймайтын қылық еді.
Соңында Оңдасынов: «Сені Батыр атағына ұсынған кезде біз қарсы болып едік. Сенен кешірім сұрайын деп келіп едім», – деп кешірім сұрапты.
Баукең қолын бір-ақ сілтеп: «Бұл – өткен іс. Өткен іске өкінбеймін», – дейді.
Бұл жерде Н.Оңдасынов пен Ж.Шаяхмет сол кезден кейінде Батырға ұсына салуға мүмкіндігі де қолдарында билігіде бар еді. Олардың заманында өздеріне қазақтан бір Батырдың шығып жатқаны мақтанш еді.
Бірақ Баукеңдей қазақы ұлт жанды ұлдың КСРО ға жақпайтынын білген содан ондай іске баруға батылдары жетпеген,Ал батырға ұсынған кунің өзінде өздері жоғарғыға сенімсіз болып қалудан қорқанда болу керек, тіпті қазіргі деректерде Н.Оңдасыновтың Баукеңнен кешірім сұраған хаты да бар деп жүр… Ол рас болса. Ұлы Баукеңнің шен шекпен мен мәртебесінің өсіп кетуіне КСРО қорыққан. Қазақты 300 жыл бодандықта ұстаған сайқал саясатына қазақтар тым мойын ұсына қоймағандығы ,іштерінде Қазақылық қайнап жатқандығы,Өздернің не бір сұрқыя саясаты әлсіз екендігін сезінумен бірге қазақтардың қазақылығы асқақатап руқтанып кетуін қаламаған! Ел шетін жау шауып қазақтар соғыс соғыс деп анда мұнда жанын салып қырылып, қаншама жап жас боздақтар өздері қалап соғысқа атанып,қандары суша шашылып жатқанда да КСРО ның ұлттық отаршылдық саясаты жалғасып жатқанын қандай жеркенішті деші.
Екінші дүние жүзілік соғыста қазақтың қандай соғысқанын сондағы шен шекпен алған батырлардың дәрежесімен салыстырып айтатын болсақ, Ұлы Отан соғысында КСРО Батырларынан саны жағынан бірінші – орыстар, екінші орында – украиндар, үшінші орында – белорустар, төртінші орында еврейлер тұрды. Бесінші орынды қазақтар иеленді. Бұған қарап 300 жыл қазақты тұқыртып ұстап отарладық деген қазақтың бойындағы батырлық қайсарлық пен қайраттылық отанға деген сүйіспеншіліктің қайнап жатқанын аңғару қиын емес қой … Оның үстінде 2-3 танкі жойып батыр бола салған орыс ұлтынан көптеп шықса 20-30 дан астам танкіні бір өзі 100-300 астам фашизімнің көзін құртқан талай қазақтың ерлігі еленбей қалғанын ескерсек .. Бұл көрсеткіштер арқылы қазақтың қайсар ұлт екенін екінші дүние жүзлік соғыс қайта дәлелдеді.2-дүние жүзілік соғысты көп зерттеген Европалықтар қазақтардың қайтпас ерлігі жайлы бас шайқап көп жазды.Ал Мәскеу оған еш елжіреген жоқ.
КСРО-ның батыры қазақтың белгілі жазушысы Мәліктің сөзімен айтсақ,”-орыстар батыр болу үшін бір рет көзге түссе жетіп жатыр.Қазақтар оны екі есе істегенде ғана көзге түсе аласың, оның өзінде сол еңбегің жүз не мың қазақтың біреуі ғана бағаланып батыр атанды ғой”- деп айтқанын ақиқат пен аңыз кітабында Нұршайық батыр ашық айқын жазған.Сол Мәлік бен Төлеген екеуін Бауыржан жоғарғыға батыр атағын алуға анықтама бергізгенін егер -”Бауыржан Момышұлы болмаса біздің еңбек бағалануы бағаланады ғой бірақ жоғарғы жақ Батыр атағын бере салуы қыйын еді” -деп Мәлік өле-өлгенше айтып өткенді.Бұл жерде Баукеңнің ірі тұлғасымен, қазақи адемгершілігі қайда жүрседе қазақ ұлтының нағыз ұлт жанды ұлы екенін болашақ ұрпақ мәңілік аңыз етер ерліктерінің бірі деп мақтанамыз.Тағыда батыр Мәлік -”біз ерен бірнеше ерлігімізбен көзге түссек Баукең батыр болуға лайық 100 астам ерлік жасаған кісі”- деп Баукең ерліктеріне құлай табынушы еді .Қайран Қазақтың марғасқа ұлдары-ай қыйын заманда да бір-бірін ұлықтап батыр-деп өткен .
Соғыста 11,500 ден астам адам Совет Одағының батыр деген атаққа ие болды.Соның ішінде 104 адам осы атақты 2 рет алса 3 адамға -үш реп беріпті.Ал Маршал Г.К.Жуков осы атақты 4 рет алған.Тіпті тылдағылардың өзіне еңбек ері деп қаншама медалды қанарлап таратқанын жазғандар көп болды.Бірақ біздің Баукеңе яғынй халқымыздың бір туар ұлы Бауыржан Момышұлына бұл атақты ерен ерліктері бола турсада бергізбеді.
Бүгінгі таңда Мәскеу жеңіс күнін дүркіретіп отырып тойлатады. Қаншама қыршын кеткен қазақ жастарының атын атап ерен ерліктерін түгендеді ме? Баукеңді дейміз-ау Ту тіккен Қошқарбайды да кейінге ысырып тастауына не дейміз?.Біле тура- әй..дей.. алмай жүрміз ғой! Озбыр ұлттың қашанда озбырлығы үстем тұрады..
Іштей жалтақой дәуірде жағымпаздықтан жан сақтап жұрген өз қандастарынна разы емес Баукеңнің қайратты мінезін,қайсар қылығын естіп,оқып өсекте біз Баукеңнің КСРОның отаршылдығына қарсылығын сол кезде қалай білдіргенін енді енді байқаймыз-ау.Қайран Бауке неткен алып едің.Сенің биіктігің алыстаған сайын асқарланып,мәуелеп көріне береді екен екен ғой.
Жанарбек Ақыбиұлы
Комментариев нет:
Отправить комментарий