Қазақстан Республикасының халқы
Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады. Негізгі бөлігі - қазақтар 63.07 %. Саны жағынан көп этникалық-мәдени топтардың бірі орыстар – 23,7%, өзбектер - 2,85%, украиндықтар - 2,08%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар – 1,28%, немістер – 1,11%.
Мемлекеттегі иммиграция мен туу санының өсуіне байланысты тұрғындар саны тұрақты түрде көбейіп келеді, жылына 500-600 адам. Қазақстан территориясына жылына 150 мың адам көшіп келеді. Көшіп келушілердің негізі шет елдерде тұратын қандастарымыз (Ресей, Қырғызстан, Қытай), орыстар (Ресей мен Өзбекстан), өзбектер (Өзбекстан мен Қырғызстан).
1991 жылы Тәуелсіздік алған тұстан бастап көшіп келген оралмандар саны 750 мыңға жуық, ал егер мемлкеттің қолдауынсыз көшіп келген ұрпақтарын қоса есептесек 1 млн.адамнан асады. Көшіп келгендердің көп бөлігі Маңғыстау облысында, оның ішінде Жаңаөзен қаласы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысы, Алматы, Астана, Тараз қалаларында шоғырланған. Көшіп келген оралмандардың соңғы лектері Ел Ордасында немесе ірі облыс орталықтарында тұрақтауға тырысады.
Қазіргі таңда шет елдік қазақтар әлемнің 40 елінде өмір сүреді, оның көп бөлігі –Қазақстанға жақын немесе көрші. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстанда жарты миллион қазақ тұрады, Қытай да солай, Ресейде миллионға жуық, Түркіменстанда – 100 мың, Монғолияда – 80 мың. Қырғызстанда – 45 мың. Түркия, Иран және Ауғаныстанда да бір қатар қазақтар мекендейді. Европа елдері мен Америка қазақтардың кішкене топтары кездеседі.
Шет елдердегі қазақ этникалық топтарының негізін құрайтындар - өткен ғасырдың 20-30жж. Совет Одағы кезінде үкімет қуғынынан, репрессиядан, ұжымдастыру мен аштықтан қашып, жер аударған қандастарымыздың ұрпақтары. Совет Одағы кезінде 200 мың қазақ жер аударған деп есептеледі, олардың көбі Қытай, Монғолия, Индия, Ауғаныстан, Иран мен Түркия елдерінде. Сол тұста, 1926-1930 жылдар аралығында совет елдеріндегі қазақтар саны 2,5 есеге өсіп, 794 мыңға жеткен. 18-19 ғасырларда, кейіннен совет одағы кезінде де жалғасын тапқан «Славяндарды» иммиграциялау нәтижесінде өз Отанында қазақтардың пайыздық үлесі азайды. Қазақстан ССРО құрамындағы халқы аз мемлекеттердің біріне айналды – 1959 жылы өткен санақ қорытындысы бойынша Қазақ ССР халқының саны 30 % төмендеп, 9,3 млн. адам болған. Жылдан-жылға қазақтардың саны толассыз өсуіне қарамастан, тек 1989 жылы ғана қазақтар саны орыстардан көбейді.
2009 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылына өз еліне қайта оралған отбасылардың санын 15 мыңнан 20 мыңға өсірді. Қазіргі кезде оралмандарға көмек ретінде «Нұрлы көш» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында Қазақстан Үкіметі көшу шығынын өтейді, тұрғын үй мәселесін шешіп, қаржылай көмек көрсетеді.
Қазақстан мемлекетте мекендейтін ұлттар теңдігі принципін берік ұстанады. Әр қазақстандық үшін ұлттық ұстанымдары мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын орындауға жағдай жасалған. Белгілі бір жерде шоғырланған ұлт өкілдері үшін ұйғыр, өзбек, тәжік, украин, неміс, поляк және т.б. тілдерде білім беру мүмкіндігі қарастырылған.
Ұлттық-мәдени бірлестіктердегі ана тілдерін үйрену үшін құрылған жексенбілік мектептер мемлекет тарапынан қолдауға ие. Қазақстан этникалық топтарына арналған 170 жексенбілік мектептер мен 3 ұлттық жаңару мектептерінде 23 тіл оқытылады. Ұлттық ерекшіліктерін сақтап қалу мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында ұлттық-мәдени орталықтар құрылды. Олардың ең бастысы – Қазақстан халықтар Ассамблеясы.
Комментариев нет:
Отправить комментарий