понедельник, 20 мая 2013 г.

Оралтай Хасан Қалибекұлы



Оралтай Хасан Қалибекұлы - белгілі қоғам қайраткері, журналист, публицист, қазақ диаспорасының шетелдегі көрнекті өкілі. 1933 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Әкесі 1940-1949 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері болған. Х.Оралтай еңбек жолын Түркияда түрік жәш ағылшын тілдерін үйреніп, журналист болудан бастайды. Қазақ халқының үлттық болмысын, мәдениеті мен тарихын түрік оқырмандарына таныстырады. Измирде «Үлкен түрік елі» журналын, «Коммунизммен соғыс» газетін шығарады. 1968 жылы Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосына қызметке қабылданады. Мүнда әдебиет бөлімінің директоры болды. «Азаттық» радиосын үтымды пайдалана отырып, қазақ халқының теңдігі мен тәуглсіздігі үшін еңбек етті. Халқымыздың үлттық қүндылықтарың соның ішінде алаштық идея, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін насихаттады. «Азаттық» радиосынан Алашорда жетекшілерінің шығармаларын таныстырумен қатар олардың өмірбаян деректері мен шығармаларын жинақтады. Ол «Алаш - Түркістан түріктерінің үлттық үраны» (1973) деген атпен шықты. Бүл кітап Алашқа арналған оң көзқарастағы түңғыш еңбек болды. Хасен Оралтай Қазақстанның «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қазір Мюнхен қаласында түрады.

Комментариев нет: