понедельник, 20 мая 2013 г.

Қара Әбдіуақап



Қара Әбдіуақап  1961 жылы 19 қарашада Түркияның Стамбүл қаласында. туған. 1982 жылы Боғазичи университетінің Электроника бөлімін бітірді. Еңбек жолын Стамбұл қаласындағы Ататүрк әуежайында электроника департаментінде техник маман болудан бастады. 1986 жылы Стамбүл университетінің тарих факультетін бітіреді. 1986-1988 жылдары Стамбүлда «Қазақ түркілері қорында» басқару алқасы мүшелігіне сайланады. 1987-1988 жылдары Стамбүлдағы Осман Мемлекеті мүрағатында жүмыс істейді. 1988-1995 жылдары Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосының қазақ редакциясында жүмыс істеді. 1994 жылдары Мюнхен қаласында «Европа Қазақтары» деген атпен кітапша шығарған. 1995 жылы Германиядан Түркияға қайтып, Мимар Синан университетіне оқытушы жәж ғылыми қызметкер ретінде жүмысқа кірді. 1997 жылы осы университетте «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» атты магистрлік, 2002 жылы «Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы жылдың қараша айында докторлық диссертациясы «Түркістан жалыны. Мүстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» деген атпен Стамбұлда жарық көрді. 2004 жылы бүл кітап қазақшаға аударылып, «Мұстафа Шоқай. Өмірі, күресі, шығармашылығы» деген атпен Алматыда «Арыс» баспасынан жарық көрді.

Комментариев нет: