Адай руы A+ |
A |
A-
Қазақ халқын құрған ірі рулардын бірі. Кіші жүздің Байұлы тайпасына кіреді.
Тарихшылар арасында Адай руының шыққан тегі туралы бірыңғай пікір жоқ. Кейбір ғалымдар Адайларды ежелгі Сақ елінің құрамындағы Дах, Дай тайпасының ұрпақтары деп санайды. Басқа ғалымдар Адайларды Гаогюй бірлестігіне кіретін Одоют, Адые тайпасының ұрпағына жатқызады. Бірақ бұлар тек болжамдар. Біз Адай руының тарихын Әлімұлы мен Байұлы кіретін Алшын одағының тарихынан бастау керек деп ойлаймыз.
Генетикалық зерттеулер және шежірелер қазіргі Адай руының өкілдері Алшын одағына кіретін басқа рулар өкілдерімен моңғол кезеңінде өмір сүрген бір атадан тарағанын дәлелдейді. Сол себептен Алшындарды сол кезде болған Алшы татарлармен(моңғ. көпше түрі Алшын) байланыстыру керек деп ойлаймыз.
Алтын Орда кезінде(XIII - XV ғ.ғ.) Алшын текті және беделді ру болған. Бұл тайпадан көптеген жоғары қызметтегі адамдар шыққан. Сол кездегі Алшындардың көтерілуі Бату ханның әйелі, Алшын руынан шыққан Борақшын ханыммен байланысты.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін Алшындар Ноғай Ордасының(XV - XVI ғ.ғ.) құрамына кіреді. Ноғай Ордасында да Алшындар беделді ру болған. Хан кеңесінің құрамында ерекше Алшын орыны болған екені белгілі. Ноғайлы дәуірінде Алшыннан Байұлы тайпасы(құрамында Адай руы да бар) бөлініп бастайды. XVI ғасырдан бастап Байұлы тайпасы орыс деректерінде бөлек ру ретінде аталады. XVII ғасырдың бірінші ширегінде Ноғай Ордасы да ыдырап бастайды. Сол кезде Адайдың алғаш батырларының бірі Ер Қосай белгілі болады.
XVII ғасырдың басында Байұлы рулары Еділ, Жайық, Жем өзендерінің бойынан Сыр және Жетісу аймақтарындағы туыс қазақ руларына көшуге мәжбүр болады. Оның себебі қалмақтардың жиі шабуылдары.
XVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында Кіші Жүз рулары Батыс Қазақстанға қайтып бастайды. Адай көшін Назарұлы Ер Шотан батыр бастайды. Шотан батыр бастаған Адай руының қолы Маңғыстау жерін түрікмендерден қайтарып алады. Сол кезден қазіргі кезге дейін Маңғыстау аймағы Адай руының атақонысы болып саналады.
Қазақ қалмақ соғысы кезінде Адай руынан көптеген батырлар шығады. Шоғы батыр және оның рулас қырық батыры жоңғарлармен соғыс кезінде отқарумен қаруланған ерекше жасақ құрайды. Олардың ұрпақтары қазір Қырықмылтық Адай деген атпен белгілі. Шоғы батыр Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінін қасында жерленген. Сол кезде Атағозы, Дауымшар, Сүйінғара батырлар белгілі болады.
Батыс Қазақстанда ең белгілі әулиелердің бірі, жерлестерінің арасында ислам дінің таратқан Адай руының өкілі Бекет ата Мырзағұлұлы.
Адай руы Сырым Датұлы, Исатай - Махамбет көтерілістеріне белсене қатысқан. 1870 жылы патша үкіметі көшпенді қазақтардан алынатын салық төлемін көтереді. Соның кесірінен Маңғыстауда Иса мен Досан батырлар бастаған Адай көтерілісі басталады. 1874 жылы патша әскерлері көтерілісті басып тастайды. Адай руына үлкен соғыс шығынын төлеуге мәжбүр еткізіледі. Ауылдардың көбі қайыршылық күйге түседі. Сол азамат соғысы кезінде Адайлардың большевиктерді қолдауының себебі болады. Старшындардың біреуі Тобанияз большевиктерге үлкен қолдау көрсетеді. Ақырында репрессияға ұшырайды.
Ашаршылық кезінде Адай руының көптеген ауылы Түрікменстан, Өзбекстан, Иран, Ауғанстан жерлеріне қоныс аударады.
Адай руының ұрандары Төлеген, Қосай, Бекет.

Комментариев нет:
Отправить комментарий