пятница, 10 мая 2013 г.

Қалың елім, қазағым...

Қалың елім, қазағым... 
Има­нов Аман­гелді Үдер­байұлы (1873–1919) – ха­лық ба­тыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісін ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі, Ке­неса­ры Қасы­мов­тың үзеңгілес серігі Иман ба­тыр Ду­латұлы­ның не­мересі. Бұрынғы Торғай уезі Қай­да­уыл бо­лысын­да туған. Әкесі ша­руа баққан, мо­мын кісі болған. Ше­шесі Қалам­пыр Қақуқызы мед­ре­се бітірген. Аман­гелді әуелі ауыл мол­да­сынан 2 жыл оқып, кейін Та­сыбай, Тәшмағам­бет ишан­дардың мед­ре­сесіне түсті. Мед­ре­седе 4 жыл оқыған ол түрік, пар­сы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жа­сын­да жетім қалып, жоқшы­лық тауқыметін ер­те тарт­ты. Ел ішіндегі дау-шарға ер­те ара­ласып, сол се­бепті Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның жергілікті би­ле­ушілерінің қуда­ла­уына ұшы­рап, 1896–1911 жыл­да­ры ара­лығын­да бірне­ше рет түрме­ге қамал­ды.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды.

Комментариев нет: