понедельник, 6 мая 2013 г.

Моңғолия Қазақтарының қоныстануы

Моңғолия Қазақтарының қоныстануы

Моңғолия қазақтарын 1860 жылдан бастап Сәменнің үрпағы Қожамжар (Өжеке төре атанған) Қобда бетіне асып келіп билегенімен, билігі азулы Ақтайүлы Жылқышыдан аспай бірте-бірте биліктен қалыл'қойған. Абақ-Керейлер терелі, терт орынды болғаннан соңғы 1780-1850 жылдар аралығы атасынан көрмеген "қой устіне боз торғай жұмырқалаған", мал мен басы тең ескен, куғын-сүргін ала-жүла қашпадан аулақ, өз ішінің жесір; жер дауы, айтыс-тартысы болмаса алласына сиынып дәурен сүрген заман еді. Алайда басы қосылып, елі етек жыйған Абақ-Керейге көз алартқандар болмай қойған жоқ. Қытай, Шығыс Түркістан басқыншыларының шеңгелінен шыға алмады. Оның үстіне 1850 жылдан басталған Тайпиндер көтерілісі мен Дүңген қозғалысы Алтай өлкесіндегі қазақтардан мол салық салған тонаушылығынан құтылуға мәжбүр болды. Оның үстіне Абақ-Керейлерді ары қарай ішке кіргізбей Алтай тауларының шың, құз, сары жон, қарлы жоталарына ықсыра түсті. Осындай қыспақ көрген Жәнтекей, Шеруші, Жәдік, Молқының бір-аз ауылдары Алтай тауының теріскей беті Қобда өлкесіне 1845-жылдан бастап мал отарлатып келіп-кетіп, жайлап, кейде қыстал қалып жүріп ауылына қоныс, малына өріс тауып мекендене бастады. Мұндай ауылдар Манжурия өкіметінің екінші қыспағы-малға, жерге салынатын әр түрлі бажы және әрбір аналық малдың ішіндегі төліне дейін салынатьн ауыр салықтан да қашып еді. Сондәй ауылдардың бірі, қоныс көштің басы болған Қошақ Молқы руының ағайынды Көдет Шөде деген адамдары еді. Бүл екі
кісі 1840 жылдың басында Шыңжаң өлкесі Алтай аймағынын "Шіңгіл"-дің басын жайлап жүріп қазіргі Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмын жері "Шегіртайға" келіп қоныстанған. Шөде мал дәулетті адам екен де, Көде балалы шағалы кедөй екен. Ол кісі жергілікті МОҢРОЛДЫҢ "өлд" сүйекті Балжин деген байға жалданады. Ал ағасы Шегіртайда қыстап-жайлап малданып алады. Алтай тауының жондары қыста асу бермей бекіп қалады да ел арасын бөліп тастайды да күн жылынғанда, жазда ғана ашылатын. Қобда бетіне асып келгендер Алтайда қалған кейінгі елге хат жазып хабарласқанда:
Көрген жерде Көде бар, Шегіртайда Шөде бар, Жер жаннаты мүнда екен,
Барсаң сәлем айта бар. -деп кейінгі қалған туыстарына хабар беріп өздеріне тартқанын көне көз қариялар бертінге дейін айтып келді. Бүдан кейін бүл жақтан Жәнтекей, Молқы ауылдары жыл сайын көптеп асып келіп сол өлкенің моңғолдары, үранхай, өлділерімен бірге қоныстана бастағаны тарихтан мәлім. Ал енді Шыңжаңның Алтай аймағы жағын мекендеген Абақ-Керейдің Шеруші, Жәдік атаң ауылдары да 1850 жылдан Дайын өлкесі жағынан "Емшек", "Сұмды-айрық" асуымен Қобда бетіне, "Дайын", "Сырғалы"-ға алдымен мал отарлатып келіп-кетіп, жер сырын үғып, жазы салқын, қысы жұмсақ болатынын білген соң қоныс аудара бастаған. Ең әуелі 1850 жылдың басында Шеруші Ақтай, Жәдік Кенен, соңынан 1850 жылдың ортасында Жәдік Қүлыбай бастаған ауылдар алдымен Дайын өлкесін, содан бірте-бірте моңғол ауылдардың иен жатқан немесе кең алқапты жерлеріне мал отарлата жүріл, Сагсай, Улаанхус, Ойғыр жағын мекендене бастайды. Жаңа қонысқа біртіндеп өздері де малдары да үйір болып, жерсініп, моңғол ауылдарымен тамыр-таныс болып араласып-қүраласады. Шегіртай жақтан асып келген Шеруші, Жәнтекей, Молқы ауылдары, моңролдармен бірден жарастық тауып кете алмады. Ауылдар арасында жер қору, айтыс-тартыс, мал қуысу жиі кездесіп түрса да өзара шайға шақырысып келісіп түрды. Дайын жақтан асып келген Жәдік, Уақ, Шеруші ішіндегі
Төлек, Саңырау, Құрман ауылдары қозғалмай отырықты болып ішке қарай ене берсе, Саңырау, Пушықсары, Байбол, Бақат, Ақтай, Бозтай ауылдарыңың бас көтерер мықтылары Алтай мен Қобда бетін алма-кезек қыстап, жайлап қалып жүрген. Алтайдың қысы жұмсақ болса сонда қыстап қалатын да, жайлаулары Алтай асуының шекарасы еді. Ал жылқылары ұнемі Қобда ішін отарлап қалатыны туралы аңыз әңгіме,
жыр көп. Асып келген қазақтар рсылай жүріп 1862-жылы Шеруші үкірдай биі Ақтай Көбегенұлы қайтыс болды да оның орнына үлкен ұлы Жылқышы мұрагерлік жолмен Шерушінің биі болды. Ақтайдың билеген елінің көбісі Қобда бетінде еді. Орнына отырған баласы Жылқышы, досы Базарқұл Көбеш батырлар 1863-1864 жылдан Алтайда қалған Шеруші атаң балаларын, оларға ерген басқа рулардың ауылдарын ертіп, өзі бастап Қобда бетіне бір жолата асып келіп билік кұрды. Алтай бетін мекендеп тұрған Абақ-Керейлер оларға ерген азғана Уақ, Найман қазақтарының Қобда бетіне келуі мұнымен аяқталған жоқ. Жыл сайын жалғаса берді. 1867-жылғы кейбір мәліметке қарағанда Қобда бетінде бір үкірдай, төрт зәңгі ел болғаны айтылады. Бұл шамамен 10 мыңға жуық адам деген сөз. Қобда бетіне асып келген қазақтар Моңғолдың әкімшілік жүйесіне бірден еніп бағынышты болған жоқ. Бұл өлке Манжурияның Цин өкіметіне бағынатын-ды. Орталығы Қобда қаласы, Еженханға (эзэн хан) бағынышты Ұранхайдың 7 амбэл хошууны өмір сүретін-ді. Моңғолдың Ходхойтына жататын ұранхайлардың, қазақ ауылдары көшіп келіп қоныстанған жылдардағы жер мөлшерін сол кездегі атаумен атасақ. 1. Дүйнхорын хошуун - Қобда аймағының қазіргі Мөнх- Хайрхан, Ховд сұмыны, Баян-Өлгийдің Бұлғын, Хужиртжерін мекендейтін ұранхайлар қарайтын-ды. 2. Ұранхайдың Саруул гүн хошууны - Дэлүүн, Тұлба сұмын жерін қамтыған елді мекен. 3. Да Зүтгэлт бэйс хошуун - Баян-нуур, Алтанцөгц, Бұғыт сұмын жерінің жартысы. 4. Гүн Нацагдорж хошууны - Алтай, Бұғыт, Сагсай сұмынының жерін мекендейтін ұранхайлар. 5. Эетей гүн Төрбатын хошууны - Ақ тулы ақ Сояндар хошууны - қазіргі Цэнгэлдің 2-бағы, Ойғырдың басы, Бес Боғданың етегінде өмір сүретіндер. 6. Дархан бэйс Жамьянжавын хошууны - Бұлар көк тулы Моншог үранхайлары, Қобда іші, Сырғалы, Ақкол, Улаанхус, Цэнгэл түбін мекендейтін-ді. 7. Гүн Цэнджавын хошууны - Қара тулы қара Сояндар. Мүзды таудың етегі, Харангаты, Аршалы, Ұзын аша, Аққорым, Дайынды мекендейтін елдерді басқаратын-ды.
Ұранхай хошуундарын захирагч (әкім) түшмэл, мэйрэн, зәңгі, залан деген көмекші, орындаушы лауазым иелері басқаратын әкімшілік жүйесі болса да олар бір жерде отырып емес әр сай-сала тауда отырып-ақ анда-санда бас қосып билейтін еді. Негізгі істері ел ішінің дау шары, сондай-ақ, көбінесе Манж өкіметі мен Қобда амбысына төлейтін салықты жинаумен шүғылданатын-ды. Хошууннан төмен 50-ден 100 үй немесе жер ыңғайына қарай топтасқан 3-4 атадан қосылатын жамағайыннан түратын ауылдарды билейтін Тәйжі, Зәңгі елі болды. Бір хошуунда 5-тен 10-ға дейін зәңгі елі болған. Бұлар хошуунға тікелёй бағанышты еді. Ұранхай хошуундардың орталығы Қобда аймағының орталығы болды. Онда Манжурия өкіметі мен Моңғолдың Боғда хан жам (Яам)-ынына тікелей бағынатын-ды. Олардың айтқанын тікелей орындайтын еді. Хошуун орталығы дейтін нақты орын болмайтын, Хошуун әкімі қайда көшіп-қонып жайлап, қыстаса сонда бола беретінді. Істі үйде отырып-ақ шешетін.
Ұранхайдың жоғарыдағы хошуундарын табындырып бағындыратын өз-өзінің Хүрээ тамдары, пұтханасы болды. Алтанцөгцінің қазіргі Олоннуурында, Түлбаның - Дөре көлінде, Өлгийдің Сары көлінде, Бүғытының Бүғы аралының аяқ жағында хүрээлер болды. (Бүл Хүрээні билеген Да лама Чүлтэм 1928-жылы Сарсүмбеге қашып кеткен.) Сагсайдың Зостысында, Цэнгэлдің Көкбастауында Бәде төре бастаған ламалар отыратын 50-60 үйден аспайтын, Хүрээ "жасының" малын бағатын малайлары, лама оқуын оқитын "кешіл" (хувирага) балалар ғана болатын-ды. Лама оқуна келген балалар бүтханына, ламасына мәңгі бас иіп, шалбар кимей жалаңбүт келіп оқуын оқып, өлгенінше үйленбей, әйел затына жоламай "кешіл" болып, сол бұтханада бурханына табынып өтетін еді. Ұранхай хошуундардың қайсысында да өңціріс, шаруашылық, мәдени ошақтары болған емес. Егін екпейтін, тек қана бес түлік малын бағып-қағып өсіре беретін де, қай жер шөпті, отын-сулы, соған кө.шіп барып малын бағатын қазақтар секілді көшпелі халық еді. Осындай елге "кірме" болып келген қазақтарды ұранхай билеушілері, халқы "ары кет, ойбай" деудің орнына үйіне келген қазақты мейман-достық ретінде қарсы алып, қос қолын ұсынып, аман-саулығын білісіп, жеріне отырғызып, найы мен насыбайын ұсынып, алдына қаймақ пен шүйірмегін тосқан еді. Сол дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Бұл жерде қазақтар моңғолдар ішіне әбден сіңіп кетті деген ұғым тумайды. әлі де Манжурия- Қытай әкімшілігі мен Абақ-Керейдің Алтайдағы билеушілерінің шеңгелінен құтыла алмаған-ды. Бұған дәлел тарихшы А.Сарайдың "Революциядан бұрыңғы қазақ халқы" деген кітабында: "Моңғолдың Қытай әкімшілігі 1882-1883 жылдары Қобда
қазақтарының Алтайға қайта көшуін талап етті. Егер Алтайға қайта көшпесе Шеруші мен Жәнтекейден көп мал беруге бұйрық етті. Қазақтар бұған жаппай наразылық білдіргеннен
кейін Манжурия-Қытай әкімшілігі шегінісжасап, қазақтардан көптеген малалы пісті бітірді дегені рас еді. Бұл мәселені анағырақ айтар болсақ, сол жылдары Қытайдың Цин өкіметі мен Алтайдағы Абақ-Керей өкілдері Дайынның Қу үйіне көп әскермен келіп мынандай талап қояды: "Алтайға қайта көшесіңдер! Көшпесеңдер Шеруші биі Жылқышы, Жәнтекей биі Асылбек (Көбеш батыр қартайып баласы Асылбек билік жүргізетін) екеуіңнің бастарыңды әкетеміз. әйтпесе, Шеруші үкірдайы сен 10 куннің ішінде 10 мың ақ қой, Жәнтекей биі сен мың ақ жылқы жинап бересің" -дейді. Шеруші биі 7 күннің ішінде 10 мың ақ қой жинап береді де Асылбек: "Мың » ақжылқы жоқ, алсаң басым мінеі" деп басын алғызған екен. Асылбектің бейіті Қу үйде. Басын Сарсүмбеге алып кетіп,
соңынан алып келіп бейітінің үстіне қойған тарих бар. Моңғолияға келген қазақтар уақытша болса да Цин өкіметінің Ішеңгелінен осылай құтылған. Қазаққа керегі моңғолдар
іемес, жері еді. Ұранхайлар жайылып.келген малды ары қарай қумады, тоздырғысы келмеді. Жерін қорымады. Буддаға сиынған олар мал төркінін қорлағысы келмеді. Сол үшін, "қудайдың жері, одан малын қуып қайтеміз, жайыла берсіні" -деді. Мұны пайдаланған қазақтар бірте-бірте, "қазақ сығаламайды, сығаласа кіріп кетедГ деген сарт мақалының шындығын дәлелдеді. Оның үстіне моңғолдар мал дәулетті еді де қазақтардың көбісі кедей болды. Кедей қазақтар бай моңғолдарға жалданып малын бағысты, отын жағысты. Жалггы моңғолдар басқа тапшы, бала-шағасы аз ел еді. Қазақтың балалы кедейлері олардың қозы-лақ, бүзауын бағуға жарайтын еді. Сол үшін де моңғолдың мал-дәулетгілері балалы, қол ғанаты бар қазақ кедейлерін қасына көшіріп алып сауын мал беріп, жалақысына тоқты, серкеш беріп малын баққызғаны қазақтың моңғол ішіне сіңіп кетуінің бір себебі болды. Моңғолдың байларына жапданбаған қазақ аз да, ал, қазаққа жалданған моңғол адам естімеппін. Аймағымыздың көрнекті қоғам қайраткерлерінің көбісі-ақ моңғолға жалданып тіл ұғып, хат танып санасын оятқандар еді десем артық болмас. Б.Қаби, М.Қашқынбай, Д.Жеңісхан, Ш.Қабдыл, О.Мақабылдар жалшылықта жүріп өмір көргендер еді. . Қазақтың билеушілері Моңғолдың және осы елдегі Манжурия алпауыттарының аузын алу, көңілінен шығу үшін аздап болса да пәре беріп, оларға еріп Бийск, Семей, Қатон-Қарағай жәрменкелеріне мал, шикізат тауарларын өткізетінді оларға адам күші, тілмаштық жасауына көмектесіп түруы қоныстауына көп септігін тигізген. Бірақ әрбір ауылдар арасында "ары кет-бері кет" деген жер дауы, ұрлық-қорлық болмай қойған жоқ. Оны тамыр-таныстықтың арқасында моңғол-қазақ билері өзара келісіп шешіп отырған. Оның үстіне моңғолдар да, қазақтар да Манжының бодамы, оған бағынышты болғандықтан халықтың күнделікті тұтынатын ун, шай, пүл, тағы басқа тауарларды Ресей мен Қытай саудагерлерінің жәрменкесінен алып, тірі малдарын, аң терілері, түрлі жүн секілді өнімдерін айырбастап бірге өткізетіндері біріне-бірін байланыстыра түскен. Осылай Қобда бетіне қоныстанып Моңғол ішіне сіңісе бастаған қазақтар саны жыл санап молайып өз ішінен ру-руға жіктеліп жер иелене бастайды. 1885 жылдан бастап Қобда бетінде ең үлкені Шеруші хошууны 4-тәйжілі елге немесе Бақат, Саңырау, Құрман, Төлек рулары жеке тәйжі, зәңгілі ел бола бастаған. Бұл 4 тәйжі елдегі Уақ, Жәдік секілді жан саны аз рулар кішігірім зәңгілі бола бастайды. 1865-1891 жылға дейін жалпы Шеруші хошуунына А.Жылқышы билік жүргізсе, одан кейін оның мұрагері Ж.Сүкірбай мен А.Қиюбайлар 1918-жылға дейін хошуунды бөліп биледі. Ал 1918-1921 жылдары С.Дөрбетхан, 1924-жылға дейін інісі С.Дәлелхан билік құрды. Дэлүүн, Бұлғын өлкелерінде Сыдық билеген Қошақ Молқылар бір тәйжі, Көбеш, Асылбек, Бардам, Ақтышқандар басқарған Жәнтекей, Базарқұлдар бір тәйжі, Ақынбек, Күлкетай, Сіләм, Үмбеттер басқарған Шыбарайғыр бір тәйжі ел қатарына қосылса Алтай сұмынындә Өжеке төре ұрпақтары мен олардың ата-бабасының бодамы болған Ителілер бір тәйжі ел болып өсіп-өнді. Осылайша Алтайдан ауып келген Абақ-Керейлер жаңа қоныс, жарасымды көрші тауып орналасқан еді. Осы үрдіс жер, ру ыңғайына қарай Моңғол елінің бір бөлшегі ретінде 1925-жылға дейін осы елге бағынышты хошуун, тәйжі ел болып жалғаса келіп МХР-ның төңкерісшіл жаңа жолды өкіметінің 1924-жылғы алғашқы құрылтайының жаңа әкімшілік жүйесіне орай 1925-жылдан қайта құрылды. Бұл туралы кейінгі бөлімдерде айтатын боламыз. Ендігі сөз Моңғолияның батысын мекендөген қазақ, ұранхай халқының 1850-1921 -жылға дейінгі әлеуметтік түрмыс тіршілігі қандай болғаны және сырт қатынасы жөнінде болмақ. Моңғол елі 1691-жылдан Цин династиясы қол астында отаршылықта келе жатқан. Жөке мемлекет дегені болмаса барлық билік, мал, дәулет, жер Цин өкіметінің қол астында, солардың билеп төстеуімен жүрілетін. Сол үшін Патшаяық Ресей өкіметімен Цин билеушілері батыс Моңғолияға ерекше көңіл бөліп Орыс-Қытай арасындағы сауда жолы болдыруды ертеден көздеді. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап сауда қатынас күшейе түскен. 1855-1860 жылдары сырттан әкелінген және шығарылған тауарлар мөлшері 1840-жылдардан 2,3 есеге дейін өскен.

Комментариев нет: