четверг, 16 мая 2013 г.

Моңғолия қазақтары

Моңғолия қазақтарының тобынан мемлекет қаһарманы 1, Еңбек ері 21, Мемлекеттік сыйлықтың иегері 4, Халық әртістері 3, қоғам өмірінің әр саласына еңбек сіңірген қайраткер 59, Моңғолияның Ғылым Академиясының толық мүшесі - Академик 2, Ғылым докторы 14, Профессор 10, Ғылым кандитаты 100, Төтенше және өкілетті елші 1, дипломат 4, мемлекеттік атақ иегері, әйгілі палуан, спорт мастері, альписті 8, шетелдік мемлекеттік атақ, орден иегері 6, генерал-майор, бригада генералы 2, мемлекеттік қаһарман М.Ікей, тұңғыш Еңбек ері Т.Нұқ, тұңғыш ғалым профессор Ө.Қамбар, әйелдер тобынан тұңғыш ғалым доктор, профессор Қ.Анаргүл, еңбек ері Ш.Ұлболған, әйелдердің жаяу жүгірісінен спорт мастері Р.Алданыш, Моңғолия кіші құрылтайына мүше басқарма болған тұңғыш парламентші әйел Ә.Жамиладан басқа қайсы бірінің атын айтамыз.
Ал Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық дәрігері, еңбек сіңірген адам дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор, ұстаз, Моңғолияда нейрохирургияның негізін салушы, аудармашы, медициналық көптеген ғылыми туындылардың авторы, /Алтай тауының заңғары-теңіз деңгейінен 4600 метр биік Бес әулие шыңына Моңғолия мемлекетінің туын тіккен/ альпинист қатарлы бір басынан асқан атақ шен иегері Ж.Хайрулла атаға жете қабыл. Солардың бірі Моңғолдың тұрақты Парламенті, мемлекеттік ұлы Құрылтай құрылғаннан бастап мүшелігіне қатардан екі мәрте сайланған мемлекет қоғам қайраткері, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Қазақстан, Можарстан, Молдавия еліне танымал көрнекті жазушы, аудармашы, ғалым, дипломатшы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағының сыйлығы мен шетелдік орден иегері Таукейұлы Сұлтан ағамыз.
Тұрақты парламент құрылған 16 жылда бес рет ұлы құрылтай мүшесіне Баян Өлгийден әрдайым үш өкіл сайланып келеді. Баян Өлгийде ұлттық профессионалдық театр, музей бар. Академик жазушы Сәбит Мұхановтың көзімен көріп бағалағанындай, Моңғолия қазақтарының үш ерекшелігі: бәз қалпында сақталған әдет-ғұрып, орда қалпында сақталған өте сәнді 80-90 басты киіз үй, ата-бабаларымыздың көне музыка аспабы сыбызғы үшеуі бізде. Оралмандар осы мұралармен бірге қазақтың байырғы тегене құйрық қойын атамекенге ала келіп жерсіндірді. Ата мекенге оралған қайраткер Қ.Зардыхан, Моңғолияның халық артисі Ә.Қабылаш, Моңғолия Ғылым Академиясының толық мүшесі, Академик А.Мағыш, алғашқы ғылым докторы Ә.Мініс, докторлар Қ.Ұлықпан, С.Қаржаубайлар Моңғолияға әйгілілердің сорпа бетіне шығары. Олардың мәртебесі Ата жұртымызда да жоғары жүр.

Комментариев нет: