АҚТАН БАБИҰЛЫ
Б.Ақтан ақындықпен жастай араласты. Жас
ақын көңіл тербеткен алғашқы өлеңдерін шығарып, ауыл арасындағы жеңіл
айтыстарға түседі. Елден естіген ақын-жыраулардың шығармалары мен ауыз
әдебиетінің туындыларын жаттап, өз өлеңдерімен қоса айтып жүреді. Төселе
келе ақынның /1916 ж./ бастап алғашқы әсерлі өлең, айтыстары туып,
жұртқа тарап, ел «Ақын» атай бастайды. Ақынның осы кезде туған «Кедей
күй», «Билерге», «Тұқан биге», «Төре Сағидолдаға», «Ордабайға», «Халел
мен Мәлік молдаға», «Әттең, шіркін қазағым», «Қарау байға» т.б өлеңдері
жауы жағасынан, бөрісі етегінен алып, әбден әлсіреген халықтың мұңын
жоқтап, мүддесін қорғауға арналды. Ақын лирикасының екінші үлкен
тақырыбы-еңбек. Оның бұл салада 40-60 жылдары жазған өлеңдері еңбекке
ұйымдастыру, үйрету сыпатында болды. Мәселен /1948-1949 ж.ж/ оның
халықты еңбекке, білімге шақырған өлеңдері «Өркендеу» газетінің әр
санынан дерлік кездесетін-ді. Ал 1960
жылдардан кейінгі өлің толғаулары халықтың сол ұйымшыл еңбегімен
жасалған халық шаруашылығы мен мәдениетінің жетістіктеріне, ауылымыздағы
өзгерістерге арналды. Ақын өзінің ерен еңбегімен жаңа қоғам құрып
жатқан адамдарымыздың қажырлы қимылын дәріптеді. Осы тектес «Өлгий»,
«Жаңа өмір», «Малшыларға», «Театрға қуаныш», «Сенен биік», «Мен де тілші
болғанмын», «Алдыңғы толқын ағадан» қатарлы көп өлеңі ауылымыздың
экономикасы мен мәденитіндегі социалистік өзгерістерді бейнелеуге
арналған. Ақын бұл тақырыпқа «Жақсы малшы мен жалқау малшының айтысы»,
«Аймақтың 20 жылдығына», «Тойға тарту» атты толғау, дастандарын да
арнады. Табиғат лирикалары да ақынның көп жырлаған тақырыптарының бірі.
«Қобда өзен», «Бесбогданың қойнауы», «Қобда өзені», «Туған өлке», «Бөкен
тау», «Бес богданың тұлғасы» т.б өлеңдерінде де жеріміздің қойны толған
байлығын, оны иегер, жер келбетін өзгертіп жатқан адамдарымыздың ерен
еңбегімен байланыстыра суреттейді. Ал «Көп әйел алушыға», «Хошуун
дарғыға», «Қапышқа», «Түркістанға», «Еріншектерге», «Алдамшы»,
«Көрікбайға», «Бармақ басты, көз қысты», «Бір досқа», «Торсықпайдың
толғауы» атты өлеңдерінде қоғам дамысына қырсығы тиетін адамдардың
мінез-құлқындағы келеңсіз жайлар, мешеулік, мәдениетсіздік, керітартпа,
тоғышарлық, жалқаулық, салақтық, т.б қатал сыналады. Б.Ақтан
творчествосының кесек саласының бірі оның поэмалары. Ол «Бүркіт» /1959
ж./, «Досымбек-Балқия» /1964 ж./, «Өмір жолы» /1972 ж./ аяқталмаған
поэмаларында Моңғолия қазақтарының революция қарсаңындағы әлеуметтік
тұрмысын терең ашып көрсетеді. «Бүркіт» поэмасы ақын поэзиясының шоқтығы
болып табылады. Б.Ақтан Моңғолия қазақтарының алғашқы драматург
жазушысы. Оның тұңғыш драмасы «Ермалаймен» /1940 ж./ ұлттық клубтың
/1956 ж. Музыкалы драма театр/ алғашқы пердесі ашылды. Мұнан басқа автор
қаламынан «Қалқаман мамыр», «Жас өрен», «Жамал», «Қалың мал», «Ақайша»
сияқты драмалық шығармалар туды. Зор талант иесі Б.Ақтан шығармалары
қазақ орыс тілінде басылып әлденеше жинақтарға еңгізіліп баспасөз
беттерінен түспей келді. Оның көптеген өлеңдері словак тілінде жарық
көрді. Якут оқырмандары Б.Ақтан өлеңдерін ана тілінде оқиды.
«Шығармалары» және «Таңдамалылары» моңғол тіліне аударылды. Сондай-ақ,
орыс, чехия, қытай, вьетнам, буриад, якут, алтай, туба тілдеріне
аударылд.
Комментариев нет:
Отправить комментарий