понедельник, 20 мая 2013 г.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Шет елдердегі қазақтардың Отанға оралу мәселесі



Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Шет елдердегі қазақтардың Отанға оралу мәселесі

Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды. Құрылтай өтер кезде “Егеменді Қазақстан” газетінде белгілі ғалымдар Ә.Нысанбаев пен Ә.Арғынбаевтың “Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі” деген көлемді мақаласы жарық көрді.
Көрнекті ғалымдар М.Қозыбаев, Ә.Қайдаров, С.Сартаев және Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы мүшелерінің Құрылтайда жасаған баяндамаларында құнды деректер бар.         
Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл ең- бек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қар- сы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.
Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан   астам қазақтар ала   бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді.  Олардың өздеріне тән   күрес   жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия,    Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына   тарих. Ең тамашасы олар әлі   күнге   дейін   ұлттық   белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік   жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселе. Өзінің ұлттық ортасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан этнос өзге тілдік ортада өз тілін қалай сақтап қалды, қалай өзгертті,   қалай дамытты   деген   сауал да   мәнді мәселе.Сонымен   бірге сырттағы   қазақтардың   тілін   зерттеу - қазақ   тілшің   дүние   жүзіндегі жағрафиялық таралу  өзісін  белгілейді. Ал  бұл тіл  біліміне  аса  қажетті мәлімет.  Жер  жүзінің әр түрлі елін мекендеген қазақ   өз тілімен қатар, сол   елдің   тілдерін   де   меңгерді, яғни   қос тілді,не кеп тілді. Мұның өзі дүниежүзілік әлеуметтік лигвистика ғылымын қазақ көптілдігі жөніндегі мәліметтермен      байытары   сөзсіз.Қаймағы   бұзылмаған      халқымыздың  ұмытыла    бастаған    тамаша    касиеттерін тірілтуге. өткеннің өнегесінен үйренуге   де баулитыны   анық.   Қазақ елінің   өзін өзі ұлт  ретінде   сақтап қалуына   мүмкіндік туғызатын әлемдік орта  тек  қана қазақ жері  мен елі. Сондықтан сырттан келіп жатқан қазақтарға мемлекет тұрғысынан заңды көмек керсетілген жөн.
            Бүгінгі күні  әлемнің қырық елінде тұратын қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрап отыр немесе 4,5 млн адам. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады. Олардың белгілі бөлігі тарихи елінен кеңес кезеңіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы және күштеп ұжымдастыру, аштық пен бұқаралық репрессияның салдарынан кетуге мәжбүр болған. Таяу шетелдегі қазақтар (ТМД елдерінде) Кеңес одағы тарағаннан кейін диаспора қатарын көбейтті.
Соңғы статистикалық  мәлімет бойынша:
« Өзбекстанда 1,5 миллион;
  Қытайды - 1,3 миллион;
• Ресейде - 900 мың;
• Түркіменстанда - 100 мың;
• Монғолияда - 102 мың;
• Қырғызстанда - 45 мың қазақтар тұрады;
• Түркия, Иран, Ауғанстанда да біршама қазақтар тұрады.
            Қазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек. Кейбір дерек көздері бойынша шетелде тұратын қазақтар саны 5 миллионнан асатыны айтылған.Сондықтан да диаспоралар мәселесіне көп мән беріп, оның қоғамдық ғылыми негіздерін зерттеп, баға беріп, сын айтып, бүгінгі бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың  өзекті мәселелерінің күрделі бір бөлігі ретінде қараған жөн.

Комментариев нет: