АҚШ-қа аяқ басқан алғашқы қазақтар
Бүгінде АҚШ
халқының 100 пайызға жуығы келімсектер деуге болады. Өйткені, бұл
құрлықты мекенедеген көне үндіс тайпаларынан қалған ұрпақ 1 пайызға
жетер-жетпес қана. Сонау ХV ғасырда Христофор Колумб материкті ашқаннан
кейін Еуропа халқы мұнда лек-легімен ағылғанын тарихтан жақсы білеміз.
Кейін АҚШ құрылып, мемлекет аяққа тұра бастағаннан кейін әлемнің төрт
бұрышынан келушілердің саны артты. Қазіргі таңда аталған елде
қазақтардың да диаспорасы бар.

Америка
қазақтарының ассоциациясы деп аталатын ұйымның негізін қалаған – Дархан
Нұрмағамбетов. Оның айтуынша, АҚШ-тағы қазақ қандастарымыздың саны
шамамен 40 мың адамды құрайды екен. Ал, олардың көпшілігі құрлыққа
үшінші лекпен, яғни Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін келген.
Жалпы, Еуропаға көшіп келген секілді Америкаға да қазақтар үш кезеңмен қоныс аударыпты. Алғашқы лекті ашаршылық пен ұжымдастырудың салдарынан елден кеткен қандастарымыз құрайды. Олар алдымен Иран мен Пәкістанға, одан Түркияға көшкен. Түркиядан Еуропа елдеріне қоныс аударып, кейін жұмыс істеу үшін АҚШ-қа қарай жүзіп өткен. Алайда, кейбір тарихи деректерге сүйенсек, Америкаға ең алғашқы қазақтың аяғы сонау ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында-ақ жеткен екен.
Қазақтар көшінің екінші толқыны екінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен сәйкес келеді. майдан даласынан қайтқан кейбір бауырларымыз өзге жауынгерлермен бірге АҚШ-қа кетіп қалған. Ал, үшінші кезең КСРО құлап, оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды дейді Дархан Нұрмағамбетов.
Қазақтар ассоциациясын құрудағы басты мақсат жат елде тұрып жатқан қандастарымыздың арасында ана тілі мен салт-дәстүрімізді жандандыру. «АҚШ үлкен қазан болса, ондағы ұлттардың барлығы сол қазанның ішінде қайнап жатыр. Біз қайнап жоғалып кетпеуіміз керек» дейді мұндағы қазақтар.
Бүгінгі таңда АҚШ-та бірнеше қазақ мәдени орталықтары бар, елдің батысында және Нью-Йорктің өзінде. Ендігі мақсат шығыстағы қандастардың басын қосып, қазақ тілі мен мәдениетін үйрететін жалпыға бірдей мектептер ашу. Қазірдің өзінде интерактивті әдіс арқылы тіл үйретіп жатқан сыныптар бар. Елшілік жанынан оқыту курстары да жұмысын істеп тұр. Асерикадағы қазақ ассоциациясының президенті Дархан Нұрмағамбетов қазақ балаларына тек тілді ғана емес, отанымыздың тарихын, ұлттық құндылықтарын да санасына сіңірсек дейді. Бүгінде американдық қазақтар ұлтымыздың төл мерекелерін де тойлап келеді. BAQ.KZ

Комментариев нет:
Отправить комментарий