Орынбор
Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өз-нің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998). Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. О. Жайық өз-нің оң жағалауында орналасқан. Солт. батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді. 1735 ж. 15 тамызда И.Кирилов бастаған экспед. Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады (қ. Ор). 1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өз-нің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының О-ға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. О. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орт. Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. О. 1920 – 1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта О. облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және т.б. мәдени орт-тарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады.Губерния құрылуы
Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солт.-батыс және оңт.-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 ж. құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 ж. О. г.-г. құрамында орт. Орынбор қ. болған Торғай обл. құрылды. 1876 – 81 ж. Қазақстанның солт.-шығысы мен оңт-нде Дала және Түркістан ген.-губернаторлықтарының құрылуына байланысты О. г.-г. жойылып, Орынбор губ. қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губ. құрамында қалдырылды. Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 ж. құрылған. Алғашқы ген.-губернаторы И.И. Неплюев болды. Бастапқыда О. г. Кама өз., Каспий т., Бат. Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солт-те Пермь, батыста Уфа және Самара, оңт-те Орал және Торғай, шығыста Тобыл губ-ларымен шектесті. 1897 ж. жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. О. г-нда алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. О. г-нда Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғ. Авзяно-Петровский, Төм. Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. О. г-на халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды.Орынбор және батыс сібір генерал-губернаторларының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже
– 1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында]] саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, болыстықтар ауылдарға бөлінді.Орал облысы – Орал, Гурьев, Калмыков, Желі;
Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай;
Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, Жаңасарысу, Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді.
Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әр түрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды.
Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже
– 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал ш-мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.Орынбор қырғыздары туралы жарғы
– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.Орынбор – ташкент темір жолы
‘’Орынбор – ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. О. – Т. т. ж-н салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің О. – Т. т. ж-н салудағы басты мақсаты Орт. Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып, 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қ-нда болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығ. Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі.Орынбор шебі
Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30 – 40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. Кейіннен Закамск шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторы О.А. Игельстром О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. Бірақ Франциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді. 1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:- 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
- 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.
- 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
- 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
- 3) Орскіден Орынборға дейін;
- 4) Орынбордан Оралға дейін;
- 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін.
Орынбор шекара комиссиясы
‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1799 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқа Кіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағы барымта, жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен бірге Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.
- Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
- 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев атты татар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
- 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішінде Ы.Алтынсарин де бар.
Орынбор мүфтилігі
Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.- 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қ-нда ашылды.
‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ. Неплюев әскери училищесі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий