Қазақстан тарихы
Ерте заман тарихы
Қазақстан аймағы,оңтүстік бөлікте алғашқы адамның палеолиттік тұрақтары болуының арқасында, алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасу аумағына кіреді. Көне адам біздің жерімізде жарты миллион жыл бұрын пайда болды. Осының дәлелі ретінде Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты, Қазанғап тұрактарында табылған еңбек құралдары, солтүстік-шығыс үстіртінде ашылған Кіші Қаратау мен Қарасуда археологтар тапқан 15 мыңнан астам алуан түрлі тас құралдарды атауға болады. Көне палеолиттің соңғы тарихи есткерткіштері Солтүстік Балқаш төңірегінде табылған. Қаратау мен Маңғыстаудың алғашқы адамдары от жағып, ірі және ұсақ мал аулаумен және өсімдік қоректер жинаумен айналысқан.
Өнердің пайда болуының дәлелі ретінде, палеолиттің соңғы ескерткіштері мәдениеттің күмәнсіз табысы болып табылады. Олар Қазақстанның шығысы, оңтүстігі мен орталығында тоғысады. Жайықтың және Қазақстанның басқа да аймақтарындағы үнгірдің қабырғасына және төбелеріне түсірілген жануарлардың қалтқысыз керемет бейнелері еліміздің территориясында, сол кезден-ақ адамзаттың әлемдік жетістіктеріне араласқанын дәлелдейді. Бүгінгі күнде 130-дан астам жартасқа салынған бейнелер табылған.
Тас ғасырының Қазақстан тарихындағы маңызы - адамзат және шаруашылықтың қалыптасуында.
Қола дәуірінің ескерткіштері таралған кеңістік, Андроновтық және Беғазы-Дәндібай атына иеленген, батысында Оңтүстік Оралдан Шығысында Енисейге дейін, Солтүстігінде Батыс Сібір орманды даласы мен Оңтүстігінде Орталық Азия жер суару аудандарына дейін орналасқан. Андроновтық және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері Казақстан аймағында мал шаруашылығы мен металлургиялық полиметаллдардың гүлденгендігін дәлелдейді.
Темірді меңгеру еңбек өнімділігін арттырды. Адам еңбек кұралдары мен ат әбзелдерін жетілдірді. Үзеңгі, ауыздық, ер-тоқым пайда болды.
Еуразияның кең даласы жерді мал шаруашылығына кемелдендірді, көшпелі мал шаруашылығына негіз салды. Қола дәуірінің аяғында адамдар малды үйден алыс жерде жайды, малмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Жер шаруашылығымен айналысуға ауа-райы қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы, оның ішінде суармалы егін шаруашылығы дамыды. Қолөнершілер еңбек құралдарын, ыдыс-аяқ және көші-қон шаруашылығына қажетті құрал-саймандарды дайындады.Археологиялық және геологиялық зерттеулер кең өндірісінің б.з.д. ІІІ мыңжылдықта болғанын дәлелдейді. Қазіргі кеніштер ерте кездерден-ақ белгілі болған. Жезқазған мен Зырян аумағында мыс, Қалба мен Нарымда қалайы, Степняк, Ақжол, Балажалда алтын кендері, күміс пен темір Орталық және Солтүстік Қазақстан жерлерінде өндірілді. Темір рудаларын өндіретін алғашқы жер - Оңтүстік Сібір мен Қазақстан.
Деректер Қазақстан ерте тұрғындарын әр түрлі атайды. Парсылар дала тұрғындарын Сақтар, гректер – азиялық скифтер деп атаған. Ертедегі Иран деректерінде олар туралы «ұшқыр атты турлар» деп жазылған. Сақтар – ежелгі тайпалар, б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген.
Сарматтар – Қазақстан территориясы, Жайық пен Волганың жағасын мекендеген ежелгі тайпалардың жалпы атауы. Сарматтар жауынгерлік тайпа болған. Сонымен қатар, мәдениеті жоғары дамыған халық болған. Сарматтық коғамда жауынгерлік тайпа бірлестігіне әйелдер де кірген. Оған әйел қабірлерінде табылған көптеген заттар дәлел.
Сақ тайпаларының маңызды тарихи, материалдық мәдениетінің дерегі ретінде археологиялық ескерткіштері болып табылады – қорымдар, жартасқа салынған суреттер, сақ заттарынын коймасы.
1969 жылы Алматы қаласынан 50 км жерде, әлемге кеңінен танылған, ежелгі сақтардын Есік қорғаны ашылды. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», қазақ халқының арғы ата-бабасының мәдени көзі болып табылатын сақ мәдениетінің ерекше үлгісі.
Үйсіндер – күрделі тарихи дамуды басынан өткерген ежелгі тайпалардың бірі. Сақ-тиграхауд жерлерін иеленген үйсін тайпалары, Жетісуға Орталық Азия түкпірінен келген. Б.з.д. ІІ ғасырда үйсіндер сақ тайпаларын өзіне бағындырып, өз басшыларының қолдауымен қожалық құрды.
Б.з.д. ІІ ғасырда Халықтардың ұлы қоныс аударуы орын алды. Осы тарихи оқиға нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Каңлы мемлекеті.
Б.з.д. І мыңжылдыктың ортасында Еуразия тарихында Орталық Азия тайпалары үлкен рөл ойнады. Б.з.д. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда гунн ( хунну, сюнну, дунху) тайпалық бірлестігі пайда болды. Ғұндардың жорығы еуропа халықтарына үлкен ықпал жасады. Мыңдаған адамдарға жететін ондаған тайпалар , ғұндардың қысымына шыдамай, басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болды. Ғұн қозғалысы Еуропада үлкен географиялық өзгерістерге әкеп соқтырды. Көптеген адамдар өздерінің ертедегі қоныстарын тастап, қашқындарға айналды. Кейінірек тарихтағы бұл кезең – Халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атқа ие болды. Жылдар бойы Орталық Азиядағы ғұндар Еуропаның батыс шекараларына дейін жетті. 558 ж. ғұндар тағы өзара соғыстарды бастады, бірақ оларды түріктерден қашқан аварлар тоқтатты. Осылайша ғұн империясы қирады.
Сол кездерде Ұлы Дала жерлерінде бір орталыққа бағынатын жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда бола бастады. Ұлы Даланың қожайындары атанған түріктер ұлан-байтақ жерлерді меңгеруге кірісті. Осылайша, тарихта түріктердің дәуірі басталды. Сонымен бірге, Қазақстан мен Орталық Азияның, жалпы адамзаттық тарихында орта ғасыр дәуірі немесе Орта Ғасыр тарихы басталды.
Орта ғасыр тарихы
Көшпенділер шығыс пен батыс өркениеттерінің арасын байланыстырушы рөл атқарды. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түріктер көкке табынып, оны Тәңір деп атады. Көк аспан, ашық күн мен ай құдіретті күш деп саналды. Көшпенділер үшін көк аспан молшылық пен достықтың, бірлік пен тауелсіздіктің символы болды. Біздің Мемлекеттік Туымыздың да ашық көк түсті болуы және күннің бейнеленуі бекер емес.
Адамның дүниеге келуі, оның қасиеттерін Тәңірдің ісі деп білді. Тәңірге табыну мен исламның ұқсастықтары бар. Сол себепті, 8 ғасырдан бастап түркі халықтары исламды қабылдай бастады. Басқа ұлттар бөгде діндерді қастықпен қабылдады. Ал көшпенділер болса көрші діндерге шыдамдылық танытты.
VI ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейін Қазақстан аумағында моңғол шапқыншылығына дейін бірін-бірі ауыстырып, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыз, қарахан, қимақ, қыпшақ мемлекеттері өмір сүрді. Моңғол шапқыншылығынан кейін ХІІІ ғасырдың басында Моңғол империясының ұлыстары құрылды – Жошы мен Шағатай, кейіннен Ақ Орда, ал соңында Қазақ хандығының құрылуына себеп болды.
VI ғасырдың ортасында Орталық Азияның саяси аренасында жаңа «әрекет етуші тұлға» - Түрік қағанаты, көп кешікпей ерте ортағасырдағы ең ірі мемлекет айналды.
Қазақстанның байтақ территориясында этносаяси тұтастыққа қарамастан, сол аймақта мекендеген б.з. ІІ мыңжылдығында тайпалық топтардың тарихы, ең алдымен, қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестіктерімен байланысты. Бірқатар дерек көздерінде ХІ-ХІІІ ғасырдың басында Қазақстан қыпшақтарының сыртқы саяси байланыстары туралы мағлұмат бар. Қыпшақтар Византия,Русь, Грузия,Селжұқ сұлтанаты, Венгрия, Еділ Булгариясының сыртқы және ішкі саясатында ең маңызды факторлардың бірі болған. Қытай деректері Қазақстан қыпшақтарының Орталық Азия мен Қиыр Шығыс халықтарымен және өркениеттерімен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді.
ІХ-ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан өңірлерінде қала мәдениетінің жалпы дамуы байқалады. Қалалардың көлемі үлкейіп, қолөнер дамып, қолөнер және қыш-құмыра шеберханалары пайда бола бастады. Суармалы керамика, әйнек өңдірісі меңгеріліп, сауда байланыстары күшейіп, жаңа сауда жолдары ашылды. Оңтүстік Қазақстан қалаларының жандануына және көтерілуіне Батыс – Шығыс халықаралық сауда жолдарының өтуі маңызды рөл атқарды.
Ұлы Жібек Жолы – әлемдік өркениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі. Тармақталған керуен жолдары Еуропа мен Азияны Жерорта теңізінен Қытайға дейін кесіп өтіп, Батыс пен Шығыстың сауда байланыстары мен мәдениетаралық диалогтарының маңызды әдісі болды. Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан территориясынан өтті.
Ағарту ісі
XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан өлкелерінде билікке деген тайпалар арасындағы саяси күрес үдей түсті. Осы шайқастар барысында моңғол елінің басшысы Тимучин өзінің қайталанбас ерлігі мен батыл қолбасшы қабілетімен ерекшеленді. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінде ел болып қалыптасуды тежегенімен, тоқтата алмады. Қазақ халқының ел болып қалыптасуы оның этникалық территориясының қалыптасуымен қатар жүрді. Этнополитикалық және шаруашылық факторлардың нәтижесінде қазақ тайпаларының басын қосатын жүздер қалыптасты. Қазақстан жерінде барлығы үш жүз бар: Ұлы, Орта, Кіші. Жүздердің қалыптасуына географиялық, саяси және этникалық факторлар ықпал етті. Қазақ хандығына Жетісу өлкесінің тайпаларының қосылуы XV ғасырдың үшінші ширегінде етек ала бастады. Қазақ жұртының жерге иелік ете бастауы Қасым хан тұсында арта түсті. Сырттан келер қауіп XVIII ғасырдың басында күрт өсті. Оңтүстік батыстан орал казактарымен бірлескен Волжалық қалмақтар шабуылдаса, Орал өңіріндегі жерлерге башқұрлар таласты. Аталған топтағылардың орыстарға бағыныштылығын ескеретін болсақ, ол қазақ-орыс қарым-қатынасының шиеленісуіне алып келді. Ал осылардың ішіндегі ең ауыр қауіп-қатер – Батыс моңғол, Жоңғар хандығында еді.
Жоңғарлықтардың Қазақстанға жорықтары XV ғасырда-ақ белең алған болатын. Қазақтардан XVI ғасырдың бірінші жартысында үлкен соққы алған жоңғар хандығының біразы қазақ ханы Тәуекелдің қол астында болатын. Жоңғар хандығы өзінің шабуылдарын тоқтатпағанына қарамастан Тәуке хан бастаған қазақ жұрты ол соққыларға дес бермеді. XVII ғасырдың басы мен XVIII ғасырда осынау ауыр жағдай қазақ халқының ығына қарай өзгерді.
Тәуке - бүкіл әлемді мойындатқан қазақ халқының соңғы ханы. Ол көз жұмған соң Келте хан сынды әр жүздің өз кіші хандары бас көтере бастады. Қазақтарда ортақ бірліктің болмауы жоңғарлардың бас көтеруіне алып келді. Осы сәтті оң пайдаланған жоңғарлар Цин империясымен келісімге келуі арқылы өздерінің шығыстағы қорғанышын мықтап алып ендігі күшін қазақтарға қарсы салды. Дәл осы жылдар қазақ тарихында қазақ халқына жұт алып келген «Ақтабан шұбырынды» деген атпен, тарихта қаралы әріптермен жазылып қалды. Батыс шекарадағы бұл қалыптасқан үлкен ахуал қазақ жүздерінің бастарының бірігуін қажет етті.Үлкен халықтық жиынның бастаушысы ретінде кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Қазақ халқының тарихында «Аңырақай шайқасы» – алтын әріптермен жазылды. 1929-1930 жылдың көктемінде өткен «Аңырақай» шайқасының жеңіспен аяқталуына үш жүздің бірлікте жұмыла шайқасуының нәтижесі еді. Қазақтардан ойсырата соққы алған жоңғарлар кері шегінуге мәжбүр болды. Қазақтардың бұл жеңісі жаңа дәуірдің бастауы болды. Өз бірлігін сақтап, саяси тәуелсіздігін алам деген жоңғарлар үшін бұл шайқас тарихта орны толмас қараңғылықпен аяқталды.
Ресейдің қазақ даласын отарлауы
Отан тарихында XVI ғасыр мен XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ-орыс қарым-қатынасы шиеленіскен жағдайда болды. Дәл осы оқиға тарих беттерінде әр түрлі бағаланды. Қалай болғанда да осы халықаралық ұзақ отарлау саясатының нәтижесінде қазақ елі біраз жылдарға өзінің саяси тәуелсіздігінен және мемлекеттік егемендігінен айырылды.
Түпкілікті қазақтардың Ресейге қосылуы кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға қазақ жұртын өз қорғанысының астына алуына өтінішпен барған сәтте басталды. Тарихнамада Әбілқайыр ханның әрекеттері ең қайшы сарапшылық бағаға ие болды. 1731 жылы 19 ақпанда император Анна Иоановнаға келіп, кіші жүздің Ресей азаматтығын қабылдауы туралы заңнамаға қол қойды. 1940 жылы Кіші жүздің ресей азаматтығына өтуі Орта жүздің тек бір бөлігінің сол топқа қосылуына ықпал етті. Ал Қазақстанның басқа бөліктері атап айтқанда, орталық және солтүстік-шығыс бөліктер тек 20-40-шы жылдары ғана патшайымының саяси-соғыс қимылдарының нәтижесінде империяға түпкілікті қосылды.
Ресейлік өкім жүргізушілер әрі қарай Қазақстанда әртүрлі әдіспен ақы-пұлдар жинады, саяси-соғыс қимылдарын жүзеге асыруға арналған бекіністердің (Орынбор, Есіл, Колыван) құрылысы жүзеге асты, ресей әкімшілігі мәмілегерлік орнату мақсатымен қазақ далаларына патшалық шенеуніктер жіберді, халық пен әкімшіліктің арасында келіссөздер реттелді, сауда-саттық дамыды, қыстақтарда үйлер соғылды, сауда керуенін бақылау үшін қазақтардан қарауылдар тартылды. Оларға еңбекақы сый түрінде, ақшалай және азық-түлік есебінде берілді.
Ұлы жүз бен Орта жүздің ішкі саяси ахуалы XVIII ғасырда шиеленіскен күйде болды. Абылай ханның басқару кезеңі оның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия сынды деспоттықтармен жақсы қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Хан Абылай тәуелсіздігіміздің және мемлекеттік егемендігіміздің күрескері ретінде халық жадында сақталды. Ол Екатерина II ханымның ұсынған ханның титулынан бас тартып, ұсынған сыйлықтарын да қабылдамады. Осындай әрекеттер оны көреген мемлекеттік қайраткер, дана әмірші, батыл саясаткер, қазақ халықының дарынды қолбасшысы ретінде танытты.
Қазақ жерін отарлау туралы саяси мәселе алдын-ала жоспарланған. XIX ғасырдың басынан бастап 60-шы жылдарға дейін Ресей империясының қазақ жерлерін басып-бағындыру саясаты жүзеге асты. Қазақстан жұртшылығының Ресей империясына бағыну үдерісінің көріністері келесідей:
- Қазақ мемлекетінің негізгі атрибутының таратуы бойынша: Игельстром ре-формасының 1785-1786 жылдарында көрсетілгендей хандық билікті жою, «Сібір қырғыздары туралы жарғы»(1822), «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»(1824); билер сотын жалпыға ортақ Ресей империясының сотымен ауыстыру; ресейлік әскери соттың күшін күшейту; қазақ жерлеріндегі салықты ресейлік өкілдерге жинау;
- Қазақ жерлерінде отарлау саясатын күшейту; Сібір, Орынбор, Жетісуда казактардан жаңа әскери күштер құрылды.
- Қазақстан аумағын айнала Каспий теңізіне дейін одан Ертіске, Есіл мен Тобыл, Аралдан Сырдария мен Жетісуға қарай созылған аумақтарда жаппай жаңа қалалардың, бекіністердің, бекітілген сызықтардың құрылысы етек алды.
- Барлық кіші хандар мен билер, сұлтандар ресейлік шенеуніктерден тағайындалды. Оған қарсы шыққандар репрессияға ұшырады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Түркістан, Шымкент, Әулие-ата сынды Ұлы жүзге қарайтын территориялардағы қалаларды ашық басып алу қазақтардың наразылығын тудырып, қазақтардың Ресейге бағынышты болуына біржолата тоқтау салды. Қазақ жерлері Ресей империясының жеке меншігі ретінде танылды. Соңғысы патшалықтың үлкен көшіру туралы саяси ойды негіздеуге себепкер болды.
Қазақстан тарихы ғылымында, Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінде болған ұлт-азаттық күрес жылдарынан ауыр тақырып жоқ шығар, сірә. Тарихшылардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанның еркіндігі мен дербестігі қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдері: ұжымдастыруға қарсы Сырым Датұлы бастаған күрес (1783-1797 жж.), шаруалардың бостандығы үшін күрескен Исатай Тайманұлы мен Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1837-1838 жж.), халықтық соғыс немесе бодандықтан құтылу үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847 жж.), Жаңғазы Нұрмағамбетов бастаған көтеріліс(1856-1857 жж), Есет Көтібарұлы көтерілісі (1858-1869 жж.), Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі (1869-1870 жж.). Қазақ халқын отарлауға қарсы күрес ХІХ-ХХ ғасырда да өз жалғасын тапты, ендігі Ресей үкіметіне қарсы реформаторлық қозғалысты бастағандар – қазақ зиялылары. Қазақстанды отарлауға қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерілістердің жалпы саны 400-ге жуық деген зерттеушілер арасында пікір бар.
Ресей империясының боданы болған мемлекеттің индустриалды дамыған республикаға айналу жолында басынан өткен ауыр күндерінің шынай бағасын жасырып қалу мүмкін емес. Сол ауыр күндерді елдің басына тудырып отырған – шынайы адамдар мен олардың іс-әрекеттері.
Совет жүйесі кезіндегі Қазақстанның дамуы
«Совет үкіметінің сенімді қадамы» 1918-1920 жж. ағайындық тайталас – азамат соғысына әкеп соқты. Азаматтық соғыс кезіндегі қиын тұрмыстық өмір 20-шы жылғы территорияның көп аймағын қамтыған ашаршылықпен қиындай түсті. Қазақстандағы ашыққандар саны 1921 жылы 1 млн. 508 мың адам болса, ал 1922 ж. наурызында 2 млн. 300 мыңға жетті. Бұл адамды адам жеген кезең. Азаматтық соғыстан кейін күнделікті тұрмыс қалпына көшу қазақ халқы үшін өте ауыр ішкі және сыртқы оқиғалар бел алды.
Лениндік жүйеге сай, социалисттік болашаққа жету үшін Совет үкіметі өзге мемлекет өкілдеріне капиталисттік емес даму бағыттарын ұсынды. Бұл тәжірбие негізінен патриархальді феодализмнен коммунистикалық жұмаққа «қадам» жасауды көздеді. Алайда, шынайы өмірде бұл «қадам» діттеу мен зорлық арқылы жүзеге асып, қарапайым халық тұрмысын көп қиындатты. Бұл жылдар халық билігінің жеке басқа табыну, ұйымдастырушы топ басшыларың езгісі мен жергілікті қанаумен алмасу кезең. Қазақстан «Кіші Қазан» концепциясының авторы Қазракомның бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің (1925-1933 жж.) зұлмат ойларын іске асыратын мекенге айналды.
