Бір қызығы Қазақстанға қоныс аударған оралмандар арасында ешқандай ың-шыңсыз сіңіп кететіндер Ресейден келген қазақтар. Неге?! Өйткені, біздің еліміздің өзі Ресейдің құрамдас бөлігі сияқты. Тілден, мінез-құлықтан ешқандай кемдік көрмейді. Тіпті ҚР азаматтығын ары кетсе 2-3 айда алып үлгереді. Еліміздің азаматтық беру жөніндегі заңында Ресей азаматтарына (негізінен орыстарға) осындай жеңілдік жасап қойған. Қазақтар соны пайдаланады.
Осы орайда, ұлтжанды азамат Әкім Жанұзақ бас болып, қырыққа жуық зиялы қауым мүшелері қолдап, Ресейдің президенті Д.Медведев пен сол елдің премьер-министрі В.Путинге хат жолдады. Ол хатта: Ресейде өмір сүріп жатқан қазақтардың бірде-бір балабақшасы, бірде-бір мектебі жоқ екені айтылып, осы мәселе бойынша бағдарлама қабылдап, назар аударуын өтінген. Одан кейін хатта, Қазақстанда барлық ЖОО-ның 61 пайызы, барлық орта мектептердің 48 пайызы орысша оқытып жатыр, «бізден үлгі алмайсыздар ма..» деген сыңайда ескерту бар.
Аталмыш мәселемен бұған дейін ешқандай қоғамдық ұйым, мемлекеттік мекемелер айналыспаған екен. Жалпы Ресейдегі қазақтар жайлы айтар болсақ, 1960 жылдырдың аяғына дейін Орынбар, Омбы, Самара, Челебі (Челябинск), Алтай өлкесі, Новосібір, Аштархан өңірлерінде қазақша мектептер болған. Осы мектептерде қазақша білім алған көптеген азаматтар Қазақстанға келіп жұмыс істеп, елеулі қызметтердің де тегігін ұстады. Атап айтқанда, республиканың үлкен басшыларының бірі болған Жұмабай Шаяхметов, тәуелсіздік жылдары министр портфелін ұстағандар – Нығметжан Есенғарин, Нағашыбай Шәйкенов, Жәнібек Кәрібжанов, Балташ Тұрсынбаев, Қажымұрат Нағымановтарды айта аламыз. Сондай-ақ руханият саласында аты белгілі Амангелді Айталы, Әнес Сарай, Ақұштап Бақтыкеревалардың ізін басып шыққан қазақ жоқ.
Осылай айдың күні аманда 1 млн қазақты жоғалттық.
Комментариев нет:
Отправить комментарий