пятница, 31 мая 2013 г.

Зауал. Ашаршылық туралы деректі фильм


1897 жылы Ресей империясында алғаш рет халық санағы жүргізілген. Онда қырғыздың саны 201 мың, тәжік 350, түркімен 281, өзбек 726 мың екен. Қазақ 4 миллион 84 мың адам деп көрсетіліпті. Күллі Орта Азия халқы қазақтың жартысына да жетпеген. 1911 жылғы санақта қазақтың саны 8 миллионның үстінде еді. Арада жиырма сегіз жыл өтіп, 1939 жылғы санақта түркімен 760 мыңға, қырғыз 750, тәжік 900 мыңға шығып, өзбектің саны 3 миллион 900 мыңға жеткен. Ал, қазақ небары 2 миллион 300 мың ғана болыпты. Қазақ содан қайтіп 1929 жылғы санына 1970 жылы әрең ілінген.

среда, 29 мая 2013 г.

“ҚАРА ЖОРҒА” КІМНІҢ БИІ?


Қазақта әнші көп, бірақ та Шәмші жоқ дегендей, бұл күнде биші көп. Десе де, биде кім бар, кім жоқ? Қазақ мәдениетінің мәйекті өнері санала бастаған «қара жорға» биі, сірә кімдікі? – деген сауалдың тууы да әбден орынды.
Олай болса, бишілерімізден бұрын, биіміздің иін қандырарлық аз әңгімеге құлақ түрейікші.
Шамандық дәуірден бастау алатын ескі әдебиет және өнер жұрнағы болған бағзы заманға қайрылсақ, би өнеріне ешкімнің де таласы жоқ.
Қытайдағы белгілі ғалым Ясын Құмарұлы өз еңбектерінде шаман бақсыларының басына үкі тағынып, денелеріне түрлі шашақты киімді киіп, биге басқан көріністері Азияның терістігіндегі жартас суреттерінде көп жолығатындығын, бұл суреттердің бүгінгі Қазақстанның аумағынан да табылатындығын жазған еді. Ғалымның пайымынша Баянжүрек жартас суреттері мен Шынжаңның Бардақұл жартас суреттеріндегі осындай шамандық бейнелер осыдан 3500 жылдың (б.з.б. 2000 – 1500 ж) арғы жағындағы туынды деп бағаланған. Осындай жартас суреттерінде бейнеленген бақсы образдары тек бақсылық киім киіп, жын шақырумен ғана тынбастан, олар дабылын соғып немесе басқа күй аспаптарын шертіп, би билеп тұрғанымен ерекшеленеді. Міне бұдан біздің ата-бабаларымыздың ән-күйінің, әдебиеті мен биінің тарихының сонау алыста жатқандығын ұғынамыз.
1980 жылдардан басталған Шынжаң жеріндегі халық мұраларын қайтадан жинауға байланысты, халық ішіндегі билер де көптеп жиналды. Соның ішінде қазақ халқының өзіне ғана тән: “Аю биі”, “Қара жорға биі”, “Ортеке биі” (қуыршақ биі), “Көк түйме биі”, “ Шешеке биі” секілді төл билеріміз қағазға түскен еді.
Қытай қазақтарында көп биленетін бидің бірі біздің тақырбымыздың тақиясын кигізіп отырған «Қара жорға биі». Бидің оқиғалық мазмұны мынадай: жылқы түлігінің жабайы кезінде бір қазақ жігіті дала жылқысының біреуін шалмалап ұстап алып, қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқының өңі қара оның үстіне жорға екен. Өз табысына қуанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Ауыл адамдары қызу қарсы алады.
Ал бидің шығу тарихына келсек, қытай жазбаларында мынадай деректер кезігеді. “Қытайдың Таң дәуіріндегі “Шынжаң билері” деген кітаптың 2-том, 310-бетінде: “Таң хандығы дәуірінде “Жылқы биі, тост күйі” атты музыка болған. Хан, Таң патшалығы кезінде Орта Қытайға батыс өңірлерден көптеген жылқы кіргізіледі. Осыған байланысты Таң дәуірінде Шынжаңда “жылқы биі ” көп таралды, – деп жазылған”. Сол кітапта тағы да: “Таң патшалығының жаңа тарихы” деген кітаптың шығыс тармағынан үзінді келтіре келіп: “ол кездегі музыка аспаптарынан сыбызғы, барабан, көп түтікті сыбызғы, били, табақты қоңырау болса, билерден “Жылан”, “Арыстан”, “Жылқы”, “Арқан” билері бар еді. Осыдан барып, қырғыздар арасында “Жылқы биі ” таралған. Қазір Шынжаңның жер жерінде “Жылқы биі” кеңінен ойналып жүр. Мәселен Іле, Алтайды мекендеген қазақтар мен Тасқорғанды мекендеген тәжік, Атұшты мекендеген қырғыздар арасында “Жылқы биі” таралған. Қазақ халқына жаппай таныс “Қара жорға” биі осы жылқы биінің дамыған, басқа нұсқа деген межелер бар. «Қара жорға» биі басқа ұлттарда бар болғанымене олардың биленуі қазақ биінен өзгеше екен.
Қазақ биін зерттеуші қытай битанушысы Уаң Жиячың “Қазақ би өнерінің келу қайнары және басты ерекшелігі” атты мақаласында «Қара жорға» биі туралы ойларын былай жеткізеді: «Көшпенді шаруашылықпен шұғылданған қазақ ұлты үшін ат олардың қанаты. Мейлі мал баққанда, көшкенде, жүргенде, соғыста болсын аттан айырыла алмайды. Олар жылқы киесі “Қамбар ата” деп, бір мезет жылқыны төтем тұтқан. Қазір Алтай аймағының Қаба ауданында “Шұбарайғыр“ деген ру бар. Қазақтың халық биі “Қара жорға” Еуропа, азиядағы қазақтар шоғырлы қоныстанған аумақтарға кеңінен таралған. Қазақ халқының биінде көшпенділер тұрмысының әр түрлі ерекшеліктері сіңіріліп, ой-сезімі, қуанышы мен қайғысы бейнеленген»(76).
Қазақ биін зерттеуші Уаң Жиячың өзі куә болған билер туралы мынадай сыр шертеді: «қазақ халық билерінің материалдарын жинағанымда, мен Шынжаң Алтай аймағы Көктоғай ауданының қиырдағы қыстағынан “бақсының ойынын” көрдім. Құшынаштың сайтан қууына ұқсайды екен. Басына қауырсын тағып, денесіне аң терісін киіп, сол қолына аса таяқ ұстап, оң қолына барабан алып, лаулап жағылған отқа балтаны қыздырып, жалаң аяғына балтаны басады. Бірде оттағы балтаны алып шығып, тілімен жалап арбаң-құрбаң етіп, енді бірде күбірлеп дұға оқып, албастыны аластап, пәле қазадан аулақ болу үшін тілек тілейді екен. Әйелдердің ойынында аналық қауымның соңғы кездерінің қалдықтары бар. “Диуана” бұған ұқсамайды. Би билеуші бас киіміне “аққудың қауырсынын” қыстырып, кеудесі жалаңаш күйде, белуардан төмен“Аққудың қауырсынынан” тоқылған көйлек киіп, аққудың қауырсынын байлаған аса таяқты ат орнына мініп, күн жайлатып, келер күнді болжайды. “Бақсы” ойнағанда үйде немесе ауланың ішінде болады. Ал “диуана” ауыл-ауылды кезіп жүріп ойнайды. Бұл екі түрлі халық биі жартас суреттерінде әсерлі бейнеленген. Мәселен, Алтай аймағы Көктоғай ауданының Таңбалытас деген жерінде қызыл тастан ойылып сызылған топтық би схемасы бар. Бірінші топ суретте: бес адам қатарымен тізілген. Сол жақтағы бірінші адам басына үш тал қауырсын, үшінші адам екі тал қауырсын, соңғы біреуі қысқа үш тал қауырсын таққан. Бес дамның иықтары бір сызықтың бойында болып, аяқтары ашылған. Екінші топ суретте: бес адам дөңгеленіп орналасқан болып, ішіндегі бірінші тұрғаны басына екі қауырсын тағып, аяғын айқастырып, білегін 45° түсірген. Бұл суретте ертедегі шаман дініне сенгендердің топтасып билеп мінәжәт еткенін көруге болады».
Демек, жоғарыдағы деректерді тереңдетпесек, одан басқа тарихты ешкім біле бермейді. «Қара жорға» шаман заманындағы тайпалардан, түркі одағын басып, қазаққа жеткен көне би. Ал моңғолдарда оның бір түрі сақталса, оған таңданудың да еш жөні жоқ. Біз – түркі-моңғол бір бәйтеректің бұтағымыз. Шыңғысхан заманындағы тайпалар бір тілде – көне түркі тілінде аудармашысыз сөйлескен. Әуелі моңғолдікі деп үрке қарап жүрген көп сөз өзіміздікі – Түркілер одағының ортақ еншісі.
Ендеше, халқымыздың атам заманнан келе жатқан көне биі «Қара жорғаның» ортамызға оралғанына қуанбасақ, ренжімеуіміз керек. Ол әлде біреулер айтқандай «моңғолдікі» де, «жын-шайтандікі» де емес. Қазақтың төлшең өнерінің өз еншімізге қайтқан ен-таңбасы айырғысыз асыл тұқымы.
Ж.Шәкенұлы

 

 
 

Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы

Қазақстан — өткен тарихы мен мәдениетке бай мемлекет. Еуразия құрлығының орталығында орналасып, Қазақстан  әлемнің көне өркениеттері мен көлік жолдарын байланыстыратын, Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті, Еуропа мен Азия арасындағы әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық құрылымдарды ұштастыратын, үлкен мемлекеттердің өткені мен бүгінін сабақтастырған көпір іспеттес.  Тарихтың әр кезеңінде Қазақстан аумағында өзіндік мәдени тарихы бар мемлекеттер пайда болып, дамып отырды. Соның нәтижесінде қазіргі Қазақстан бой көтерді…
Ерте заман тарихы
Қазақстан  аймағы,оңтүстік бөлікте алғашқы адамның  палеолиттік тұрақтары болуының арқасында, алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасу аумағына кіреді. Көне адам біздің жерімізде жарты миллион жыл бұрын пайда болды. Осының дәлелі ретінде  Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты, Қазанғап тұрактарында табылған еңбек құралдары, солтүстік-шығыс үстіртінде ашылған  Кіші Қаратау мен Қарасуда археологтар тапқан 15 мыңнан астам алуан түрлі тас құралдарды атауға болады. Көне палеолиттің соңғы  тарихи есткерткіштері Солтүстік  Балқаш төңірегінде табылған. Қаратау мен Маңғыстаудың алғашқы адамдары от жағып, ірі және ұсақ мал аулаумен және өсімдік қоректер жинаумен айналысқан.
Өнердің пайда болуының дәлелі ретінде, палеолиттің соңғы ескерткіштері мәдениеттің күмәнсіз табысы болып табылады. Олар Қазақстанның шығысы, оңтүстігі мен орталығында тоғысады.  Жайықтың және Қазақстанның басқа да аймақтарындағы үнгірдің қабырғасына және төбелеріне түсірілген  жануарлардың қалтқысыз керемет бейнелері еліміздің территориясында, сол кезден-ақ  адамзаттың әлемдік жетістіктеріне араласқанын дәлелдейді. Бүгінгі күнде 130-дан астам жартасқа салынған бейнелер табылған.
Тас ғасырының Қазақстан тарихындағы маңызы - адамзат және шаруашылықтың қалыптасуында.
Қола дәуірінің ескерткіштері таралған кеңістік, Андроновтық және Беғазы-Дәндібай атына иеленген, батысында Оңтүстік Оралдан Шығысында Енисейге дейін, Солтүстігінде Батыс Сібір орманды даласы мен Оңтүстігінде Орталық Азия жер суару аудандарына дейін орналасқан. Андроновтық және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері Казақстан аймағында  мал шаруашылығы мен металлургиялық полиметаллдардың гүлденгендігін дәлелдейді.
Темірді меңгеру еңбек өнімділігін арттырды. Адам еңбек кұралдары мен ат әбзелдерін жетілдірді. Үзеңгі, ауыздық, ер-тоқым пайда болды.
Еуразияның кең даласы жерді мал шаруашылығына кемелдендірді, көшпелі мал шаруашылығына негіз салды. Қола дәуірінің аяғында адамдар малды үйден алыс жерде жайды, малмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Жер шаруашылығымен айналысуға ауа-райы қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы, оның ішінде суармалы егін шаруашылығы  дамыды. Қолөнершілер еңбек құралдарын, ыдыс-аяқ және көші-қон шаруашылығына қажетті құрал-саймандарды дайындады.Археологиялық және геологиялық зерттеулер кең өндірісінің б.з.д. ІІІ мыңжылдықта болғанын дәлелдейді. Қазіргі кеніштер ерте кездерден-ақ белгілі болған. Жезқазған мен Зырян аумағында мыс, Қалба мен Нарымда қалайы, Степняк, Ақжол, Балажалда алтын кендері, күміс пен темір Орталық және Солтүстік Қазақстан жерлерінде өндірілді.  Темір рудаларын өндіретін алғашқы жер - Оңтүстік Сібір мен Қазақстан.
Деректер Қазақстан ерте тұрғындарын әр түрлі атайды. Парсылар дала тұрғындарын Сақтар, гректер – азиялық скифтер деп атаған. Ертедегі Иран деректерінде олар туралы  «ұшқыр атты турлар» деп жазылған. Сақтар – ежелгі тайпалар, б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген.
Сарматтар – Қазақстан территориясы, Жайық пен Волганың жағасын мекендеген  ежелгі тайпалардың  жалпы атауы.  Сарматтар жауынгерлік тайпа болған. Сонымен қатар, мәдениеті жоғары дамыған халық болған. Сарматтық коғамда жауынгерлік тайпа бірлестігіне әйелдер де кірген. Оған әйел қабірлерінде  табылған көптеген заттар дәлел.
Сақ тайпаларының маңызды тарихи,  материалдық мәдениетінің дерегі ретінде археологиялық ескерткіштері болып табылады – қорымдар, жартасқа салынған суреттер, сақ заттарынын коймасы.
1969 жылы Алматы қаласынан 50 км жерде, әлемге кеңінен танылған, ежелгі сақтардын Есік қорғаны ашылды. Есік қорғанынан табылған  «Алтын адам», қазақ халқының арғы ата-бабасының мәдени көзі болып табылатын  сақ мәдениетінің ерекше үлгісі.
Үйсіндер – күрделі тарихи дамуды басынан өткерген ежелгі тайпалардың бірі. Сақ-тиграхауд жерлерін иеленген үйсін тайпалары, Жетісуға  Орталық Азия түкпірінен келген. Б.з.д. ІІ ғасырда үйсіндер сақ тайпаларын өзіне бағындырып,  өз басшыларының қолдауымен қожалық құрды.
Б.з.д. ІІ ғасырда Халықтардың ұлы қоныс аударуы орын алды.  Осы тарихи оқиға нәтижесінде Орталық Азияда  жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Каңлы мемлекеті.
Б.з.д. І мыңжылдыктың ортасында Еуразия тарихында Орталық Азия тайпалары үлкен рөл ойнады.  Б.з.д. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда гунн ( хунну, сюнну, дунху) тайпалық бірлестігі пайда болды.  Ғұндардың жорығы еуропа халықтарына үлкен ықпал жасады. Мыңдаған адамдарға жететін ондаған тайпалар , ғұндардың қысымына шыдамай, басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болды. Ғұн қозғалысы Еуропада үлкен географиялық өзгерістерге әкеп соқтырды.  Көптеген адамдар өздерінің ертедегі қоныстарын тастап, қашқындарға айналды.  Кейінірек тарихтағы бұл кезең – Халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атқа ие болды. Жылдар бойы Орталық Азиядағы ғұндар  Еуропаның батыс шекараларына дейін жетті. 558 ж. ғұндар тағы өзара соғыстарды бастады, бірақ оларды түріктерден қашқан аварлар тоқтатты. Осылайша ғұн империясы қирады.
Сол кездерде Ұлы Дала жерлерінде бір орталыққа бағынатын жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда бола бастады. Ұлы Даланың қожайындары атанған түріктер ұлан-байтақ жерлерді меңгеруге кірісті. Осылайша, тарихта түріктердің дәуірі басталды. Сонымен бірге, Қазақстан мен Орталық Азияның, жалпы адамзаттық тарихында орта ғасыр дәуірі немесе Орта Ғасыр тарихы басталды.
Орта ғасыр тарихы
Көшпенділер шығыс пен батыс өркениеттерінің арасын байланыстырушы рөл атқарды. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түріктер көкке табынып, оны Тәңір деп атады. Көк аспан, ашық күн мен ай құдіретті күш деп саналды. Көшпенділер үшін көк аспан молшылық пен достықтың, бірлік пен тауелсіздіктің символы болды.  Біздің Мемлекеттік Туымыздың да ашық көк түсті болуы және күннің бейнеленуі бекер емес.
Адамның дүниеге келуі, оның қасиеттерін Тәңірдің ісі деп білді. Тәңірге табыну мен исламның ұқсастықтары бар. Сол себепті, 8 ғасырдан бастап түркі халықтары исламды қабылдай бастады. Басқа ұлттар бөгде діндерді қастықпен қабылдады. Ал көшпенділер болса көрші діндерге шыдамдылық танытты.
VI ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейін Қазақстан аумағында моңғол шапқыншылығына дейін бірін-бірі ауыстырып, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыз, қарахан, қимақ, қыпшақ мемлекеттері өмір сүрді. Моңғол шапқыншылығынан кейін ХІІІ ғасырдың басында  Моңғол империясының ұлыстары құрылды – Жошы мен Шағатай, кейіннен Ақ Орда, ал соңында Қазақ хандығының құрылуына себеп болды.
VI ғасырдың ортасында Орталық Азияның саяси аренасында жаңа «әрекет етуші тұлға» - Түрік қағанаты, көп кешікпей ерте ортағасырдағы ең ірі мемлекет айналды.
Қазақстанның байтақ территориясында этносаяси тұтастыққа қарамастан, сол аймақта мекендеген б.з. ІІ мыңжылдығында тайпалық топтардың тарихы, ең алдымен, қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестіктерімен байланысты. Бірқатар дерек көздерінде  ХІ-ХІІІ ғасырдың басында Қазақстан қыпшақтарының сыртқы саяси байланыстары туралы мағлұмат бар. Қыпшақтар Византия,Русь, Грузия,Селжұқ сұлтанаты, Венгрия, Еділ Булгариясының сыртқы және ішкі саясатында ең маңызды факторлардың бірі болған. Қытай деректері Қазақстан қыпшақтарының Орталық Азия мен Қиыр Шығыс  халықтарымен және өркениеттерімен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді.
ІХ-ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан өңірлерінде қала мәдениетінің жалпы дамуы байқалады. Қалалардың көлемі үлкейіп, қолөнер дамып, қолөнер және қыш-құмыра шеберханалары пайда бола бастады. Суармалы керамика, әйнек өңдірісі меңгеріліп, сауда байланыстары күшейіп, жаңа сауда жолдары ашылды. Оңтүстік Қазақстан қалаларының жандануына және көтерілуіне Батыс – Шығыс халықаралық сауда жолдарының  өтуі маңызды рөл атқарды.
Ұлы Жібек Жолы – әлемдік өркениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі. Тармақталған керуен жолдары Еуропа мен Азияны Жерорта теңізінен Қытайға дейін кесіп өтіп, Батыс пен Шығыстың сауда байланыстары мен мәдениетаралық диалогтарының маңызды әдісі болды. Жібек жолының ең ұзақ бөлігі  Орталық Азия мен Қазақстан территориясынан өтті.
Ағарту ісі
XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан өлкелерінде билікке деген тайпалар арасындағы саяси күрес үдей түсті. Осы шайқастар барысында моңғол елінің басшысы Тимучин өзінің қайталанбас ерлігі мен батыл қолбасшы қабілетімен ерекшеленді. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінде ел болып қалыптасуды тежегенімен, тоқтата алмады. Қазақ халқының ел болып қалыптасуы оның этникалық территориясының қалыптасуымен қатар жүрді. Этнополитикалық және шаруашылық факторлардың нәтижесінде қазақ тайпаларының басын қосатын жүздер қалыптасты. Қазақстан жерінде барлығы үш жүз бар: Ұлы, Орта, Кіші. Жүздердің қалыптасуына географиялық, саяси және этникалық факторлар ықпал етті. Қазақ хандығына Жетісу өлкесінің тайпаларының қосылуы XV ғасырдың  үшінші ширегінде етек ала бастады. Қазақ жұртының жерге иелік ете бастауы Қасым хан тұсында арта түсті. Сырттан келер қауіп XVIII ғасырдың  басында күрт өсті. Оңтүстік батыстан орал казактарымен бірлескен Волжалық қалмақтар шабуылдаса, Орал өңіріндегі жерлерге башқұрлар  таласты. Аталған топтағылардың орыстарға бағыныштылығын ескеретін болсақ, ол қазақ-орыс қарым-қатынасының шиеленісуіне алып келді. Ал осылардың ішіндегі ең ауыр қауіп-қатер – Батыс моңғол, Жоңғар хандығында еді.
Жоңғарлықтардың Қазақстанға жорықтары XV ғасырда-ақ белең алған болатын. Қазақтардан XVI ғасырдың бірінші жартысында үлкен соққы алған жоңғар хандығының біразы  қазақ ханы Тәуекелдің қол астында болатын. Жоңғар хандығы өзінің шабуылдарын тоқтатпағанына қарамастан Тәуке хан бастаған  қазақ жұрты ол соққыларға дес бермеді. XVII ғасырдың басы мен XVIII ғасырда осынау ауыр жағдай қазақ халқының ығына қарай өзгерді.
Тәуке - бүкіл әлемді мойындатқан қазақ халқының соңғы ханы. Ол көз жұмған соң Келте хан сынды әр жүздің өз кіші хандары бас көтере бастады. Қазақтарда ортақ бірліктің болмауы жоңғарлардың бас көтеруіне алып келді. Осы сәтті оң пайдаланған жоңғарлар Цин империясымен келісімге келуі арқылы өздерінің шығыстағы қорғанышын мықтап алып ендігі күшін қазақтарға қарсы салды. Дәл осы жылдар қазақ тарихында  қазақ халқына жұт алып келген «Ақтабан шұбырынды» деген атпен, тарихта қаралы әріптермен жазылып қалды. Батыс шекарадағы бұл қалыптасқан үлкен ахуал қазақ жүздерінің бастарының бірігуін қажет етті.Үлкен халықтық жиынның бастаушысы ретінде кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Қазақ халқының тарихында «Аңырақай шайқасы» – алтын әріптермен жазылды. 1929-1930  жылдың көктемінде өткен «Аңырақай» шайқасының жеңіспен аяқталуына үш жүздің бірлікте жұмыла шайқасуының нәтижесі еді. Қазақтардан ойсырата соққы алған жоңғарлар кері шегінуге мәжбүр болды. Қазақтардың бұл жеңісі жаңа дәуірдің бастауы болды. Өз бірлігін сақтап, саяси тәуелсіздігін алам деген жоңғарлар үшін  бұл шайқас тарихта орны толмас қараңғылықпен аяқталды.
Ресейдің қазақ даласын отарлауы
Отан тарихында XVI ғасыр мен XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ-орыс қарым-қатынасы шиеленіскен жағдайда болды. Дәл осы оқиға тарих беттерінде әр түрлі бағаланды. Қалай болғанда да осы халықаралық ұзақ отарлау саясатының нәтижесінде қазақ елі біраз жылдарға өзінің саяси тәуелсіздігінен және мемлекеттік егемендігінен айырылды.
Түпкілікті қазақтардың Ресейге қосылуы  кіші жүз ханы Әбілқайырдың  Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға қазақ жұртын өз қорғанысының астына алуына өтінішпен барған сәтте басталды. Тарихнамада Әбілқайыр ханның әрекеттері ең қайшы сарапшылық бағаға ие болды. 1731 жылы 19 ақпанда император Анна Иоановнаға келіп, кіші жүздің Ресей азаматтығын қабылдауы туралы заңнамаға қол қойды. 1940 жылы Кіші жүздің ресей азаматтығына өтуі Орта жүздің тек бір бөлігінің  сол топқа қосылуына ықпал етті. Ал Қазақстанның басқа бөліктері атап айтқанда, орталық және солтүстік-шығыс бөліктер тек 20-40-шы жылдары ғана патшайымының саяси-соғыс қимылдарының нәтижесінде империяға түпкілікті қосылды.
Ресейлік өкім жүргізушілер  әрі қарай  Қазақстанда әртүрлі әдіспен  ақы-пұлдар жинады, саяси-соғыс қимылдарын жүзеге асыруға арналған бекіністердің (Орынбор, Есіл, Колыван) құрылысы жүзеге асты, ресей әкімшілігі мәмілегерлік орнату мақсатымен қазақ далаларына патшалық шенеуніктер жіберді, халық пен әкімшіліктің арасында келіссөздер реттелді, сауда-саттық дамыды, қыстақтарда үйлер соғылды, сауда керуенін бақылау үшін қазақтардан қарауылдар тартылды. Оларға еңбекақы сый түрінде, ақшалай және азық-түлік есебінде берілді.
Ұлы жүз бен Орта жүздің ішкі саяси ахуалы XVIII ғасырда шиеленіскен күйде болды. Абылай ханның басқару кезеңі оның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия сынды деспоттықтармен жақсы қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Хан Абылай  тәуелсіздігіміздің және мемлекеттік егемендігіміздің күрескері ретінде халық жадында сақталды. Ол Екатерина II ханымның ұсынған ханның титулынан бас тартып, ұсынған сыйлықтарын да қабылдамады. Осындай әрекеттер оны  көреген мемлекеттік қайраткер, дана әмірші, батыл саясаткер, қазақ халықының дарынды қолбасшысы ретінде танытты.
Қазақ жерін отарлау туралы саяси мәселе алдын-ала жоспарланған. XIX ғасырдың басынан бастап 60-шы жылдарға дейін Ресей империясының қазақ жерлерін  басып-бағындыру саясаты жүзеге асты. Қазақстан жұртшылығының Ресей империясына бағыну үдерісінің көріністері келесідей:
- Қазақ мемлекетінің негізгі атрибутының таратуы бойынша: Игельстром ре-формасының 1785-1786  жылдарында көрсетілгендей хандық билікті жою, «Сібір қырғыздары туралы жарғы»(1822), «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»(1824); билер сотын жалпыға ортақ Ресей империясының сотымен ауыстыру; ресейлік әскери соттың күшін күшейту; қазақ жерлеріндегі салықты ресейлік өкілдерге жинау;
- Қазақ жерлерінде отарлау саясатын күшейту; Сібір, Орынбор, Жетісуда казактардан жаңа әскери күштер құрылды.
- Қазақстан аумағын айнала Каспий теңізіне дейін одан Ертіске, Есіл мен Тобыл, Аралдан Сырдария мен Жетісуға қарай созылған аумақтарда жаппай жаңа қалалардың, бекіністердің, бекітілген сызықтардың құрылысы етек алды.
- Барлық кіші хандар мен билер, сұлтандар ресейлік шенеуніктерден тағайындалды. Оған қарсы шыққандар репрессияға ұшырады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Түркістан, Шымкент, Әулие-ата сынды Ұлы жүзге қарайтын территориялардағы қалаларды ашық басып алу қазақтардың наразылығын тудырып, қазақтардың Ресейге бағынышты болуына біржолата тоқтау салды. Қазақ жерлері Ресей империясының жеке меншігі ретінде танылды. Соңғысы патшалықтың үлкен көшіру туралы саяси ойды негіздеуге себепкер болды.
Қазақстан тарихы ғылымында, Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінде болған ұлт-азаттық күрес жылдарынан ауыр тақырып жоқ шығар, сірә. Тарихшылардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанның еркіндігі мен дербестігі қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдері: ұжымдастыруға қарсы Сырым Датұлы бастаған күрес (1783-1797 жж.), шаруалардың бостандығы үшін күрескен Исатай Тайманұлы мен Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1837-1838 жж.), халықтық соғыс немесе бодандықтан құтылу үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847 жж.), Жаңғазы Нұрмағамбетов бастаған көтеріліс(1856-1857 жж), Есет Көтібарұлы көтерілісі (1858-1869 жж.), Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі (1869-1870 жж.). Қазақ халқын отарлауға қарсы күрес ХІХ-ХХ ғасырда да өз жалғасын тапты, ендігі Ресей үкіметіне қарсы реформаторлық қозғалысты бастағандар – қазақ зиялылары. Қазақстанды отарлауға қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерілістердің жалпы саны 400-ге жуық деген зерттеушілер арасында  пікір бар.
Ресей империясының боданы болған мемлекеттің индустриалды дамыған республикаға айналу жолында басынан өткен ауыр күндерінің шынай бағасын жасырып қалу мүмкін емес. Сол ауыр күндерді елдің басына тудырып отырған – шынайы адамдар мен олардың іс-әрекеттері.
Совет жүйесі кезіндегі Қазақстанның дамуы
«Совет үкіметінің сенімді қадамы» 1918-1920 жж. ағайындық тайталас – азамат соғысына әкеп соқты. Азаматтық соғыс кезіндегі қиын тұрмыстық өмір 20-шы жылғы территорияның көп аймағын қамтыған ашаршылықпен қиындай түсті. Қазақстандағы ашыққандар саны  1921 жылы 1 млн. 508 мың адам болса, ал 1922 ж. наурызында 2 млн. 300 мыңға жетті. Бұл адамды адам жеген кезең. Азаматтық соғыстан кейін күнделікті тұрмыс қалпына көшу қазақ халқы үшін өте ауыр ішкі және сыртқы оқиғалар бел алды.
Лениндік жүйеге сай, социалисттік болашаққа  жету үшін Совет үкіметі өзге мемлекет өкілдеріне капиталисттік емес даму бағыттарын ұсынды. Бұл тәжірбие негізінен патриархальді феодализмнен коммунистикалық жұмаққа «қадам» жасауды көздеді. Алайда, шынайы өмірде бұл «қадам» діттеу мен зорлық арқылы жүзеге асып, қарапайым халық тұрмысын көп қиындатты. Бұл жылдар халық билігінің жеке басқа табыну, ұйымдастырушы топ басшыларың езгісі мен жергілікті қанаумен алмасу кезең. Қазақстан «Кіші Қазан» концепциясының авторы Қазракомның бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің (1925-1933 жж.) зұлмат ойларын іске асыратын мекенге айналды.
Экономиканың аграрлық бөлігі ұжымдастырудың жедел өтуініңбастамасы болып, Совет мемлекетінің экономикалық дамуының негізгі көзіне айналмақ еді. Осы жерлен 20-шы жылдардағы ұжымдастыруға бет алынды.  Ұжымдастыру кезінде шарушылық өнімдерінен бастартқан шараулар ұйымдастығы, яғни колхоздар құру көзделді. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемінде аяқталсын деп бұйырылды. Онсыз бұл  Голащекиннің алдамшы тәжірбиесі күйінде қалар еді. Ұжымдастырудың ең қиын зардаптарының бірі кулактарды құрту болды. 1930 жылдың 15 наурызында Қазақстанда істері сотқа өтті. Сотталғандар саны 3113 адам болса, 2450 шаруашылық жер аударылды. Қазақстан аумағы «кулактар жіберілген мекенге» айналды. 1931-1933 жж. аштық  жоңғар шапқыншылығы кезінде басынан кешірген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында көрген қиыншылықтармен пара-пар.  Ашаршылықтан 1 млн. 750 мың адам құрбан болды, бұл деген бүкіл қазақ жерін мекендеген адам санының 42%. 1010 мың қазақ атақонысын тастап көшті, оның 616 мыңы қайта оралмады. 200 мыңға жуық адам алыс шетелдерге қоныстанды – Қытай, Монғолия, Авғаныстан, Иран, Түркия. Үкімет мыңдаған мал басын жою арқылы, қазақтардың негізгі тұрмыс-тіршілігінің көзі болып табылатын мал шаруашылығын құртты.
20-шы жылдардан бастап, Қазақстан саяси қоғам өмірінің қайғылы тұстары орын алды. Сол уақыттан бастап сталиндік аппарат ұлттық тарихи құндылықтар мен сол құндылықтарды таратушы қазақ интелегенциясын құртуға бағытталған үлкен ісшараларын жүргізуді бастады.
Тоталитарлық жүйені құртқаннан кейін «Алаш» партиясының мүшелері мен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді енгізу жайлы және басқару жүйесіне қарсы тоқтамдар айтып, саяси-тұрмыстық және кадрлық мәселелерді шешкенде республика заңдарына мойын сұнбай, байырғы тұрғындардың ұлттық ерекшеліктер мен халық пікіріне сүйенген  қазақ басшыларының артынан саяси бақылау күшейді.
20-шы жылдар соңында бұл жағдай шиеленісе түсті. Троцкистко-зиновьевлік оппазиция мен «оңды оппортунист» арасындағы тай-талас ұлттық мемлекеттерде азаттық қозғалыс өкілдерін репрессияға ұшыратуымен көрініс тапты. 1928 жылдың аяғында жалған күнәмен «ұлтшылдар» қатарынан 44 адам сотталды. Олар – «Алаш-Орда» партиясының бұрынғы мүшелері, Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Ғаббасов және т.б. Қазақ интелегенциясының тағы бір тобы (40 адамға жуық), құрамында Тынышпаев, Досмұхамедов, Ақпаев және т.б. 1930 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Кейіннен олардың 15-і Ресейдің Черноземная ауданына жер аударылды. Олардың көпшілігі 1937-1938 жж. репрессия ұшыраған.
1936 жылдан 1938 жыл аралығында ССРО Содының Жоғарғы Әскери Коллегиясының жылжымалы бөлімінің басшысы әскер дивизиясының заңгері Горячев болды. 1938 жылдың 25 ақпан мен 13 наурыз аралығында күнделікті адамдарды өлім жазасын кесіп отырды. 25 ақпан күні 39 ату жазасына кесілді, оның ішінде Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров,  Темірбек Жүргенов, Сейтқали Меңдешов, Жанайдар Сәдуақасов; 26 ақпан – 37 адам: Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Жұмат Шанин, 27 ақпан 41 адам, 28 ақпан 40 адам,осылайша 13 наурызға дейін күнделікті ондаған қазақ интелегенциясы өкілдері жойылып жатты.
Тоталитаризм қылмысы – депортация, толық бір халықты өзге жерге көшіру Сталинизмнің бұл тәжірбиесі 1937 жылдың күзінен басталды, бұл кезде Қазақстанға 102 мың корейліктер көшіріліп әкелінен, ол негізінде геноцид. 1938-1944 жж. аралығында поляктар,немістер, чечендер, ингуштар, балқарлықтар, қырым татарлары, қарашай, түркі-месхитиндіктер,балғарлар мен күрділер күштеп қоныс аударған. 1947-1952 жж. мыңдаған латыштар, эстондықтар, батыс украиндықтар  шығыс жаққа қоныстанды. Ал 1953 жылы еврейлер мен абхаздықтарды көшіру жоспарланды.
Совет Одағы тұсында 30-шы жылдар тоталитарлық, бюрократиялық социализмге көшу кезі деп белгіленді. Сталинизм – социализмнің теориясы мен тәжірбиесінің жабайыланған түрі. Осы тұста, өмірдің өзі адамдардың бойына мақсатқа сену және жету, алға құлшынысты, шаруалар ревалюциясын және ұлтаралық достыққа ұмтылдырды. Ғасырлар бойы сақталған дәстүр мен мәдениет неміс фошистерімен соғыстың алдындағы жылдар жүйеге деген өкпені жеңіп шықты.
1941-1945 жж. аралығындағы Ұлы Отан Соғысы өз бойына біршама оқиғаларды сыйдырды. Қазақтар, Орталық Азияның өзге де ұлттары секілді, өзгелермен тең дәрежеде қару көтеріп шыққан алғашқы жаңа заман соғысы. Қазақ жауынгері Европаны азат ету соғысына қатысып қатысқан. Рейстахты алу шайқасына қатысып, Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімшесінің жеңіс туын тікті. Әскер қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497 Совет Одағының Батыры атағын иеленді. Даңқ Орденінің үш дәрежесіне ие болған - 110 адам. Германия-Италия-Япония соғысының шайқас алаңында 410 мың қазақстандық  қаза тапты.
Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында шаруашылық дамыту деген тапсырма тұрды. ҰОС жылдарында көшірілген өндірістердің арқасында соғысқа дейінгі жылдардағы көрсеткішті асып түсті. Қазақстандықтардың халық шаруашылығын күнделікті тұрмыс қалпына келтіру 1946 жылы аяқталды. Бұл кезіңде республикада көмір өндірісі мен ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Темір жол тармақтары ұзарды.
Қала, өндіріс орталықтарындағы адам санының өсуіне байланысты сауда-саттықтағы қажеттілік күрт жоғарылады. 1953 жылы елде 31 млн. тоннадан аса дәнді дақылдар жиналса, оның 32 млн. тоннасы жұмсалды. Пайда болған мәселені шешу үшін дәндерді өсіруде ең қолайлы жол таңдалды, шығыс аймақтағы үлкен көлемді жерлер аударыла басталды. Осылайша, «Бәріміз целинаға!» ұраны пайда болды.
Жерді игеру жылдары Қазақстанда көптеген қалалар мен қала типіндегі поселкілер, темір жол, автокөлік жолдары, элеватор және де жер игерушілер өміріне қажетті мекемелер соғылды. Алайда, қуаныштты жайттары мен қатар, жер игерудің оңтайлы емес жолдарын атамай кету мүмкін емес. Жер игеру экологиялық, экономикалық орталықтандыру мен әлеуметтік тиімділік жағынан қолайсыздау болды. Егер осы үш позиция тұрғысынан қарар болсақ, біршама қателіктерді байқауға болады.
1960 жылы солтүстіктегі жер игеру аймағының 9 млн га. жер  жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция секілді мемлекеттің бүкіл жылдық ауылшаруашылығы аумағына пара-пар. Экономикалық біртұтастығына бұл аспект мүлде үйлеспейді. Сол себепті «қазақстандық миллиондардың» шын санынан ешкім хабарсыз.
Жер игеру әлеуметтік тұрғыда біршама қиындықтар тудырды. Игерілген жерлерде еңбек ету Одақтың өзге елдерден келген еңбек ресурстарының көмегімен жүзеге асты.  Қадағаланбайтын көші-қон орын алды. Байырғы тұрғындар өз үй-жайларын тастап, көшулеріне тура келді, себебі мектептер, колхоз, совхоздардың орталықтары жабылды. Жаңа жер игеру жоспары бойынша барлығы тамаша болды.  Соңында байырғы тұрғындардың үлесі 30% төмендеді. Қазақ этносының тілі мен әлеуметтік мәдени институтының функциональді дамуына қауіп туды
60-шы жылдардың соңында республика қара және түсті металлургиясы, химия өндірісінің ірі орталығына айналды. Мыс, мырыш, қорғасын өндіруден Қазақстан үлесі 30-дан 70 %дейін жетті. Қазақстан ауылшаруашылығының ерекше аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннің әр үшінші бөлігі, еттің әр жиырмасыншы тоннасы, дәннің бесінші тоннасы түсіп отырды. Өкінішке орай, халық шаруашылығының үлкен еңбегі басқару жүйеснің пайдасыздығының арқасында зая кетті. Билік ел тұрмысын жақсартуға ұмтылмады.
Қазақстан экономикасы 70-ші жылдар мен 80-ші жылдардың бірінші жартысында да қалып түрде, ешқандай экономикалық мақсаттарды ұстанбай, технологиялық процестерге қызығушылығы жоқ күйінде дамып отырды, бұл уақытты тыныштық кезеңі деп атағанымен, Қазақстанда экономикалық өсу мен мәдени потенциалының дамығандығы болғанын мойындамау мүмкін емес.
Бұл жылдары қара металлургия өндірісі дамып, Соколов-Сарыбай және Лисаков байыту комбинаттары соғылды. Қарағанды қаласындағы ақ қалайы өңдейтін, металлургиялық комбинатының құрылысы аяқталды. Ермаков және Ақтөбе ферроеріткіш заводы іске қосылды. Еліміздегі жалғыз хромит кенінің өнімі көбейді. Павлодарлық трактор, Целиноградтық ауыл шаруашылық құрылыстық-машина заводтары өз өнімдерін бере бастады. Қарағанды және Екібастұз көмір бассейіндеріндегі көмір өндіру қарқыны түрде дамыды.
Ауыл шаруашылығындағы үлкен жетістікке 1979 жылы жетті. «Целина құрылған 25 жылдың ішінде ең көп астық қоры жиналған... Республика үкіметке 1 млрд. 262 млн. пұт немесе 20 млн. пұт астық тапсырды. Тоғызыншы бесжылдықтай бірде-бір бес жылдық астық қорына мұндай жомарт болған емес».
Өнеркәсіп құрылымының бір қырлы шикізат өндіруге бағытталғандығы орталық министрлік пен ведомстволармен  60-70 жж. тұрақталды. Қазақстанның өндіріс саласы 80 жылдардың басында елдегі орташа көрсеткіштен  1,7 есеге көп болды.
Өндіріс саласындағы үлкен өндіріс орындарын салу жұмыстарына баса назар аударылғандықтан, ғылым саласы дамусыз қалды,  өңдеу мен қайта өңдеу өнеркәсіптерінің  дәрежесі де, халықтық тұтыну да әлсін дамыды. Тұтыну өнімдерінің 60%  шет елдерден әкелінді.
Бұл жылдары үлкен өнеркәсіптер мен энергетикалық комплекстер соғып жатқан индустриалді экспансия ведомстволары қарқынды түрде дамыды. Мұның бәрі экологияға және адам денсаулығына көп зардап тигізді. Арал теңізі маңында экология жағдай шиеленісті. Мақта шаруашылығына қажетті су қорының толассыз алуына байланысты, теңіздегі су мөлшері 15 метрге төмендеді, жағалау сызығы оңтүстіктен шығысқа қарай, 60-120 км кері шегінді. Жыл сайын теңіз түбіндегі тұз бен құмның 75 млн. тоннасы атмосфераға көтеріледі.  1970-1990 жж. Аралмаңындағы өлім саны, одақтағы орташа көрсеткіштен 4,3 есеге жоғары болды. Осындай ауыр жағдай Семей полигоны аймағында да байқалды. Түсті металлургия мен химия өндірістері жұмыс істейтін қалалар мен жұмысшы поселкілер тұрғындары да қиын экологиялық жағдайларда өмір сүруге тура келді.
Деформация мен әлеуметтік экономикалық саяси қателіктер ұлттық қатынастарда да көрініс тапты. Интернациянолизм ұғымының жалпы мағынасын өзге ұлттардың ерекшеліктері мен салт-дәстүрін, ұлттық психолгиясын  мойындамау деп түсінді. Республика кадрлық, демографиялық, миграциялық және тіл саясатын шешуге, еңбек ресурстарын бөлуге қауқары жетпеді.
Топтық-администраторлық тоталитарлық жүйесі халықты тығырыққа тіреді, тығырықтан шығу жолы біреу ғана еді. Ол – революция.  Дағдарыстық ахуал жоғарғы үкімет эшелонындағы жағдаймен қиындай түсті.
1985 жылы партия мен мемлекет басшысы болып М.С.Горбачев келді. Ол халық қалауынан бірден шықты, себебі Горбочев жас әрі 1985 жылдың сәуірінде барлық сала бойынша экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жедел дамуға арналған жаңа тапсырмаларды қойды. Алайда, түрлі себептердің кесірінен жоба іске аспады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы - қазіргі Қазақстан тарихының ең маңызды беттерінің бірі, мұрағаттағы жазбаларға сүйенсек, көтеріліске 60 мыңдай адам қатысқан, оның 8 мыңы ұсталып, 200-і сотталған, мың жарымнан астамы репрессияға ұшырап, кейбірі административті жазаланды. Ондаған қазақ жастары қыршын кетті.
Мәскеу бүлігі «қайта құрылудың» соңғы нүктесі болды. Соның нәтижесінде 1991 жылдың тамыз айында Б.Н.Ельцин орнынан босады. Сол кезде Қазақстан коммунистикалық партиялары босатылды. Қазақ халқы социализмнің соңғы күндерін басынан кешіріп жатты. Совет одағы құлдырауға жақындап, оның орнына болашақ Қазақстан Республикасының көптен күткен мемлекеттік дербестігімен, саяси тәуелсіздігімен алмасты.
Қазіргі Қазақстан тарихы
Таяудағы өткенді ұғыну барлық уақытта оңай мәселе болған жоқ.  Өзіне, шын мәнінде ғасырға татитын, оқиғаларға толы 20 жылды сыйдырған,  қысқа ғана уақыт мерзімі туралы сөз болса тіптен қиын. Өз өткенін құлшыныс биігінен бағалау көп халықтар мен бүгінгі күнгі ел басшыларына да берілмеген. Бұл сәтті бағалау тек кемеңгер иелерге ғана тән. Халык мүддесі үшін туған бақытты сәтті Мұстафа Кемаль Ататүрік, Франклин Делано Рузвельт, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Дэн Сяопин, Махатхир Мухаммад сезінді.Әлемдік және қазақстандық беделді қоғам өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті Тәуелсіздік пен архитектоника көсемдерінің қатарына жатқызады.
Қазақ елінің жаңа тарихының алғышарты Егемендік пен тәуелсіздік негіздерін құрудағы, тұрақты қоғам дамуы мен Қазақстан келешегі үшін басты бағыттары айқындалды, ел Президентінің маңызды әрі сан қырлы еңбегі мойындалып, жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушысы ретіндегі  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы бағасы қойылды..
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасу тарихына  қазақ қоғамының қарқынды дамуы мен жүйелі жандану кезеңі деп есептеледі. 1991 жыл бастап – қызу жұмысжасалып,жаңа дамыған мемлекеттер дәрежесін ескеріп экономикалық, саяси және құқықтық жүйе құрылды, нарықтық қатынастар реттеліп, демократиялық институттар қалыптаса бастады. Осы қиын жылдар тұсында ең басты – халықтар арасындағы бірлік пен ауызбіршілікті жоғалтпады, қазақстандықтар демократиялық басымдыққа сүйене отырып жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
Жаңашыл Қазақстан тарихына нарықтық экономикаға негізделген тәуелсіз мемлекет құрылысы мен жаңа саясат жүйесінің құрылуы кіреді. Қысқа уакыт мерзімінде елімізде қоғамдык жүйесінің ауысуы, жаңа мемлекеттіліктің жандануы мен құрылуы , басқару турлері, жаңа алеуметтік құрылымның құрылуы, қоғамдык стратификация орын алып, құрылымдық экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Он бес жылдың ішінде 1990-жылдардың бірінші жартысы мен орта тұсында экономикалық дағдарыс және дағдарыстан шығуымыз орын алды. 2000-2006 ж.ж. қарқынды және тұрақты экономикалық даму басталды. Қазақстан Республикасының мемлекет аралық қатынастар жуйесінің толыққанды субъекті ретінде және басқа да жаңа сапалы құбылыстары тарапынан мақұлдануы Қазақстан қоғамының бейнесін өзгертті. Бұл кезеңге, елімізді, коғамымызды және Қазақстан халқын, түпкілікті өзгерткен  түбегейлі реформалар, қоғамдык өзгерістер кіреді.
Жаңашыл Қазақстан тарихы сапалы жаңа деңгейдегі мемлекет пен нақтылы егемендігімен және қоғамдық-саяси жүйесінің өзгеруімен басталады. Тәуелсіздік жолына түскен еліміз, Қазақстан халқы болашақтың құрылымын өз президентіне табыстады. Сол бір тарихи сәтте қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың ұлт, қоғам және мемлекет көшбасшысы ретіндегі дарынына күмән келтірмеді. Ал уақыт таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Жаңашыл Қазақстан тарихы сапалы жаңа деңгейдегі мемлекеттілікпен, нақтылы егемендігімен және қоғамдық-саяси жүйесінің өзгеруімен басталады.
Тәуелсіздік жолына түскен еліміз, Қазақстан халқы болашақтың құрылымын өз президентіне табыстады. Сол бір тарихи сәтте қазақстандыктар Н.Ә.Назарбаевтың ұлт, қоғам және мемлекет көшбасшысы ретіндегі  дарынына күмән келтірмеді. Ал уакыт таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Халық алдында сөйлеген президентіміз Н.Ә.Назарбаев бугінгі қазақстандық қоғамды модернизациялау жане мемлекетімізді жаңа ел шарттары бойынша нығайтуға тауелсіздік стратегиялары  негіз болды. "Қазақстан 2030 даму стратегиясы " әлемдік танымалдылыққа ие болды. Ол стратегияда "отыз жылдық жоспарға екі басты фактор негіз болды. Біріншіден, отыз жыл бір буынның белсенді өмірінің көрсеткіші. Екіншіден, мұнай қорларының және баламалы қуат көздерін енгізу ықтималдылығының бағасына сүйенсек, Қазақстанда тағы 30-40 жылға созылған келісімдері болды" делінген.
Қазақстан күтілген экономикалық күйреуден құтылып, мемлекеттің ішкі тобы көп этникалық ұлттардан құралса да, бірде бір азаматтық көтеріліс пен билікке қарсы жасалған көріністерге бой бермей, ешқандай қосымша қорсыз аяғынан тік тұрып, халықаралық қоғамдастықтың тең дәрежелі мүшесіне айналды.   Бұл - Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы ең басты феномені.
Барлық уақытта қоғам қауіпсіздігінің негізгі кепілі - мемлекет пен оның халқы. Мемлекетіміздің шекаралык аймағын белгілеу, халқымыздың тыныштықта, береке-бірлікте  өмір сүруінің негізгі себебі болып табылады, оны алғаш ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жасаған. Дәл осы тұстан бастап, Қазақстан Республикасының өзіндік тарихы жайлы сөз қозғай беруге мүмкіндік туды. 
Тәуелсіздік тұстағы Қазақстанның мемлекет ретінде дамуының негізгі тарихи моделі советтік кезеңнен кейінгі уақыттан табысты шығудың басты себептері мен факторларын анықтап, Қазақстанның тұрмыстық магистральға шығуы мен мәдени идеологиялық және саяси дербестікке қол жеткізуінде деп топшыланады. Осы тұста соңғы он жылдың ішіндегі Қазақстанның саяси тарихының басты анықтаушы факторлары мыналар болды:
- Мемлекеттің унитарлы бейнесі  бірлік пен саяси дамудың негізгі кепілі.
- Ұлттық шаруашылық бірлестіктерді экономикалық, әлеуметтік жаңарту.
- Әлеуметтік-саяси маңызды Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ халқына жолдауы саяси реформаларды кезең-кезеңмен орындауды көрсеткені арқылы экономикалық дамуға қолайлы жағдай тудырды;
- Жаңа этникалық бірлестік күйіндегі емес, азаматтық тұрғыдан өзін-өзі білей алатын әр ұлттың өкілдерінен тұратын  жаңа қазақ социумын құру;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішкі және сыртқы шақыртуларына шын көңілмен және дер кезінде атсалысу;
- Қазақстан жаңа геосаяси реалидің субъектісіне және халықаралық алаңның белді мүшілерінің біріне айналуы.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму тарихы қазіргі таңда отандық және шетелдік ғалымдармен қарқынды зерттелуде. Жаңа мемлекеттің құрылуындағы қиындықтар, президент институтын жаңалап тұру мен жүйеге енгізуі,  өкімет билігінің бөлінуін дамыту, қоғамды демократияландыру, партия құрылымы мен демократиялық институттарды дамыту, жаңа құқықтық мемлекет пен соттық жүйені қалыптастыру жөнінде біршама жұмыстар бар. Ұлттық сәйкестік проблемалары мен мемлекеттің қалыптасу жолындағы ұлтаралық қатыныстарды нығайтуды жүйелеу жөніндегі мәселелер талқылануда.

Саттар Мәжітов
Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Республикасының халқы

Қазақстан Республикасының халқы

Қазақстан Республикасының халқының саны, соңғы 2012 жылдың 1-маусымындағы ресми санақ қорытындысы бойынша  16 760 000 адамды құрайды (www.akorda.kz).  Тұрғындардың орташа тығыздығы – 1  шаршы км-ге – 6 адам. Қала тұрғындарының  үлесі - 54,5% , ауыл тұрғындары 45,5 % (www.parlam.kz).
Қазақстанда 130 ұлт өкілдері тұрады. Негізгі бөлігі -  қазақтар 63.07 %. Саны жағынан көп этникалық-мәдени топтардың бірі орыстар – 23,7%, өзбектер - 2,85%, украиндықтар - 2,08%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар – 1,28%, немістер – 1,11%.
Мемлекеттегі иммиграция мен туу санының өсуіне байланысты тұрғындар саны тұрақты түрде көбейіп келеді, жылына 500-600 адам. Қазақстан территориясына жылына 150 мың адам көшіп келеді. Көшіп келушілердің негізі шет елдерде тұратын қандастарымыз (Ресей, Қырғызстан, Қытай), орыстар (Ресей мен Өзбекстан), өзбектер (Өзбекстан мен Қырғызстан).
1991 жылы Тәуелсіздік алған тұстан бастап көшіп келген оралмандар саны 750 мыңға жуық, ал егер мемлкеттің қолдауынсыз көшіп келген ұрпақтарын қоса есептесек 1 млн.адамнан асады. Көшіп келгендердің көп бөлігі Маңғыстау облысында, оның ішінде Жаңаөзен қаласы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысы, Алматы, Астана, Тараз қалаларында шоғырланған. Көшіп келген оралмандардың соңғы лектері Ел Ордасында немесе ірі облыс орталықтарында тұрақтауға тырысады.
Қазіргі таңда шет елдік қазақтар әлемнің 40 елінде өмір сүреді, оның көп бөлігі –Қазақстанға жақын немесе көрші. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстанда жарты миллион қазақ тұрады, Қытай да солай, Ресейде миллионға жуық, Түркіменстанда – 100 мың, Монғолияда – 80 мың. Қырғызстанда – 45 мың. Түркия, Иран және Ауғаныстанда да бір қатар қазақтар мекендейді. Европа елдері мен Америка қазақтардың кішкене топтары кездеседі.
Шет елдердегі қазақ этникалық топтарының негізін құрайтындар - өткен ғасырдың 20-30жж. Совет Одағы кезінде үкімет қуғынынан, репрессиядан, ұжымдастыру мен аштықтан қашып, жер аударған қандастарымыздың ұрпақтары. Совет Одағы кезінде 200 мың қазақ жер аударған деп есептеледі, олардың көбі Қытай, Монғолия, Индия, Ауғаныстан, Иран мен Түркия елдерінде.  Сол тұста, 1926-1930 жылдар аралығында совет елдеріндегі қазақтар саны 2,5 есеге өсіп, 794 мыңға жеткен. 18-19 ғасырларда, кейіннен совет одағы кезінде де жалғасын тапқан «Славяндарды» иммиграциялау нәтижесінде өз Отанында қазақтардың пайыздық үлесі азайды. Қазақстан ССРО құрамындағы халқы аз мемлекеттердің біріне айналды – 1959 жылы өткен санақ қорытындысы бойынша Қазақ ССР халқының саны 30 % төмендеп, 9,3 млн. адам болған. Жылдан-жылға қазақтардың саны толассыз өсуіне қарамастан, тек 1989 жылы ғана қазақтар саны орыстардан көбейді.
2009 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылына өз еліне қайта оралған отбасылардың санын 15 мыңнан 20 мыңға өсірді. Қазіргі кезде оралмандарға көмек ретінде «Нұрлы көш» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында Қазақстан Үкіметі  көшу шығынын өтейді, тұрғын үй мәселесін шешіп, қаржылай көмек көрсетеді.
Қазақстан мемлекетте мекендейтін ұлттар теңдігі принципін берік ұстанады. Әр қазақстандық үшін ұлттық ұстанымдары мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын орындауға жағдай жасалған. Белгілі бір жерде шоғырланған ұлт өкілдері үшін ұйғыр, өзбек, тәжік, украин, неміс, поляк және т.б. тілдерде білім беру мүмкіндігі қарастырылған.
Ұлттық-мәдени бірлестіктердегі ана тілдерін үйрену үшін құрылған жексенбілік мектептер мемлекет тарапынан қолдауға ие. Қазақстан этникалық топтарына арналған 170 жексенбілік мектептер мен 3 ұлттық жаңару мектептерінде 23 тіл оқытылады. Ұлттық ерекшіліктерін сақтап қалу мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында ұлттық-мәдени орталықтар құрылды. Олардың ең бастысы – Қазақстан халықтар Ассамблеясы.

вторник, 21 мая 2013 г.

Орынбор

Орынбор

A.
Иван Иванович Неплюев
Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өз-нің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998). Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. О. Жайық өз-нің оң жағалауында орналасқан. Солт. батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді. 1735 ж. 15 тамызда И.Кирилов бастаған экспед. Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады (қ. Ор). 1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өз-нің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының О-ға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. О. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орт. Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. О. 1920 – 1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта О. облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және т.б. мәдени орт-тарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады.

Губерния құрылуы

Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солт.-батыс және оңт.-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 ж. құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 ж. О. г.-г. құрамында орт. Орынбор қ. болған Торғай обл. құрылды. 1876 – 81 ж. Қазақстанның солт.-шығысы мен оңт-нде Дала және Түркістан ген.-губернаторлықтарының құрылуына байланысты О. г.-г. жойылып, Орынбор губ. қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губ. құрамында қалдырылды. Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 ж. құрылған. Алғашқы ген.-губернаторы И.И. Неплюев болды. Бастапқыда О. г. Кама өз., Каспий т., Бат. Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солт-те Пермь, батыста Уфа және Самара, оңт-те Орал және Торғай, шығыста Тобыл губ-ларымен шектесті. 1897 ж. жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. О. г-нда алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. О. г-нда Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғ. Авзяно-Петровский, Төм. Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. О. г-на халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды.

Орынбор және батыс сібір генерал-губернаторларының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже

A
1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында]] саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, болыстықтар ауылдарға бөлінді.
  • Орынбор ген.-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары
Орал облысы – Орал, Гурьев, Калмыков, Желі;
Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай;
  • Бат. Сібір ген.-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары кірді.
Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, Жаңасарысу, Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді.
Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әр түрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды.

Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже

– 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал ш-мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.

Орынбор қырғыздары туралы жарғы

– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

Орынбор – ташкент темір жолы

‘’Орынбор – ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. О. – Т. т. ж-н салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің О. – Т. т. ж-н салудағы басты мақсаты Орт. Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып, 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – СамараЗлатоуст жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қ-нда болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығ. Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі.

Орынбор шебі

Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30 – 40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. Кейіннен Закамск шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторы О.А. Игельстром О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. Бірақ Франциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді. 1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:
  • 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
  • 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.
Сол жылдың күзінде О. ш. 5 қашықтыққа бөлінді:
  • 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
  • 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
  • 3) Орскіден Орынборға дейін;
  • 4) Орынбордан Оралға дейін;
  • 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін.

Орынбор шекара комиссиясы

‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1799 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқа Кіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағы барымта, жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен бірге Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.
‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.
  • Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
  • 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев атты татар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
  • 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішінде Ы.Алтынсарин де бар.
О. ш. к. ж. қ. м-нің білім дәрежесі орыстың приход және уездік уч-щелерімен теңдес болып, онда уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Мектепте орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалімдерге осы екі тілді бірдей білу талабы қойылды. Мектептің оқу жоспарында орыс тілі, қазақ және татар тілі, арифметика, тарих, география, таза жазу және сызу, дене шынықтыру, орыс және қазақ тілдерінде іс жүргізу және тергеу, ислам діні пәндері қамтылды. Бұл оқу орны өмір сүрген 19 жыл ішінде 48 қазақ баласы білім алып шықты. Олардың біршамасы шекара комиссиясына жұмысқа қалдырылса, біразы өз елдерінде әкімш.-басқару жұмыстарына араласты, одан өзгелері қазақ ішіндегі орыс мектептерінде мұғалім болды. ‘’’1869 ж. мектеп жұмысы тоқтатылды.’’’

Орынбор мүфтилігі

Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.
  • 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қ-нда ашылды.
Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қ-нда құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қ-на қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қ-на келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж. Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 ж. Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. ‘’’1867 – 68’’’ ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды.
‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ. Неплюев әскери училищесі.

Орынбор ешкісі

Орынбор ешкісі – түбітті ешкі тұқымы. Жергілікті ешкілерді түбіт өнімділігі бағытында ұзақ уақыт сұрыптау арқылы Орынбор облысында шығарылған. Жүнінің 35%-ы түбіттен (ұзындығы 5 – 6 см, жіңішкелігі 14 – 16 мкм), 65%-ы қылшықтан (ұзындығы 7 – 9 см, жіңішкелігі 80 – 90 мкм) тұрады. Қылшығының түсі қара, түбіті – қара-сұр. Таралып алынған түбітінің салм. 0,2 – 0,5 кг-ға дейін жетеді. О. е-нің дене бітімі ірі, мүйізі үлкен. Текесінің шоқтығына дейінгі биікт. 68 – 70 см, ешкісінікі 63 – 65 см, текесінің тірілей салм. 65 – 70 кг, ешкісі 63 – 65 кг тартады. О. е. өсімтал, ұрғашыларының 25 – 40%-ы егіз табады. Маусымдық сауылу мерзіміндегі сүтінің мөлш. 90 – 120 кг, майл. 4,8 – 5,0%. Ең көп тараған аймақтары Ресей Федерациясының Орынбор, Челябі облыстары. Қазақстанның кейбір аудандарында жергілікті ешкі тұқымын жақсарту үшін пайдаланылады.

Орынбор ғылыми архив комиссиясы

– ғылыми-құжаттық мекеме. 1887 ж. желтоқсан айында 25 адамнан тұратын О. ғ. а. к. құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археол. және этногр. материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар жинақталды. Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, Санкт-Петербург археология ин-тының директоры Н.В. Пок-ровский, акад. В.В. Радлов құрметті мүшелер ретінде қатысты. А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Ф.Кәрімов, М.З.Рамеев, М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. О. ғ. а. к-нда 18 – 19 ғ-ларда Қазақстанды Ресейдің отарлау тарихы жөнінде көптеген деректер жиналды. И.А. Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне ескерткіштері” деген еңбегінде Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі деректемелік материалға жүйеленген шолу берілді. Комиссияның “Труды” атты өз баспасөз органы қызмет істеді. 1894 – 1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. О. ғ. а. к. Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді

Алаш автономиясы

Алаш автономиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
  • Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
  • Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).

Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:
  1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...
  2. Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.
  3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.

Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.