среда, 15 мая 2013 г.

“Қытайға қыздар келді ағылып…”

“Қытайға қыздар келді ағылып…”
Биылғысын білмеймін, былтыр сегіз мыңнан аса қазақ шетел азаматтарымен неке қиыпты. Бұдан кейін тек пен қан тазалығының қаншалықты сақталып жатқаны жайында бірдеңе деу де қиын сияқты… Бірақ қыздарымыздың қайсыбір елдегідей әлемге өздерін жарнамалап жар салып жігіт іздеп жатпағанын үлкен қанағат қыламыз. Бұл да болса бабадан сарқылып қалған ар мен намыс дейтін бағалы қасиеттің әлі де болса қанымызда бар екенін білдірсе керек… Басқа елдегідей дейтінім, мұнда қытайлықтарға орыстың қыздары өздері келіп тиіп жатыр. Мына бір блогта осы жағдайды қытайлықтар қызу талқылап жатыр. Қызға зәру болған олар «бұлай болса елдегі сүрбойдақтар саны сәл де болса азаятын болды» деген қуанышты пікірлерімен бөлісуде.
Ондағы жазбаның аудармасы төмендегідей:
Төмендегі тақырыпты жазу үшін маған екі түрлі психологиялық дайындықта болу қажет деп есептеймін: Біріншіден, елдегі ерлер мен әйелдер санының алшақтығына, әрі көптеген ерлеріміздің сүрбойдақ болып қалуына алаңдайтын біршама қандастарымыз, осы күні қытай ерлерінің Ресейдің әдемі қыздарының назарына іліге бастауын жақсы дүниеге балап жүр. Сол себептен де олар менің бұл жазбамды қуана қолдайды. Ал енді бірі мені азғын, бұзылған адам деп боқтайды. Егер сен де осы топтан болсаң онда бұл менің бұзылғандығым емес, тек сенің жағдайды жете түсінбеуің ғана.
Осы күні Ресейліктер үкімет ісінің өнімділігіне наразы. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың салдарынан халық арасында үмітсіздік жайлаған. Қоғамның көптеген зиялы адамдары мен қалталылары, сондай-ақ «асын ішіп аяғын тепкендер» де шекара асып кетіп жатыр. Бұлардың қатарын енді Ресей қыздарының ел асып неке құруы да толықтырып отыр.
Ресейдегі ерлер мен әйелдер санының айқын үйлесімсіздігі (дисбаланс) де орыс қыздарының шекара асып тұрмыс құруының тағы бір себебіне айналып отыр. Статистика бойынша қаладан тысқары аймақта 1000:1147-ден келсе, қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 1000:1167 дейін жетеді. Ал бүкіл ел бойынша ерлер мен әйелдердің сан айырмашылығы тым алшақ: 67 млн.-нан аса ерге 77 млн.-нан аса әйелден келеді. Ресейде ерлер аз, әйелдер көп. Яғни біздің елмен (авт.Қытай) қарама-қайшы деген сөз. Осыған қарағанда бұл біраз орыс жігіттерді шолжақтатып жіберген: Көбінде жауапкершілік сезімдері жұтаң, енді бірі ішімділікке салынған, ашушаң мінезді келеді.
Ресейлік бір қыз былай дейді: «Мен де өзімнің өмірлік жартымды өз елімнен тапқым келеді. Алайда ең өкініштісі Ресейде ерлер қыздарға менсінбеушілікпен қарайды. Өзімшілдігі басым. Әйел адамдарға көп көңіл аудара бермейді. Әйел затының ар-намысы мен абыройын бағаламайды. Сол себептен ішімдікке салынып, әйелінің табысына күн көретін еркек бізге керек емес. Шет елге тұрмысқа шығудың мақсаты тек қана өзіміздің жарқын болашағымызды табуымыз үшін ғана»
Осыған қарағанда Ресей ерлерінің ішімдікке салынуы қоғам мәселесіне айналған сияқты. Ер адам ерте азғындалып, ерте өмірден өтеді… Мұның бәрі – Ресей әйел затын үмітсіздікке соқтырып жатыр. Әрі мемлекетке зиян төндіріп тұр.
Мұның бәрін ойдан құрап жатып жатқан жоқпын. Күні кеше ғана «феникс» басылымының негізгі бетінде жарияланған «Мен орыс қызы. Еркекке мұқтажбын!» деген мақала негізінде жазылды.

P.S. Ар-намысын кірлетпеген қаракөз қарындастарымыздан айналдық… Құдай бізді осындай бәлесінен сақтасын! Асспан блогынан алынды


Комментариев нет: