Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы
ХІХ
ғасырдың аяғы – ХХ ға- сырдың басында Манжурия үкіметінің қол астында болып
келген моңғолдың да билік жүргізу құқығы болмағанын ескеру керек. ХVІІІ ғасырдың
ортасынан бері Алтай өлкесін мекен еткен керей, найман да негізінен қытай
заңына бағынып келгенмен, олардың өз ішінде белгілі құқықтық жүйенің
жойылмағандығы көп нәрсені аңғартады:
біріншіден – Шыңжан
өлкесінде бірнеше ұлттың өкілі тұратындықтан, Ман- журия үкіметінің оларға
қандай да бір руаралық заң жүргізуіне негіз болмады, өйткені, қытайда өз
ішіндегі ру-тайпаларының ісіне араласпайтыны тағы бар;
екіншіден – 1850-1965
жылдары Қытайда Тайпиндер көтерілісі бол-ды да, осыны ұтымды пайдаланған
Шыңжандағы мұсылман халқы Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып
алып, өз әкім- шілік құқығын жүргізуге мүдделі болды;
үшіншіден – қазақ халқы
ислам дінін ұстанады, ал моңғол ішінде сталиндік саясатқа дейін дінге
қысымшылық деген болмаған, сондықтан барлық үкім-жар- ғылыр шариғат негізімен
жүргізіліп отырды;
Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы
С.Мұқанов “Тянь-Шаньның теріскей жақ бетіндегі халықтардың басым көпшілігі
қазақтар. Олардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен [25]-деп жазған болса, ғалым С.Толыбековтың
еңбе-гінде: “Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1742 жылы Ресей билігіне қарауға
наразы болып, өз қарамағындағы елдің біразын алып, Шығыс Түркістанға көшкен [26] - делінген. Бұл орайда қазақтың
Моңғолияға қоныстану тарихы Қытайдағы қа-зақтың тарихының жалғасы деуге болады.
Керейдің батыры Жәнібектің де отаршылдық саясатқа
наразы бо- лып, өз қарамағындағы халықты ертіп Шығыс Түркістанға көшкен- дігі
жайында Ә.Тортаева [27] тың дерек келтіреді. Мұны ғалым И.Қа-
бышұлы да жоққа шығармайды: “Ақтабан шұбырындыдан” кейін Ал- тайға ең алдымен
абақ керей, сонан кейін ашамайлы керей, артынан найман келді” [28].
Орыс саяхатшысы Г.Е.Грумм-Гржимайло қазақтың Қобда
бетіне көшу себебін жер мәселесімен байланыстырады. Өйткені 1850-1965 жылдары
Қытайда атақты Тайпиндер көтерілісі болып, ол бүкіл Ганьсу, Шэньси
провинциялары мен Шығыс Түркістанды қамтыды. Шыңжандағы мұсылман
көтерілісшілері Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алды [32].
Ал Цинь империясы мен Ресейдің саясатында Шығыс Түркістан
жері мен оны мекендеген қазақ рулары туралы мәселе көптеген жыл- дарға дейін
созылған келісім-шарттардың нәтижесінде шешіліп, қа- зақ тайпалары, соның
ішінде керейдің көп бөлігі Батыс Қытай өлке- сінде қалды [33].
Өйткені, Абақ керейдің 1864-1881 жылға дейін қай
мемлекетке қа- рауы туралы мәселе 1881 жылы Петербор қаласында Ресей-Қытай ке-
лісімі кезінде шешілді. Шығыс Түркістан Маньчжурия үкіметіне қарайтын болды.
1. Алтай өлкесі ұлан-байтақ болғанымен,
мал шаруашылығы үшін қолайсыз еді. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың басынан Алтай
жерінде басталған егіншіліктің тез дамуы мал жайылымының азаюына әкеп соқты.
Осы жағдайлар ХІХ ғасырдың ортасында
жергілікті халық пен көшіп-қонып жүрген қазақ арасындағы жер мәселесін
ушықтырды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, оларға
жайылым жер керек болды. Бұл жағдайлардың барлығы қазақ руларының біраз
бөлігінің Алтайдан Қобдаға қоныс аударуына әкеп соқты.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қытай
елінің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Қытайдың аз ұлттарға қарсы жүргізген
кер-тартпа саясатының салдарынан жер-жерде ұлт-азаттық қозғалыстар өріс алды.
Қазақтың Қобда бетіне қоныстануының тағы бір себебі осы болатын.
3. Қазақ рулары жергілікті Маньчжурия
өкіметіне тікелей салық салудан бас тартты. Өйткені, мұсылман діні бойынша
бұрыннан қа- лыптасқан салық түрі (зекет, ұшыр) рудың өзіне тән еді.
1930ж-1940ж.
аралығында Шығыс Түркістанда қазақтар Қытай үкіметіне қарсы бірнеше көтерілістерге
қатысып, 1944ж-1949ж. Іле көтерілісінде негізгі рөлді атқарды. Қазақтар әрқашанда
Синьцзяньның саяси өмірінде ерекше орынды алатын, себебі Шығыс Түркістандағы
барлық көшпенді халықтардың ішінде қазақтардың саны көп болатын, сондықтан да
оларға тиісу қауіпті болды.
«Сһаіпа НапсІЬоок» статистикалық жинақта
, 1937ж-1944ж. арасындағы Қытай
халқының саны жөнінде былай жазылған, Синьцзяньда 4,360,020 адам тұрады, соның
930,000 адамы қазақтар
болды. Ал, 1953ж-1954ж. Бүкіл
Қытайлық санақ жүргізу
мағлұматтарында Синьцзяньда 509,000
қазақ болғаны анықталды.Сараптай келе,
10 жыл ішінде қазақ халқы 421,000 адамнан айырылды. Бұл
қазақ халқына деген этноцидтің
болуының жалғасын білдіреді, бірақта енді Қытай аумағында.
Хандығы
жоқ халықтың Қытайға қарсы көтерілісі жеңілумен аяқталу салдарынан, 1936ж. 18 мың қазақтардың Барколден Цинхайға миграциясы
басталды. 1 мыңға жуық отбасы Баркөлде қалып, Алтайға қайта оралды. 1938ж. 500
қазақ отбасы Моңғолияға кетті және 5 мың қазақ Тибеттен өтіп, Үндістанда
қоныстануды шешті.
1940ж. қыркүйегінде 5 мың
қазақ Тибетке жетіп, бір жылдан астам уақыт Тибет руларымен соғысты. Тибетте
суықтан, аштықтан, қарлы аурудан жөне мейірімсіз тибеттердің оқтарынан 2 мыңға
жуық қазақ көз жұмды. Қалған 1000 отбасы немесе 3039 адам 1941жылдың
қыркүйегінде Үндістанның шекарасында орналасқан Демчок деген жерге келіп жетті.
Комментариев нет:
Отправить комментарий