Экономиканың аграрлық бөлігі ұжымдастырудың жедел өтуініңбастамасы болып, Совет мемлекетінің экономикалық дамуының негізгі көзіне айналмақ еді. Осы жерлен 20-шы жылдардағы ұжымдастыруға бет алынды. Ұжымдастыру кезінде шарушылық өнімдерінен бастартқан шараулар ұйымдастығы, яғни колхоздар құру көзделді. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемінде аяқталсын деп бұйырылды. Онсыз бұл Голащекиннің алдамшы тәжірбиесі күйінде қалар еді. Ұжымдастырудың ең қиын зардаптарының бірі кулактарды құрту болды. 1930 жылдың 15 наурызында Қазақстанда істері сотқа өтті. Сотталғандар саны 3113 адам болса, 2450 шаруашылық жер аударылды. Қазақстан аумағы «кулактар жіберілген мекенге» айналды. 1931-1933 жж. аштық жоңғар шапқыншылығы кезінде басынан кешірген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында көрген қиыншылықтармен пара-пар. Ашаршылықтан 1 млн. 750 мың адам құрбан болды, бұл деген бүкіл қазақ жерін мекендеген адам санының 42%. 1010 мың қазақ атақонысын тастап көшті, оның 616 мыңы қайта оралмады. 200 мыңға жуық адам алыс шетелдерге қоныстанды – Қытай, Монғолия, Авғаныстан, Иран, Түркия. Үкімет мыңдаған мал басын жою арқылы, қазақтардың негізгі тұрмыс-тіршілігінің көзі болып табылатын мал шаруашылығын құртты.
20-шы жылдардан бастап, Қазақстан саяси қоғам өмірінің қайғылы тұстары орын алды. Сол уақыттан бастап сталиндік аппарат ұлттық тарихи құндылықтар мен сол құндылықтарды таратушы қазақ интелегенциясын құртуға бағытталған үлкен ісшараларын жүргізуді бастады.
Тоталитарлық жүйені құртқаннан кейін «Алаш» партиясының мүшелері мен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді енгізу жайлы және басқару жүйесіне қарсы тоқтамдар айтып, саяси-тұрмыстық және кадрлық мәселелерді шешкенде республика заңдарына мойын сұнбай, байырғы тұрғындардың ұлттық ерекшеліктер мен халық пікіріне сүйенген қазақ басшыларының артынан саяси бақылау күшейді.
20-шы жылдар соңында бұл жағдай шиеленісе түсті. Троцкистко-зиновьевлік оппазиция мен «оңды оппортунист» арасындағы тай-талас ұлттық мемлекеттерде азаттық қозғалыс өкілдерін репрессияға ұшыратуымен көрініс тапты. 1928 жылдың аяғында жалған күнәмен «ұлтшылдар» қатарынан 44 адам сотталды. Олар – «Алаш-Орда» партиясының бұрынғы мүшелері, Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Ғаббасов және т.б. Қазақ интелегенциясының тағы бір тобы (40 адамға жуық), құрамында Тынышпаев, Досмұхамедов, Ақпаев және т.б. 1930 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Кейіннен олардың 15-і Ресейдің Черноземная ауданына жер аударылды. Олардың көпшілігі 1937-1938 жж. репрессия ұшыраған.
1936 жылдан 1938 жыл аралығында ССРО Содының Жоғарғы Әскери Коллегиясының жылжымалы бөлімінің басшысы әскер дивизиясының заңгері Горячев болды. 1938 жылдың 25 ақпан мен 13 наурыз аралығында күнделікті адамдарды өлім жазасын кесіп отырды. 25 ақпан күні 39 ату жазасына кесілді, оның ішінде Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Сейтқали Меңдешов, Жанайдар Сәдуақасов; 26 ақпан – 37 адам: Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Жұмат Шанин, 27 ақпан 41 адам, 28 ақпан 40 адам,осылайша 13 наурызға дейін күнделікті ондаған қазақ интелегенциясы өкілдері жойылып жатты.
Тоталитаризм қылмысы – депортация, толық бір халықты өзге жерге көшіру Сталинизмнің бұл тәжірбиесі 1937 жылдың күзінен басталды, бұл кезде Қазақстанға 102 мың корейліктер көшіріліп әкелінен, ол негізінде геноцид. 1938-1944 жж. аралығында поляктар,немістер, чечендер, ингуштар, балқарлықтар, қырым татарлары, қарашай, түркі-месхитиндіктер,балғарлар мен күрділер күштеп қоныс аударған. 1947-1952 жж. мыңдаған латыштар, эстондықтар, батыс украиндықтар шығыс жаққа қоныстанды. Ал 1953 жылы еврейлер мен абхаздықтарды көшіру жоспарланды.
Совет Одағы тұсында 30-шы жылдар тоталитарлық, бюрократиялық социализмге көшу кезі деп белгіленді. Сталинизм – социализмнің теориясы мен тәжірбиесінің жабайыланған түрі. Осы тұста, өмірдің өзі адамдардың бойына мақсатқа сену және жету, алға құлшынысты, шаруалар ревалюциясын және ұлтаралық достыққа ұмтылдырды. Ғасырлар бойы сақталған дәстүр мен мәдениет неміс фошистерімен соғыстың алдындағы жылдар жүйеге деген өкпені жеңіп шықты.
1941-1945 жж. аралығындағы Ұлы Отан Соғысы өз бойына біршама оқиғаларды сыйдырды. Қазақтар, Орталық Азияның өзге де ұлттары секілді, өзгелермен тең дәрежеде қару көтеріп шыққан алғашқы жаңа заман соғысы. Қазақ жауынгері Европаны азат ету соғысына қатысып қатысқан. Рейстахты алу шайқасына қатысып, Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімшесінің жеңіс туын тікті. Әскер қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497 Совет Одағының Батыры атағын иеленді. Даңқ Орденінің үш дәрежесіне ие болған - 110 адам. Германия-Италия-Япония соғысының шайқас алаңында 410 мың қазақстандық қаза тапты.
Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында шаруашылық дамыту деген тапсырма тұрды. ҰОС жылдарында көшірілген өндірістердің арқасында соғысқа дейінгі жылдардағы көрсеткішті асып түсті. Қазақстандықтардың халық шаруашылығын күнделікті тұрмыс қалпына келтіру 1946 жылы аяқталды. Бұл кезіңде республикада көмір өндірісі мен ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Темір жол тармақтары ұзарды.
Қала, өндіріс орталықтарындағы адам санының өсуіне байланысты сауда-саттықтағы қажеттілік күрт жоғарылады. 1953 жылы елде 31 млн. тоннадан аса дәнді дақылдар жиналса, оның 32 млн. тоннасы жұмсалды. Пайда болған мәселені шешу үшін дәндерді өсіруде ең қолайлы жол таңдалды, шығыс аймақтағы үлкен көлемді жерлер аударыла басталды. Осылайша, «Бәріміз целинаға!» ұраны пайда болды.
Жерді игеру жылдары Қазақстанда көптеген қалалар мен қала типіндегі поселкілер, темір жол, автокөлік жолдары, элеватор және де жер игерушілер өміріне қажетті мекемелер соғылды. Алайда, қуаныштты жайттары мен қатар, жер игерудің оңтайлы емес жолдарын атамай кету мүмкін емес. Жер игеру экологиялық, экономикалық орталықтандыру мен әлеуметтік тиімділік жағынан қолайсыздау болды. Егер осы үш позиция тұрғысынан қарар болсақ, біршама қателіктерді байқауға болады.
1960 жылы солтүстіктегі жер игеру аймағының 9 млн га. жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция секілді мемлекеттің бүкіл жылдық ауылшаруашылығы аумағына пара-пар. Экономикалық біртұтастығына бұл аспект мүлде үйлеспейді. Сол себепті «қазақстандық миллиондардың» шын санынан ешкім хабарсыз.
Жер игеру әлеуметтік тұрғыда біршама қиындықтар тудырды. Игерілген жерлерде еңбек ету Одақтың өзге елдерден келген еңбек ресурстарының көмегімен жүзеге асты. Қадағаланбайтын көші-қон орын алды. Байырғы тұрғындар өз үй-жайларын тастап, көшулеріне тура келді, себебі мектептер, колхоз, совхоздардың орталықтары жабылды. Жаңа жер игеру жоспары бойынша барлығы тамаша болды. Соңында байырғы тұрғындардың үлесі 30% төмендеді. Қазақ этносының тілі мен әлеуметтік мәдени институтының функциональді дамуына қауіп туды
60-шы жылдардың соңында республика қара және түсті металлургиясы, химия өндірісінің ірі орталығына айналды. Мыс, мырыш, қорғасын өндіруден Қазақстан үлесі 30-дан 70 %дейін жетті. Қазақстан ауылшаруашылығының ерекше аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннің әр үшінші бөлігі, еттің әр жиырмасыншы тоннасы, дәннің бесінші тоннасы түсіп отырды. Өкінішке орай, халық шаруашылығының үлкен еңбегі басқару жүйеснің пайдасыздығының арқасында зая кетті. Билік ел тұрмысын жақсартуға ұмтылмады.
Қазақстан экономикасы 70-ші жылдар мен 80-ші жылдардың бірінші жартысында да қалып түрде, ешқандай экономикалық мақсаттарды ұстанбай, технологиялық процестерге қызығушылығы жоқ күйінде дамып отырды, бұл уақытты тыныштық кезеңі деп атағанымен, Қазақстанда экономикалық өсу мен мәдени потенциалының дамығандығы болғанын мойындамау мүмкін емес.
Бұл жылдары қара металлургия өндірісі дамып, Соколов-Сарыбай және Лисаков байыту комбинаттары соғылды. Қарағанды қаласындағы ақ қалайы өңдейтін, металлургиялық комбинатының құрылысы аяқталды. Ермаков және Ақтөбе ферроеріткіш заводы іске қосылды. Еліміздегі жалғыз хромит кенінің өнімі көбейді. Павлодарлық трактор, Целиноградтық ауыл шаруашылық құрылыстық-машина заводтары өз өнімдерін бере бастады. Қарағанды және Екібастұз көмір бассейіндеріндегі көмір өндіру қарқыны түрде дамыды.
Ауыл шаруашылығындағы үлкен жетістікке 1979 жылы жетті. «Целина құрылған 25 жылдың ішінде ең көп астық қоры жиналған... Республика үкіметке 1 млрд. 262 млн. пұт немесе 20 млн. пұт астық тапсырды. Тоғызыншы бесжылдықтай бірде-бір бес жылдық астық қорына мұндай жомарт болған емес».
Өнеркәсіп құрылымының бір қырлы шикізат өндіруге бағытталғандығы орталық министрлік пен ведомстволармен 60-70 жж. тұрақталды. Қазақстанның өндіріс саласы 80 жылдардың басында елдегі орташа көрсеткіштен 1,7 есеге көп болды.
Өндіріс саласындағы үлкен өндіріс орындарын салу жұмыстарына баса назар аударылғандықтан, ғылым саласы дамусыз қалды, өңдеу мен қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дәрежесі де, халықтық тұтыну да әлсін дамыды. Тұтыну өнімдерінің 60% шет елдерден әкелінді.
Бұл жылдары үлкен өнеркәсіптер мен энергетикалық комплекстер соғып жатқан индустриалді экспансия ведомстволары қарқынды түрде дамыды. Мұның бәрі экологияға және адам денсаулығына көп зардап тигізді. Арал теңізі маңында экология жағдай шиеленісті. Мақта шаруашылығына қажетті су қорының толассыз алуына байланысты, теңіздегі су мөлшері 15 метрге төмендеді, жағалау сызығы оңтүстіктен шығысқа қарай, 60-120 км кері шегінді. Жыл сайын теңіз түбіндегі тұз бен құмның 75 млн. тоннасы атмосфераға көтеріледі. 1970-1990 жж. Аралмаңындағы өлім саны, одақтағы орташа көрсеткіштен 4,3 есеге жоғары болды. Осындай ауыр жағдай Семей полигоны аймағында да байқалды. Түсті металлургия мен химия өндірістері жұмыс істейтін қалалар мен жұмысшы поселкілер тұрғындары да қиын экологиялық жағдайларда өмір сүруге тура келді.
Деформация мен әлеуметтік экономикалық саяси қателіктер ұлттық қатынастарда да көрініс тапты. Интернациянолизм ұғымының жалпы мағынасын өзге ұлттардың ерекшеліктері мен салт-дәстүрін, ұлттық психолгиясын мойындамау деп түсінді. Республика кадрлық, демографиялық, миграциялық және тіл саясатын шешуге, еңбек ресурстарын бөлуге қауқары жетпеді.
Топтық-администраторлық тоталитарлық жүйесі халықты тығырыққа тіреді, тығырықтан шығу жолы біреу ғана еді. Ол – революция. Дағдарыстық ахуал жоғарғы үкімет эшелонындағы жағдаймен қиындай түсті.
1985 жылы партия мен мемлекет басшысы болып М.С.Горбачев келді. Ол халық қалауынан бірден шықты, себебі Горбочев жас әрі 1985 жылдың сәуірінде барлық сала бойынша экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жедел дамуға арналған жаңа тапсырмаларды қойды. Алайда, түрлі себептердің кесірінен жоба іске аспады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы - қазіргі Қазақстан тарихының ең маңызды беттерінің бірі, мұрағаттағы жазбаларға сүйенсек, көтеріліске 60 мыңдай адам қатысқан, оның 8 мыңы ұсталып, 200-і сотталған, мың жарымнан астамы репрессияға ұшырап, кейбірі административті жазаланды. Ондаған қазақ жастары қыршын кетті.
Мәскеу бүлігі «қайта құрылудың» соңғы нүктесі болды. Соның нәтижесінде 1991 жылдың тамыз айында Б.Н.Ельцин орнынан босады. Сол кезде Қазақстан коммунистикалық партиялары босатылды. Қазақ халқы социализмнің соңғы күндерін басынан кешіріп жатты. Совет одағы құлдырауға жақындап, оның орнына болашақ Қазақстан Республикасының көптен күткен мемлекеттік дербестігімен, саяси тәуелсіздігімен алмасты.
Қазіргі Қазақстан тарихы
Таяудағы өткенді ұғыну барлық уақытта оңай мәселе болған жоқ. Өзіне, шын мәнінде ғасырға татитын, оқиғаларға толы 20 жылды сыйдырған, қысқа ғана уақыт мерзімі туралы сөз болса тіптен қиын. Өз өткенін құлшыныс биігінен бағалау көп халықтар мен бүгінгі күнгі ел басшыларына да берілмеген. Бұл сәтті бағалау тек кемеңгер иелерге ғана тән. Халык мүддесі үшін туған бақытты сәтті Мұстафа Кемаль Ататүрік, Франклин Делано Рузвельт, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Дэн Сяопин, Махатхир Мухаммад сезінді.Әлемдік және қазақстандық беделді қоғам өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті Тәуелсіздік пен архитектоника көсемдерінің қатарына жатқызады.
Қазақ елінің жаңа тарихының алғышарты Егемендік пен тәуелсіздік негіздерін құрудағы, тұрақты қоғам дамуы мен Қазақстан келешегі үшін басты бағыттары айқындалды, ел Президентінің маңызды әрі сан қырлы еңбегі мойындалып, жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушысы ретіндегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы бағасы қойылды..
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасу тарихына қазақ қоғамының қарқынды дамуы мен жүйелі жандану кезеңі деп есептеледі. 1991 жыл бастап – қызу жұмысжасалып,жаңа дамыған мемлекеттер дәрежесін ескеріп экономикалық, саяси және құқықтық жүйе құрылды, нарықтық қатынастар реттеліп, демократиялық институттар қалыптаса бастады. Осы қиын жылдар тұсында ең басты – халықтар арасындағы бірлік пен ауызбіршілікті жоғалтпады, қазақстандықтар демократиялық басымдыққа сүйене отырып жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
Жаңашыл Қазақстан тарихына нарықтық экономикаға негізделген тәуелсіз мемлекет құрылысы мен жаңа саясат жүйесінің құрылуы кіреді. Қысқа уакыт мерзімінде елімізде қоғамдык жүйесінің ауысуы, жаңа мемлекеттіліктің жандануы мен құрылуы , басқару турлері, жаңа алеуметтік құрылымның құрылуы, қоғамдык стратификация орын алып, құрылымдық экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Он бес жылдың ішінде 1990-жылдардың бірінші жартысы мен орта тұсында экономикалық дағдарыс және дағдарыстан шығуымыз орын алды. 2000-2006 ж.ж. қарқынды және тұрақты экономикалық даму басталды. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық қатынастар жуйесінің толыққанды субъекті ретінде және басқа да жаңа сапалы құбылыстары тарапынан мақұлдануы Қазақстан қоғамының бейнесін өзгертті. Бұл кезеңге, елімізді, коғамымызды және Қазақстан халқын, түпкілікті өзгерткен түбегейлі реформалар, қоғамдык өзгерістер кіреді.
Жаңашыл Қазақстан тарихы сапалы жаңа деңгейдегі мемлекет пен нақтылы егемендігімен және қоғамдық-саяси жүйесінің өзгеруімен басталады. Тәуелсіздік жолына түскен еліміз, Қазақстан халқы болашақтың құрылымын өз президентіне табыстады. Сол бір тарихи сәтте қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың ұлт, қоғам және мемлекет көшбасшысы ретіндегі дарынына күмән келтірмеді. Ал уақыт таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Жаңашыл Қазақстан тарихы сапалы жаңа деңгейдегі мемлекеттілікпен, нақтылы егемендігімен және қоғамдық-саяси жүйесінің өзгеруімен басталады.
Тәуелсіздік жолына түскен еліміз, Қазақстан халқы болашақтың құрылымын өз президентіне табыстады. Сол бір тарихи сәтте қазақстандыктар Н.Ә.Назарбаевтың ұлт, қоғам және мемлекет көшбасшысы ретіндегі дарынына күмән келтірмеді. Ал уакыт таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Халық алдында сөйлеген президентіміз Н.Ә.Назарбаев бугінгі қазақстандық қоғамды модернизациялау жане мемлекетімізді жаңа ел шарттары бойынша нығайтуға тауелсіздік стратегиялары негіз болды. "Қазақстан 2030 даму стратегиясы " әлемдік танымалдылыққа ие болды. Ол стратегияда "отыз жылдық жоспарға екі басты фактор негіз болды. Біріншіден, отыз жыл бір буынның белсенді өмірінің көрсеткіші. Екіншіден, мұнай қорларының және баламалы қуат көздерін енгізу ықтималдылығының бағасына сүйенсек, Қазақстанда тағы 30-40 жылға созылған келісімдері болды" делінген.
Қазақстан күтілген экономикалық күйреуден құтылып, мемлекеттің ішкі тобы көп этникалық ұлттардан құралса да, бірде бір азаматтық көтеріліс пен билікке қарсы жасалған көріністерге бой бермей, ешқандай қосымша қорсыз аяғынан тік тұрып, халықаралық қоғамдастықтың тең дәрежелі мүшесіне айналды. Бұл - Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы ең басты феномені.
Барлық уақытта қоғам қауіпсіздігінің негізгі кепілі - мемлекет пен оның халқы. Мемлекетіміздің шекаралык аймағын белгілеу, халқымыздың тыныштықта, береке-бірлікте өмір сүруінің негізгі себебі болып табылады, оны алғаш ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жасаған. Дәл осы тұстан бастап, Қазақстан Республикасының өзіндік тарихы жайлы сөз қозғай беруге мүмкіндік туды.
Тәуелсіздік тұстағы Қазақстанның мемлекет ретінде дамуының негізгі тарихи моделі советтік кезеңнен кейінгі уақыттан табысты шығудың басты себептері мен факторларын анықтап, Қазақстанның тұрмыстық магистральға шығуы мен мәдени идеологиялық және саяси дербестікке қол жеткізуінде деп топшыланады. Осы тұста соңғы он жылдың ішіндегі Қазақстанның саяси тарихының басты анықтаушы факторлары мыналар болды:
- Мемлекеттің унитарлы бейнесі бірлік пен саяси дамудың негізгі кепілі.
- Ұлттық шаруашылық бірлестіктерді экономикалық, әлеуметтік жаңарту.
- Әлеуметтік-саяси маңызды Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ халқына жолдауы саяси реформаларды кезең-кезеңмен орындауды көрсеткені арқылы экономикалық дамуға қолайлы жағдай тудырды;
- Жаңа этникалық бірлестік күйіндегі емес, азаматтық тұрғыдан өзін-өзі білей алатын әр ұлттың өкілдерінен тұратын жаңа қазақ социумын құру;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішкі және сыртқы шақыртуларына шын көңілмен және дер кезінде атсалысу;
- Қазақстан жаңа геосаяси реалидің субъектісіне және халықаралық алаңның белді мүшілерінің біріне айналуы.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму тарихы қазіргі таңда отандық және шетелдік ғалымдармен қарқынды зерттелуде. Жаңа мемлекеттің құрылуындағы қиындықтар, президент институтын жаңалап тұру мен жүйеге енгізуі, өкімет билігінің бөлінуін дамыту, қоғамды демократияландыру, партия құрылымы мен демократиялық институттарды дамыту, жаңа құқықтық мемлекет пен соттық жүйені қалыптастыру жөнінде біршама жұмыстар бар. Ұлттық сәйкестік проблемалары мен мемлекеттің қалыптасу жолындағы ұлтаралық қатыныстарды нығайтуды жүйелеу жөніндегі мәселелер талқылануда.
Саттар Мәжітов
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Комментариев нет:
Отправить комментарий