пятница, 10 мая 2013 г.

45 жылға жуық қытай түрмесінде ғұмырын өткізген қазақ жазушысы

45 жылға жуық қытай түрмесінде ғұмырын өткізген қазақ жазушысы 
Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған. 1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыптаумен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып, абақтыға түскен. 1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен бас бостандығынан айрылып сотталған 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда болған.

1980 жылы жазасын өтеп әрі ақталып бостандыққа шығады.

1986 жылдың желтоқсан айының отызы күні тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады» шетел жансызы деген айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылып жазаланады.
Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы 2009 жылы Қазақстанда басылып шықты.
Жаза мерзімін Үрімжі қаласының № 1 түрмесінде өткізеді.

Қытай үкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Қиын күндерде де қаламын қолынан тастамаған Қажекең Үрімжідегі тас түрмеде отырғанында «Қылмыс» романын жазады. Есесін ешкімге жібермеген ер мінезді жазушының 7 жасынан басталған баянсыз өмірінің барлық ақиқаты мен азабы, қуанышы мен қайғысы «Қылымста» толығымен баяндалады. Сіз шығарманы оқи отырып шырлдаған шындықтың сиясына ақиқатты ақтарған кінәсіз қаламның матырылып жазылғанын айдан анық көре аласыз… онда жазушы тек өз өмір баянын айтумен шектелмейді, 20-шы ғасырдағы қазақтың алқакөл сұламасын анық көресетеді, идея жағынан кеңестік дәуірмен Қытай еліндегі саяси қуғын-сүргін кезеңдерінің жан түршігерлік қылмысын ашып айтады. Аталған замандағы қызыл қырғыннан қазақ халқының басына түскен нәубетті әшкерелейді. Бұл жерде тағы бір айтып кететін маңызды жайт, өзі түрмеде отырса да, жүрегі бостандықта жүрген кемеңгер қаж-ағаның қара сөзден тұратын романдар циклін тілдей қағаздарға ұсақтап жазып, біртіндеп сыртқа шығаруы недеген ерлік десеңізші! Бұндай ерлік тек қазақ үшін бар қайратын сарқа жұмсаған, қазақ елінің болашағына берік сенім, зор үміт артқан, қазақ үшін атқа мінген Қажығұмардай азаматтардың ғана қолынан келеді… және осыдан біз ол кіснің еңбекқорлығын, әдебиетке деген құштарлығын бірден байқай аламыз.

Қазақ әдебиетінң дамуына үлкен үлес қосқан ақынның қазақстанда бірінші рет жарияланған алғашқы кітабы 2004 жылы «Пана» романы, бұлда тұрмеде туындаған шығарма еді, Шыңжаңдағы ұлт-азаттық күресінің қаһарманы Зуқа батыр жайлы жазылған. Одан кейін «Қылмыс» (1 том, 2005 ж.) «Атажұрт» баспасынан шыққан болатын, бұл романдарды Дүниежүзі қазақтырның қауымдастығы Алматыда басып шығарды. Ал 2009 жылы «Қылмыс» романың толық нұсқасы алты кітап болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді. Мұндай ірі шығарманың жарыққа шығуы Қазақ әдебиетіндегі үлкен құбылыс болып саналады және оны елеусіз қалдыруға болмайды. Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет дүниеге келген алты томдық бұл романның кіндігі түрмеде кесілген.

Күш-қуаттың ақиқаты- әділет даналығы,

Ақыл-өнердің ақиқаты-әділет даналығы,

Есті елдің ақиқаты-әділет даналығы,-демекеші әділдігімен арқашанда айтқанынан қайтпаған Қ.Шабданұлы кіндік қаны тамған киелі туған жеріне орала алмай өкініште кетті, туған жердің бір шөкім топырағы бұйырмай, ақыры Қытайдағы Шәуешек қаласының бір зиратына жерленді. Ол кісінің ата-мекенге оралу арманы асқақ болсада, алаш жұрты ешбір амал жасай алған жоқ. Түрлі саяси себеп-сылтаулармен Қытай өкіметі Қажығұмар ақсақалды еліне қайтаруға заң жүзінде қатал тыйым салды. Бірақ бүгінде елге өзі жетпесе де сөзі бұрын жеткен дана жазушының дүниеде теңдесі жоқ ерлігі-шығармаларын темір тордың ар жағында жүріп жазғаны. Бұл қазақ халқының тарихындағы алаш орда құрылған кездегі ұлты үшін өзін құрбан еткен А.Байтұрсынов, М.Дулат, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров т.б сияқты қаламды қару еткен қайртакерлердің ерлігімен, бірдей, бірегей екенін көрсетіп тұрған жоқ па?

Қазақ елінің асқақ мұраттар жолында бойындағы терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап Шыңжаңдағы жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің негізін қалаған класиик жазушы тағдырының тым ауыр болғанына қарамастан ұлт мұддесін бірінші орынған қойған еді. Өзі зынданда жатып, жарық дүниеге аман шығар-шықпасы екіталай болсада, еліне, жеріне сенім артып, алдына қойған ұлы мақсаттан айнымай, болашақ ұрпаққа арнап кітап жазды. Осыдан асқан ерлік бар ма сірә?

Осылардың бәрін түйе келсек сөз тоқтауы, өзінен бұрын ұрпақ келешегін ұлы мұратпен биікке қойып, аталмыш тағдырдың талкегін яғни қытай империясының қазақ халқына көрсеткен қорқыншқа толы қорлығын автор бас кейіпкер биғабылдың басынан кешкендері арқылы бүгінгі қазақ жастарына жақсы жеткізді. Қ.Шабданұлының шынайы да шымыр жазылған әдеби, тарихи мұрасын ой өлшемімен тарзылайтын болсақ, оның бір басын ақындығы, ақиқатшылдығы, әдеби шешендігі және қайраткерлігі, ал екінші басын қазақ әдебиетіне, қазақ тарихына қосқан үлесі тең басып тұрады. Қажекеңнің есімін айшықтай түсу үшін ол кісінің еңбегін қазақстандағы барлық қазақ түсініп-білуі керек. Қажекеңді әлі танымай келеміз. Үйткені барша еңбектері қазақ даласына таралып жетіп болған жоқ. Кітапханаларда бұл кісінің кітабін өте аз кездестіреміз. Ал, ҚР ұлттық академиялық кітапхананың көркем-әдебиет бөлімінде бұл кітаптың көлеңкесі де көрінбейді. Аты таудай болған кітапхананың абақтыда жазылып жалпы қазақ тағдырының аянышты, ащы ахуалы суреттеген кітапты бүгінгі қазақ оқырмандарына ұсына алмауына не себеп болды? Жоқ әлде қаражаттың тапшы болғаны ма? Бұл зор-мін, қазіргі заманның міні, жалпы қазақ халқыны міні…

2011 жылы ақпанның 15-і Қытайда қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының өмірден өткені туралы суыт хабар жетті.

Комментариев нет: