вторник, 21 мая 2013 г.

Алаша хан кесенесі

Алаша хан кесенесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Алаша хан кесенесі — 1213 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар.
Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 km жерде салынған.
Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.
Alashakes1.jpg

Зерттелуі

Alashakes2.jpg
Мазарды зерттей бастау Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды.

Қытайдағы біз тұрған жер – байырғы атамекеніміз


суретте ғалым Лев Гумилев
Ұлы даланы ат тұяғымен дүбірлеткен ержүрек бабаларымыз түркілер тарихына өзіндік үлес қосқан орыс ғалымы Л. Н. Гумилевтың туылғанына 100 жыл толуына байланысты қазан айының басында қара шаңырағымыз-Астанаға көрші Қытай елінен келген қандасымыз, тарихшы, Қытай қазақтарынан«арман асуында»атты тұңғыш роман жариялаған,әрі тұңғыш Қытай тіліне аударылған Жақып Мырзаханұлымен тілдесудің сәті келген еді.
-Өзге ұлт өкілі бола тұрса да, сол кездегі қиын- қыспаққа қарамай, түркілер туралы тұщымды еңбек жазған Гумилевты қазақ халқы төбесіне көтеріп, ел жүрегі Астанадағы білдей бір білім ордасына есімін бергені әрине, сыйға сый құрмет. Ал, бес мың жылдық ұзақ тарихы бар Қытай елінде түркілер туралы қандай құнды деректер бар? Оған қай ғалымдар атсалысып, қалай кәдеге жаратты?
-Қытайдың «Жиырма алты тарих» деген ортақ атпен аталатын ұшан теңіз, аса құнды тарихи деректер жиынтығы бар. Осы тарихнамалардың тұңғышы «Тарихи жазбалардан» тартып, ең соңғысы «Чин әулеті тарихи тезистерін» қосқанда жалпы Қытай әріптерінің санағы бойынша 4018 бума, 50 миллион әріптен асады. Қазақтың арғы тегі болған еуразия көшпенділерінің тіке ұрпақтары сақтар мен ғұндар және қазақ халқын қалыптастырған ертедегі ірі ұлыстық елдерден үйсіндер, қаңлылар, аландар (кейінгі алшындар) орта ғасырлық елдерден түрік, түркеш (дулат), қарлұқ, қимақ, қыпшақ, найман, керей, уақ (оңғыт), қоңырат, жалайыр меркіт т.б туралы деректерді Қытайдағы қазақ ғалымдарының өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, көне қытай тілінен қазақ тіліне тіке аудару жолында біршама молынан таңдап, жүйеге келтіріп, ғылыми айналымға түсіруі ел іші-сыртында алқауға бөленіп, халықарада (әсіресе, ҚР-дың ғылым саласында) жылы қарсы алынған еді. Міне осылайша «Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректердің» бірінші кітабы 1998 жылы, екінші кітабы 2003 жылы баспадан шықса, үшінші кітабы биыл баспадан шығу алдында тұр. Алғашында төрт том болар деп жобаланған бұл ғылыми аударма еңбек енді  мөлшерлеуімізше алты том болмақ. Айтпақшы, Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректерді таза қытай тілі нұсқасынан таңдап аудару барысында Қытай ғалымдарынан  Шуе Зұңжың мен Тян Уи Жаңның, ал академиямыздан Қаһарман Мұқанұлы, Шадыман Ахметұлы, Шыңжан телевизиясынан Кәкеш Қайыржанұлы, Шыңжан педагогикалық университетінен Сәмудін Әлғазыұлы қатарлы қытай тіліне жетік тапсырмалық топтың  қосқан үлесі өте зор.
  – «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» демекші, қазіргі екі ел ортасындағы немесе екі ел ғалымдары арасындағы түрлі мәдени, тарихи, достық қарым- қатынастың дамуына дәнекер болған ірі оқиғалардан сөз қозғасаңыз?
-1992 жылы Қазақстан ұлттық ғылым академиясының делегациясы Қытайға ғылыми сапармен келгенде оларды Үрімжіде қарсы алу және аттандыру жұмысына Шыңжан Қоғамдық Ғылым академиясыынң басшыларының бірі – мен жауапты болған едім. Осы делегация құрамында келген Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы тарих-этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевпен алғаш рет дидарласқанымда кәсіптес, бір- бірімізді бұрын сырттай білетіндігімізден болса керек, бейне бір көп жылдар кездеспеген достар сияқты құшақтасып, қауышып кеттік. Ол Қытайдағы қазақ тарихын зерттейтін ғалымдардан Нығмет Мыңжанұлының «Қазақтың қысқаша  тарихы» (1986-1987жж.), Су Бихай профессордың «Қазақ мәдениетінің тарихы» (1989ж. қытай тілінде) және мен жазған «Қазақ халқы және оның салт-санасы» (1992ж.) қатарлы кесек ғылыми еңбектерді Қазақстан зерттеушілеріне тезірек таныстыру қажет деді. Есімде қалуынша 1994 жылы Шыңжан Қоғамдық ғылым академиясының бастығы Иаң Фарын бастаған үйірменің Қазақстанға жасаған тұңғыш реткі ғылыми сапары өте табысты болды. Сол реткі ауызекі және жазба келісімдер нәтижесінде екі елде шығатын маңызды газет журналдар өзара ауыстырылатын әрі ғылыми ауыс-күйіс жасалатын болды. Манаш аға қайтыс болғаннан кейін менің жетекшілігімдегі ғылыми тапсырмалық топ жағынан аударылып, дайындалған «Қытай тариханамаларындағы Қазаққа қатысты деректердің» 1-2 кітабын Қазақстанда кириллиця жазуында шығару жөнінде Манаш ағаның ізбасары, тарих ғылымының докторы, Қазақстан тарих ғылыми қоғамының төрағасы Мәмбет Қойгелдімен жалғасты ғылыми селбестік орнаттым. Көп өтпей келісім бойынша  «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» деген атпен 2006 жылы «Өнер» баспасынан шығып, Қазақстанда ресми ғылыми айналымға түсіп, өз бағасын алды.
  -Түркілер турасында тарих беттерін ақтарған орыс ғалымы Гумилев пен қытай ғалымы Су Бихай екеуінде ұқсастық бар ма? Әсіресе, сізге таныс, біздерге таңсық болған Су Бихай туралы қысқаша мәлімет берсеңіз?
- Гумилев пен Су Бихай кезінде екі ірі елде тұрып, жалпы түрік тектес халықтар (ұлттар) мен олар жасаған өңірді зертеулер тұрғысынан ұқсастығы бар, бірақ, меніңше, олардың нақтылы зерттеуінде өздеріне тән ерекшелік болды. Гумилев жалпы байырғы этностарды, әсіресе көне түріктерді зерттеуге ден қойды. Ал Су Бихай көбінше Қытай тарихнамаларындағы «батыс өңірдің» тарихи, географиялық жер аттары, жартас суреттерді зерттеумен бірге негізгі күшін қазақтың жалпы тарихы мен мәдениетін зерттеуге жұмсады. Және бұл жағынан таңғаларлық табысқа қол жеткізді. Осы реткі ғылыми форумда кей ғалымдардың баяндамысында айтылғандай, Ресейде Гумилевты тарихшы деп мойындағысы келмейтіндер бар дегендей, Су Бихайды да мойындағысы келмейтін адамдар жоқ емес. Бірақ, бұл жағдайдың белең алуының ар жағында бақталастық, күндестік бықсып жатқан болуы мүмкін. Менің профессор Су Бихаймен тіке танысуым 1980  жылдардың бас шенінде болды. Бұл кезде ол жасы жетпіске таяған қарт еді. Мен оны сонау 1940 жылдардың орта шенінен тартып, еліміздегі қазақ халқынан шыққан әйгілі тарих ғалымы, тіл маманы, жазушы Нығмет Мыңжанұлы ағамызбен етене дос екенін жақсы білетінмін. Балаларының айтуынша, профессор Су Бихайдың өз есімі-Уаң Рыннан екен. Ал, Су Бихай бұл кісінің қаламаты екен. Кейде, Жиаң Руңжаң деген де қалам атын қолданыпты. Жиырма жылдан артық уақыт қудалауға тап болып, 1979 жылға келгенде әрең еркіндік алған ол Шыңжан университетінде оқытушы болып орналасқанында 64 жасқа келген болатын. Содан өткен жылға дейін «Батыс өңірдің тарихи географиясы» (2 том) «Қазақ мәдениетінің тарихы», «Шыңжан петроглифтері», «Жібек Жолы мен Кұсанның тарихи мәдениеті», «Ұйғыр тарихына зерттеулер» секілді жеті монографиясы және екі жүзден артық ғылыми мақаласы жарияланды. Оның баспа бетіне шыққан шығармасының өзін айтпағанда көзі тірісінде баспадан шықпай қалған, жазып болған шығармаларының өзі қытай әрпі бойынша екі миллион әріпке тура келеді екен. Бұл шығармаларының арасында көптомды еңбегі «Қазақтың жалпы тарихы» мен «Қазақ тарихындағы ардагерлер» атты шығармасы бар. Осы қажырлы ғалым 64 жасынан дүниеден көшкен 84 жасына дейінгі жиырма жылда оның  қандай қажырлы қайратпен еңбектенгенін, үш жүз мың шақырымнан артық жол басқанын, үш миллион әріптік шығарма жазу үшін қанша миллион әріптік материал ақтарғанын, қанша жүздеген еліміз және шетел зерттеушілерінің шығармасын пайдаланғанын өзіңіз межелей беріңіз. Оның Жапония, Қазақстанда ерекше құрметке бөленгені жұртқа аян. «Тәңіртаудың құпия тарихы-бір қытай оқымыстының ізі» атты арнаулы телефильмінің Жапонияда көп рет қойылуы, ал, Қазақстан жағынан «Құрмет грамотасы» тарту етілгені, міне осының айғағы.
 - Тарих сүйер оқырмандарыңызға  шоқтығы биік тұлға ретінде қай мәселені айта кетуді  парызым деп білесіз?
-Қытай қазақтары қоныстанып отырған қазіргі солтүстік Шыңжан (Тянь Шань тауының солтүстігі Еренқабырға-Боғда, Алтай, Тарбағатай, Бұратала таулы өңірлері, Жоңғар ойпаты, Іле, Ертіс, Еміл өзені аңғарлары) және Шыңжанның шығыс жағындағы қазіргі Құмыл-Баркөл өңірі тегіс тарихтағы қазақтың шығу тегіне тығыз қатысты болған сақ, ғұн, үйсін, иұзы (нұкіс), түрік, түркештердың сондай-ақ, қазақ орта жүзі мен ұлы жүзінің құрамын толықтаған найман, керей, арғын, қыпшақ, уақ, қоңырат, үйсін, жалайыр, дулат, меркіт қатарлы тайпалардың ежелгі атамекендері және олардың билік жүргізген көлеміндегі жерлер. арғы ата бабаларымызды айтпағанда, Жыл санаудан бұрынғы VII-VIII ғасырдан бастап XIII ғасырдың басына дейін ілгері-кейін осы өңірде дәурендеп, өз алдыларына ұлыстық (хандық) елдер құрған түркеш (дулат), керей, найман, қыпшақ, қарлұқ (арғын), қоңырат, уақ, жалайыр, меркіттердің қазақтың үш жүзін қалыптастырған ірі тайпалар қатарында екені әлемге әйгілі. Осылардан керей, найман, уақ, қоңырат, жалайыр, меркіт қатарлы тайпалық (хандық) елдердің XII ғасырдың соңы XIII ғасырдың басында Шыңғыс қаған жетекшілігінде күшейген монғолдар тегеурінінен жоғарыда аталған атамекендерінен айырылғаны, қазіргі Қазақстан жерлеріндегі туыстар арасына барғаны да, тарихи жазба деректер мен елі ішінденгі аңыз деректерде дәлелденген. Ендеше олардың (әсіресе, он екі абақ керей, бір бөлім найман, үйсін рулары және ішінара уақ, арғын т.б) жоңғар жойылғаннан кейін, өздерінің байырғы атамекеніне (қазіргі Шыңжанның солтүстігі мен Шығыс өңіріне) XVIII ғасырдың орталарынан бастап ілгерінді-кейінді оралуы ешқашанда жат жерге келуі емес, қайта өзінің ежелгі атамекеніне оралуы деп қараған жөн. Мен бұл көзқарастарымды 1990 жылы баспадан шыққан «Тарихи этнографиялық зерттеулер» атты ғылыми мақалалар жинағымда және 1992 жылы баспадан  шыққан «Қазақ халқы және оның салт-санасы» атты көлемді монографиямда жазба деректер негізінде жан-жақты дәлелдеуге тырысқан болатынмын. Демек, Қытайдағы қазіргі біз тұрған жер жат жер емес, қайта біздің байырғы атамекеніміз.
Сұхбаттасқан: Ермек ҚАНАТБЕКҰЛЫ
 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
журналистика және саясаттану факультетінің
I курс магистранты

Жәнібек батырдың туы

Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді.
Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.
Алтай үкіметінің бастығы Гау Бауиға қағаз жібердік. “Біз ұлттық езгіге қарсы күресеміз. Өз тәуелсіздігімізді алмай қоймаймыз. Шынжаң деген бүкіл территорияны босатып аламыз. Өз алдымызға Шығыс Түркістан мемлекетін құрамыз. Бүгіннен тартып бандит Шың Сысай жеріне қайтсын. Шың Сысай өз сөзінде тұрмады. Шың Сысай 1933 жылы таққа шыққаннан бері жазықсыз 15 мыңнан астам қатын-баламызды қырды. Қазақтарды, ұйғырларды езуді бандит Шың Сысай өзінің меншікті мүлкіне айналдырып алды. Шынжаңдағы мұсылман халықтарын құлдыққа айналдырып барады. Сұмырай Шың Сысайдың 1934 жылы жариялаған алты жолы Шынжаң мұсылмандарына пәле мен қаза әкелді. Онан біз әбден сабақ алдық. Біз Шынжаң халқы Жын Шурын атты қасқырды есіктен қуып шығып Шың Сысай атты жолбасырты шаңырақтан түсіріп алғанымызды әбден түсініп болдық. Біздің өлкеміздің негізгі аты Түркістан еді.
1919 жылы Коминтерн құрылғаннан кейін Шығыс Түркістан деп атап кеткенбіз. 1923 жылы Ян Зы Шың Құлжадағы сауда тоқтамын Түркістан – Шынжаң саудасы деп атап Шұй Го Жын қол қойған еді. Сол Түркістанның Шығыс Түркістаны біз едік. 1932 жылы сәуірдің 5 күні Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап жарнама шығарып Қожаниязға  халықаралық үлкен жәрдем берілді. Бандит Шың Шысай 1942 жылы қыркүйекте Коминтерннен қол үздім деп жариялағанда 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз халық республикасы” деп жарнама жариялады. Соңғы кезінде Оспан тобы осы жарнаманың негізгі орны болып қалды. Бұның барлығы кешегі тарихта еді. Осы тарихи құжаттардың қазірге дейін сиясы кепкен жоқ.
Сонау өткен заман тарихын алып айтсақ оны қытайдың өзі белгілеп 17 өлкесін кесіп 300 жылдық жасаған ұзын қорғаны бар еді. Осы қорғанның сыртының барлығы Түркістан жері, Шынжаң деген сөз 1738 жылы Манчу Хандығының Шынжаңға жіберілген Генералы Зо Зұ Таң қойып алған есімі еді. Сол кезден бұрын да, және кейін де осы біз айтып отырған Шығыс Түркістан өлкесі Жұнғария – Қашқария болып екі әкімшілік район арқылы іс жүргізіп келді. Қашқария, яғни Алтышар ұйғыр халқының мекені, ал Жұнғария Қазақ халқының атамекені болып келе жатыр. Сонау 552 жылы қазақтардың Үйсін Хандығының орталығы қазіргі Жемсары ауданындағы Қағанбұт қаласы еді. Сондықтан біздер Шынжаң деген жер атын танымаймыз. Ол кездегі Жұнғария – Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Құмыл, Гансудың Жу жуан аймағы еді. Біз төңкерісшілер осы жерлерді дауламай тұра алмаймыз. Үкіметтеріңізге жоғарғы қолбасшыларыңызға жеткізіп қоясыздар” деп Момынбай би, Сәдуақас молланы жібердік.
Осы өкілдерді қорғап Бүркітбай батыр алып барып Сарсүмбе қаласына енгізіп жіберді. Қайтарында Ертіс бойлап Шібеті өрлей келе жатып жау қолына түсіп кетіп 13 адамды бандит Шың Шысай 1943 жылы 18 қыркүйекте Сарсүмбе қаласына апарып атты. Осы жылдың жазында 12 адамдық бір шолғыншы жіберілді. Сарсүмбеге дейінгі екі арадағы жер тазалығын тексеруге кетіп еді. Шың Сысай бандылары Алтайдағы монғолдан Бурыл бастық 19 адамды Шаңырақты Қызылдағы қарауылға жіберіп ол жердегі Оспан қарауылын талқандап келуге бұйырыпты. Кәмел, Қапас қатарлы адамдар  бұл қарауылды қиратып 18 мылтық, ат-көліктерін түсіріп келді. Тек Бурыл дейтін бір монғол қашып құтылған болаты

Ресей қазақтың арасына іріткі салғысы келеді

Жақында ресейлік  lenta.ru  сайтында «Младший жуз. Появится ли на берегах Каспия новое государство?»  деген тақырыпта мақала шықты. Авторы Петр Бологов деген  біреу. 
Негізі  мақалаға  назар аудармай-ақ қоюға болар еді. Бірақ,  алаш баласын іштен ірітуді  көздейтіндердің әрекеттерін әшекерелеп отыруды  маңызды санадық. Екіншіден,  бұл мақала әлеуметтік  желілерде де біраз талқыланды. Жасырып, жапқанмен жұрт біліп отыр.
Шамасы, ресейлік саясаттанушылар мен журналистер  өздерін қазақ тарихының білгірі санайтын болулары керек соңғы жылдары  егемендігімізге қауіп төндіретін  пікірлерді жиі айтады. Жын иектеген В.Жириновскийдің сандырақтарына етіміз үйренген. Ресей мен Қазақстанның интеграциялық  қадамдарының астарынан  Кеңес одағының «жаңа нұсқасын»  көргісі келетіндерді де кездестіріп жүрміз. Ел азаматтары Ресей думасының спикері С.Нарышкиннің  пікірлеріне  нақты жауап беріп, қарсы  уәж де айтқан былтыр.  Бірақ, мына мақаланың болмысы бұрынғы әңгімелерден бөлектеу шықты бұл жолы. Себебі,  күні бүгінге дейін айтылып жүрген әңгімелерде солтүстіктегі  көршілер  интеграцияны  отарлау құралына айналдырғысы келетіндігін байқататын. Ал, мына мақала таза арандату. Елді  іштен іріту үшін жасалған әрекет.  Енді  мақаланың мазмұнына  қысқаша тоқталсақ.
Мақала авторы  ең алдымен Жаңаөзен  оқиғасынан кейінгі елдегі жағдайларға сараптама жасағысы келеді. Айтқысы келгені Маңғыстау түбегіндегі қайғылы оқиғадан соң  еліміздің батысында  орталыққа бағынғысы келмейтіндердің қатары көбейіпті-мыс. Жаңаөзендегі толқуларға  әлеуметтік жағдай ғана емес,  байтақ мекеннің күнбатысын мекен қылған қазақтардың  Каспийдің жағасында  автономия құруға, тіпті тәуелсіздік жариялауға  дейін барығысы келетін  ұмтылыстары әсер етіпті-мыс. Сонымен бірге  қазақтың тарихын бүге-шігесіне дейін білетіндей сайраған автор  қазіргі Қазақстан аумағында  Ресей империясына  қосылғанға дейін  үш мемлекет болғандығын айтады. Ұлы жүз, Орта  жүз және Кіші жүз  біртұтас Қазақ хандығының  құрамдас бөлігі, әкімшілік-территориялық  бөлінісі екендігіне көз жұма қарайды.  Алаш баласын үш мемлекетке  бөліп көрсетеді.  Содан соң Маңғыстауды қоныс қылған адай руы  орталық  билікке ешқашан бағынбағандай қылып көрсетеді.
«Адайлар  ұзақ уақыт бойы қазақ хандарының да,  орыс патшаларының да билігін, кейіннен тіпті большевиктерді де мойындаудан бас тартты (Маңғыстауда 1930 жылға дейін адайлардың  Кеңестерге ешқандай да тәуелділігі жоқ көшпелі бірлестігі болды)  және олардың  тарихы  хиуалықтармен, түркімендермен, ирандықтармен, қалмақтармен казактармен және басқалармен болған үздіксіз соғыстарға толы. Демек, жауынгерлік пен тәуелсіз болуға деген ұмтылысты адайлардан ешкім ала алмайды» дейді. Содан соң, 1989 жылғы Жаңаөзен көтерілісін,  сондай-ақ 2011 жылғы толқуды, саясаттағы ауыс-түйістерді өзінше талайды.  Бізге Жаңаөзен қаласында болған 1989 жылғы көтерілістің тарихы таңсық емес, 2011 жылғы толқулар туралы да азды-көпті  хабардармыз. Бәлкім, ақиқаты әлі ашылмаған шығар, дегенмен  мәселенің  билік пен халықтың арасының алшақтап кетуінен туындағанын  жақсы білеміз. Өзгелері тек қосалқы себептер. Бірақ, айтпағымыз ол емес. Автор ел билігіне араласып  жүрген азаматтарды  туып-өскен өңірлеріне қарай бөліп, солардың қызметтегі ауыс-түйістерінен  рушылдық пен жершілдіктің көріністерін іздейді. Ең сорақысы  Ақорда  төңірегінде,  Үкіметте жоғары  лауазымды қызмет атқарған һәм атқарып жүрген азаматтарды  руларға бөлуге  тырысқан.  Мақалада  «…но в целом в органах центральной власти представители родов и племен прикаспийского региона, по сравнению с выходцами из других областей, представлены крайне слабо» дейді. Қысқасы,   ресейлік автор қазақтардың арасында руға, жүзге бөліну бар екендігін, оның тіпті мемлекеттік қызметте де  байқалып қалатынын  жазады. Шамасы Петр Бологов ел ішінде кездесетін түрлі қауесеттерді  тәуір жинаған тәрізді. Орыстардың  ел ішін іштен іріту жолындағы әрекеттеріне өзіміздің кейбір саясаткерсымақтардың,  әсіребелсенділердің  түрлі жерлерде айтып қалатын  пікірлері, өздерінше жасаған сараптамалары кәдімгідей қолғабыс болып жатыр. Орыс авторы  саясаттанушы  Данияр Әшімбаевтың  пікірін  алға тартады. Сондағысы  «Жаңаөзенге  кезінде біліктілігі төмен, мәдениетсіз, әлеуметтік талаптары жоғары  жұмыс күшін  әкелудің салдарынан толқу туындаған-мыс». Бұл жерде әңгіме тағы да сол оралмандарға қатысты екендігі белгілі. Кезінде Тимур Құлыбаев та,  Ермұхамед Ертісбаев та Маңғыстауға  Өзбекстан мен Түркіменстаннан оралмандардың көп келгенін айтып,  бұқараның билікке наразылығын сонымен байланыстырған болатын. Ал, Данияр Әшімбаев Маңғыстауға жұмыс істеуге барған  өзге өңірдің, соның ішінде Оңтүстіктің қазақтарын да айтқан болатын.   Енді  сол пікірлерді ресейліктер  өзімізді іштен іріту үшін пайдаланып отыр. Мақалада  «Маңғыстау облысын қай жылдары кімдер басқарды?, олардың қайсысы  сол өңірдің тумасы?» дегендей біраз  мәселені талдапты. Ашықтан-ашық  жүзге, жершілдікке бөліп отыр. Абырой болғанда авторға біздің жақтың «пысықтары» Маңғыстау әкімдерінің  нақты руларын айтуды ұмытып кеткен тәрізді. Әйтпесе, ру-румен жіктеп, жіліктеп берер еді. Бір сөзбен айтқанда мақала қазақты іштен іріту үшін жасалған  тағы бір қадам болды. Бірақ,  мәселе  мақаланың жазылуында емес,  осныдай мақалалардың  жазылуына себеп болып отырған жайттарда. Біздіңше, өзге жұрттың қазақ туралы мұндай  формада пікір білдіруіне бірінші кезекті өзіміз  жол ашып қойдық. Ел ішіндегі ұсақ-түйек әңгімелерді,  қауесеттерді әлеуметтік желілерде де,  баспасөзде де айта береміз. Сөз бостандығының сиқы бұл. Аузымызға келгенді айтамыз. Дәлеліміз бен дәйегіміз болмайды әдетте. Екіншіден, биліктің халыққа ашық болмауының да зардабы бұл. Қауесеттерге қатысты  мәлімдеме жасайтын шенеунікті көрген жоқпыз. Өздеріне қатысты әңгіме шықса, бұғып, тасада қалуды қалайды көбі.  Үшіншіден,  біздің саясаттанушылардың «зерттегеннің жөні осы» деп жөн-жосықсыз пікір  білдіруінің салдары. Данияр Әшімбаевты ресейліктердің  дерек көзі ретінде алып отырғаны да содан. Сонымен  бірге  қазақтың тарихының да  әпсаналарға толы болуының салдары бұл. Тіпті, кейбір әпсаналарды қазіргілер де жасап жүр. Әлгі орыс авторы «Қазақстан мұсылмандар одағы» деп аталатын  бүйректен-сирақ шығарып жүрген ұйымның төрағасы Мұрат Телібековтың пікірін беріпті. Ол 2009 жылы бүй депті: «Адайлар адуынды, өр мінезді келеді. Қазір бұл өңір тұрғындарының  экономикалық  жағдайы нашар. Адамдар «алтынның» үстінде отырғанын жақсы  біледі,  бірақ  кедейдің күнін кешуде. Олардың ойынша мұндай әділетсіздік адамдарды шетін қимылдарға  итермелейді…Егер  болашақта  да халықтың жағдайы жақсармаса Батыс Қазақстан   әлеуметтік  толқулардың ғана емес,  сеператистік қимылдардың  ошағына айналуы мүмкін. Егер орталықтың саясаты  өзгермесе Батыс Қазақстан жеке мемелкетке айналады»
Міне,  бұл Мұрат Телібековтың  сөзі. Телібеков Жаңаөзен толқуынан кейін еліміздің батысында тәуелсіз ел құру идеясы өршігенін айтады. Жаңаөзенде   құқық қорғау  органдары қызметкерлерінің қару қолдануы мұндай идеяның туындауына себеп болыпты-мыс.  «Мұндай идеяны Маңғыстау жұрты қабылдай ма? Еш күмәнсіз  қолдайды. Егер  бүгінде  мұнайдың майлы шелпегін барлық қазақстандықтар бөліссе,  Маңғыстау  бөлініп шыққан жағдайда  барлық табыс өздеріне қалады». Бұл Телібеков пен сол сияқты арандатушылардың  ойлап шығарған әпсанасы. Телібековтың  осы пікірлерін  әлгі ресейлік автор берді. «Батыс Қазақстандағы қазақтар жеке мемлекет құру идеясын қолдайды» деген пікірді осылай санамызға сіңіріп жатыр. Сөз жоқ,  мұндай пікір әсіре рушыл һәм жершіл кейбір адамдар үшін майдай жағатыны анық. Олар елдің  көңіл-күйін бұзуға  әжептәуір әсер етеді. Әпсаналардың тағы бір кері әсеріне тоқталайық.
Әдетте адайларды жауынгер ру ретінде бағалайды. Бірақ, қазақтың танымында тек адай ғана жауынгер емес. «Кіші жүзді найза беріп жауға қой» деген тәмсіл бар.  Дегенмен, ел, жер, намыс үшін қазақтың кез-келген жүзінің, руының қыз-жігіттері, қысқасы кез-келген азаматы атқа қонуға бар. Тарих оны талай дәлелдеген. Сондықтан, ерлікті  жырлағанда  елдік мүдделерді естен шығармаған абзал. Біздің осы мақаланы жазуымызға түрткі болған ресейлік автордың мақаласында келтірілген мысалдар елдің өсуі жолында емес, өшуі жолындағы  идеяларды  насихаттап тұр. «Адайлар  ұзақ уақыт бойы қазақ хандарының да,  орыс патшаларының да билігін, кейіннен тіпті большевиктерді де мойындаудан бас тартты (Маңғыстауда 1930 жылға дейін адайлардың  Кеңестерге ешқандай да тәуелділігі жоқ көшпелі бірлестігі болды)  және олардың  тарихы  хиуалықтармен, түркімендермен, ирандықтармен, қалмақтармен казактармен және басқалармен болған үздіксіз соғыстарға толы» дейді. Дұрыс, Маңғыстау  түбегінде  өткен ғасырдың 30 жылдарына дейін  отаршылдарға қарсы күрес тоқтаған жоқ. Бірақ, бұл қазақтың өзге өңірлері бірден  отаршыларға мойынсұнды дегенді  білдірмейді. Орталық пен оңтүстік-шығысты қамтыған Кенесары ханның қозғалысы, Батыстағы Сырым Датұлынан басталып, Исатай-Махамбеттермен жалғасқан арпалыстар. 1916 жылы Жетісу мен Торғайда, 1930 жылдары Шығыс Қазақстанда, Созақта, Арал өңірінде болған көтерілістер , 1940-1950 жылдар аралығында Қытайдағы  Шығыс Түркістан өңірін жайлаған қазақтардың көтерілістері,  бәр де    алаш баласының азаттық жолында тұтас бір майдан құрғанын  көрсетеді. Ал, адайлар сол ұлы майданның батыс шебін қорғады. Өкініштісі біз тарихымызды  елдікке жұмылдыру жолында оқыта алмай  жатырмыз. Керісінше, рулық принциптерді наисхаттау басым әлі. Тағы бір мысал. Әдетте,  өзге  жұрт адайларды ежелден сеператистер қылып көрсеткісі келеді. Алайда,  «найзасының ұшы алтын» делінетін Кіші жүз рулары сеператистер болса Керей мен Жәнібек хандарға еріп, Еділ бойын тастап көшпес еді. Қазақ хандығының шаңырағы көтерілгенде  бүгінгі  Кіші жүзді құраған біраз рулар бір-бір уық болып қадалған болатын. Кейін, Кіші жүз рулары Қасым ханның жасағында болды. Хақназар ханның туының астынан табылды. Сонда  Кіші жүз сеператист пе?
Адайды  басқа қазаққа қарсы қойып отырған орыстардың өз мұрағаттарынан табылған бір дерек бар.  Орыс тілінде ол құжатта  былай делінген:
«1694 г., апреля 4-1696г., июль.-Статейный список  пребывания в Казахской Орде Федора Скибина и Матвея Трошина, посланных из Тобольска для переговоров с Тауке ханом.
Да  в 7203 (1) году, июня в 2 день, пошел из Тургустану (2) войною в трех стах Казачьи Орды владелец Ишак мерген, с татары… И тот вышеписанной Ишак мерген  с воинскими своими  людми в Тургустан при мне не бывали  и суды пошли, про то я не слихал же.
А в нынешным  в 7204 году, октяря в 8 день, вышеписанные татары привезли в Казачью Орду в город Тургустан  тобольского сына боярского Дмитрея Суздалцова связана, и водя по торгу продают.
Санк-Петербургское отделение Архива Российской Академии наук. Список Тобольской архивы. Часть 4. Дело 14
».
Бұл дерек  «Қазақстан тарихы ХҮІ-ХХ ғасырлардағы орыс деректерінде» атты аса құнды еңбекте (3 томдық)  жарияланған. Ғалымдар  бұл деректі Ресей Ғылымдар Академиясы мұрағатының Санкт-Петербург  бөлімшесінде сақталған құжаттардың арасынан тапса керек. Ескі орыс тілінде жазылған мәлімет бұл. Осы тұста ескеретін  бір мәселе құжаттың  түпнұсқасында берілген 7203 және 7204 жылдар деген ұғым көне орыс күнтізбесіне байланысты деректер. Бұл «әлем жаратылғаннан бергі 7203 жәнен 7204 жылдар» деген мағынаны береді, Ал, қазіргі күнтізбе бойынша  бұл 1695-1696 жылдар.  Әрине, бұл деректерді тауып,  көне орыс тілінен аударған, трнаскрипциясын  жасаған тарихшы А.Исиннің   еңбегін айырықша атап өткен жөн. Ал, мұрағаттан табылған деректі 1695-1696 жылдары шамасында Тәуке ханның ордасына келген орыс елшілері Федор Скибин мен Матвей Трошин қалдырғаны  белгілі. Бірақ, біз бұл деректің өзге бір құнды  тұсын қарастырамыз. Ол адайлардың Тәуке ханға бағынып, Қазақ  хандығында  жоғары лауазымды қызметтер атқарғандығы.  Деректегі «Ишак мерген»  адайдың Есек мергені. Есенқұлұлы Есек мерген ХҮІІ ғасырдың  екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырдың  алғашқы жартысында өмір сүрген адам. Біз шамамен солай болжаймыз.  Адайда Маңғыстауға бастап барған тұлғалардың қатарында да  осы Есек мерген  жүреді. Сонда Қазақтың ұлы ханының ордасында қызмет атқарған, үш жүздің қолын басқарған Есек мергеннің руластары сеператистер болғаны ма? Біздіңше олай емес. Адайдың орталық биліктен алыстап, Маңғыстау  түбегіне қарай көшуі Қазақ хандығының стратегиялық жоспарларының бірі болуы бек мүмкін. Өйткені, Түркістан өңірін жайлаған адайлар  ХҮІІІ ғасырдың 20-40 жылдары арасында Маңғыстауға  қарай көшті бастады.  Бұл көшті Ер Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар бастағандығын тарихшылар әлдеқашан мойындаған.  Мұншама батырлар елді  бастап көшуі үшін  тек екі себеп  болуы мүмкін. Біріншісі, орталық билікпен келіспеу. Бұл болжамды бірден жоққа шығарамыз. Себебі, ел аузында да, жазба деректерде де  мұндай әңгіме әзірге кездеспеді, Екінші жағдай орталықтың арнайы тапсырмасымен елдің аумағын кеңейту үшін көшу. Бұл қисынға келеді. Қазақ та ақымақ емес, ел құрып отырды. Шығыстағы жоңғардың пиғылын, түбектегі түркімен ағайынның ойын, оңтүстіктегі өзбек қалаларының ұстанымын білмеді деуге келмес. Ерте ме, кеш пе бұлардың кез-келгенімен қақтығыс боулы мүмкін екендігін ХҮІІІ ғасырдағы ел ағалары білмеді деу қате. Адайлар да осындай қауып-қатердің  бірінің алдын алуға аттаған жұрт. Әйтпесе, Тәуке ханның  тұсында ордада  беделі жоғары боғлан Есек мерген сынды батыры бар адайлар  шөбі шүйгін, қысы жұмсақ, әулие мен.әмибелі өңір Түркістан төңірегінен көшпес еді. Адай көшінің бастапқы кезеңі 1722 жылдарға сәйкес келеді. «Ақтабан шұбырындыдан» бір жыл бұрын адай баласы Маңғыстауды бетке алған. Кейін, 1740-471 жылдары Маңғыстауға адайлардың ағылуы тіптен күшейген. Оны неміс ғалымы Р. Карутць  жазады. Біз емес, Р. Карутць бір ғасыр бұрын жарық көрген «Среди Киргизовь вми Туркменовь на Мангышлакь»  атты еңбегінде  адайлардың Маңғыстауға  толықтай 1740-50 жылдары орналасып алғандығын айтады бір ғасыр бұрын жарық көрген кітабында.
Мұндай оқиға Абылай хан заманында да қайталанған. ХҮІІІ ғасырдың  60-жылдары Шығыс Түркістанға  қарай көшкен қазақ  рулары ұзақ жылдар жоңғардың қолында болған атамекенді  орталық билікке қарату үшін жылжыды. Шекаралық аймақтарға  қоныстанып, ол жер қазақтікі екендігін  байқатты Қытайға. Қазір Алтайдағы керейлер, Тарбағатайдағы наймандар, Іленің бойындағы албандарға «бұл жер сендерікі емес!» деп көріңіз. Өлсе де келіспейді, өйткені ол жер қазақтың  атамекені. Адайлардың  басындағы жағдай да осындай. Өкінішке қарай, біз оны сеператистік көзқарас ретінде қарастырып кеттік. Саясаттанушылар да, саясаттанушы болғысы келіп жүргендер де  анық-қанығына  бармастан осындай идеяны айтады. Айтпақшы, Абылай хан қайтыс болған соң  қазақта орталық  билік те қалмағанын  естен шығармау керек. Сонда бұрын ұлы хандардың оң жағынан табылған адайлар орыстың қолшоқпары болған хандарға  бағынуы керек пе? Мәселенің осы жағы тағы бар. Біз тарихымыздағы оқиғаларды тек деректер ретінде ғана  сипаттап, астарына үңілмеудің кесірінен  өз арамызда да,  өзегеге де  теріс пікірлер  сіңіріп жатырмыз. Ал, оны Петр Бологов секілділер өзімізге қару ретінде  пайдалануда. «Кіші жүз: Каспий бойында жаңа мемлекет  пайда бола ма?» дейді. Армандамасын, қазақ енді  бөлінбейді.

Амангелді Құрметұлы
“Жебе” газеті, 7 наурыз, 2013 жыл.
Мақаланың газеттегі тақырыбы: “Бөлінгенді бөрі жейді” дейді бұл қазақ” 

Алтай кімге керек?

Алтай кімге керек?

Күллі Түркі жүртының ата мекені, Америкадағы үндістердің «Кіндік Алтайы», табиғаты мен тарихы таңғажайып алып аймақ –  Алтайдың тағдыры кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Әсіресе Алтайдың күңгейі мен теріскейін жайлаған Қазақың бұл мәселеде айтары бөтен,  армандары мен дәрмендері  әрқилы.
Сенатор, ғалым ағамыз Әділ Ахметовтың сөзімен айтар болсақ: «Алтай күллі Түркінің шыққан жері, ата мекені. Күллі адамзаттың алтын бесігі».  Өкініштісі сол Алтайдың төрт бұрышы төрт елге қарап «төртеуі түгел болмай тұр».  Қытайға қараған бетінде қарт алтайдың көз жанарындай қос көлі Үліңгір мен Қанасы жатыр. Тарам-тарам болып құлап аққан жеті өзені қысық көздердің кепкен кенезесін жібітіп, майы мен көмірін, алтыны мен темірін сорған қомағайлардың құлқынын толтыруға бұрылды.  Ертіске құятын өзендердің басына салған кен орындарынан аққан улы қалдықтарға ие бола алмай, қойманы бұзып кетті деп өткен жылы бір рет ауыр умен улады.
Шыңғысханның өкіл әкесі, атақты Тұғұрлдың тұқымдары  XVII –XVIII ғасырда үшінші рет ата мекендері Алтайға көшіп барып қоныстанған болатын. ХХ ғасырдың басы мен ортасына қарай  зұлым Қытай мен қатыгез Сталинның жымысқы саясаттарының құрбаны болды.  1949 жылы Манас өзенінде соғыс тоқтатқан Ұлттық армияның  генералдары мен қазақ басшылары «Ұшақ апатында өлді» деген желеумен  өлтіріліп,  Ұлттық армия жауынгерлері Сталинның қысымынан  соғысты жалғастыруға мүмкіндік ала алмай, ақыры  Қазақтың тәуелсіздік деп соққан жүрегін ауыр соққыға ұшырады. Мүмкін сол жүректер әлі соғып та жатқан болар.  Енді ондай мүмкіндік туа ма жоқ па оны Алла білер. Ендігі кезек қойдан қоңыр қазағымның басына түсті. Дінді шектеп, тілден айыра бастады. Жайлауын алып, суын иемденген қысық көздер ата-бабасынан көрмеген ырғын байлықтың құшағына енді. Тілі шүлдірлеп шыққан қара домалақ қазақтар мұқтаждықтың әсерінен қоңыр тіршіліктен сол қысқтардың қыңыр тіршілігіне бет бұрды.
Қазір Қытайдың Алтай аймағының 50 пайыз халқы қазақтар. 300 мыңға жақын қазақ сонда өмір сүруде. 20 жылдан бері шақырған Тәуелсіз Қазақ еліне бет бұруға біреудің шамасы келді, біреудің шамасы келмеді. Біреулердің шамасы келсе де алып Алтайын қиып кете алмады. Алтын босағасын, ата-баба жұртын тастап кетуді ар көрді, намыстанды.  Тірі болса Алтайда тентіреп, өлсе құшағында жатуды мақсат етті. Тау елінің ерлігі осылай көрніс берді. Кім білсін экономикасы мен саясаты, адамгершілігі мен пиғылы қақырай бастаған Қытайдың басына  күн туа қалса ол қайран елгеде бір мүмкіндік болар. Алла тағала ол қазақтардың да ниеті мен көз жастарын көрер.  Кешегі алып Кеңес Одағыда солай тоз-тозы шыққан.  Қытайдың да бет алысы мәз емес.  Иллаһи…
Ал терістік Алтайда Алтайлар мен Теленгіттер жатыр Алтай республикасы болып. Өкінішітісі осы Алтай деген ұлттың христан дінін ұстайтын Керейлер мен Наймандар екенін, Шыңғысханның қылышынан қашқан Меркіттер екенін біреу білсе біреу білмейді. Алтайлар ислам діні жетпей қалған қазақтар болатын. Сталин осы өзгешелікті мықты пайдаланып Алтай ұлтын қолдан жасап, қарығы ашылмаған халықты екіге бөлді.  Тура Енесей Қырғыздары (Хаккастар) мен Ыстық көл қырғыздары сияқты.  Алтайлардың тілі 80 пайыз көне  қазақша, 10 пайыз мұңғұл диалекті, 10 пайыз орыс тілінің қоспасы. Алтайлар көне Түркілердің Шаман дінінде қалды. Дүние танымы баяғы Алтай  қазақтарымен бірдей. Тіпті музыка аспаптары мен тұрмыс салттарына дейін Алтай қазақтарына ұқсас, тек дін жетпей қалған.  Ал Теленгіттер – біздің Төлеңгіттер болатын, яғни Шыңғысхан ұрпақтарының атшы-қосшылары болатын.
Алтай Республикасының  30 пайызы яғни 70 мыңдайы Алтайлар. Олардың бір бөлегі өздерін Телеуіт, Щор ұлтымыз деп атап жүр. Міне бұл ұлтты бөлшектеудің орысша үлгісі болатын. Арақты атасының асындай ішуді үйреткен орыстар ақыры Алтайлардың ұлттық сапасына да осындай түрлі жолдармен әсер етті. Жан саны өспей, дүниеден бейхабар, арақкеш ұлттқа айнала бастады.   Президенті де орыс – Бердников Александр.  Жолыңыз түсіп Таулы Алтай қаласына бара қалсаңыз танысқан Алтайлар өздерін «Ұлтым – Алтай, руым Керей немесе Найман, тіпті Меркіт» – деп айтатыны бар. Осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан шекарасында ұлты Керей боп жазылған Қазақтарды көріп Қазақ шекарашылары олардан ұлтын қайтадан жазып әкелуді талап етіпті, міне бұл Орыстардың тағы бір айласы болса керек.  Қайран аңқау жұртым мәз боп жүргенде біреулер оларды сыртынан саудаға салып жатыпты.  Соңғы 5-6 жылдан бері Алтайлар ұлттық мүддені мықтап көтере бастады, тіпті Түркі халықтарымен қарым-қатынастарын күшейтіп рухани жақтан серпіле бастады. Енді оларға Түркі жұрты арқа тірер тірегі болып көрінуде.
Ал Мұңғұл Алтайы қара көз қазақтарымыздың қолында. Кәзірше басқа Алтай жерлеріне қарағанда елі орынша, жері бұрынғыша. Бейбіт.
Ал туыстас біз қазақтар сол діні басқа, Терісті Алтайдағы бауырларымыз үшін не істеп бердік? Түк те. Тіпті анау Қытайдағы қазақтардың тіліне тұсау салынғанын  да көре тұрып «мыңқ» етуге жарамадық. Қытайдағы қазақтар – жетім қазақтар болды да, Алтайлар өгей балалар болды.  Осылайша байлығымызды сүліктей сорған Қытай мен Орысқа бас көтеріп қарауға шамамыз келмеді ме?
Жо,жоооооқ. Мына мәңгүрттенген қазақтарға тек ғана ақша керек. Атақ керек. Ұрпақтың болашағы мен бабалардың аманаты олардың миына кірмек емес. Олай болуға мемлекетте  де саналық тәрбие жүргізіліп жатқан жоқ. Өз елінде барды өзіне жеткізе алмай жүріп ол «Бейшараларға» қайдан көмек болсын. Мүмкін олардан қызғанатын шығар бәз біреулер.  Ал жүрегінде оты, кеудесінде намысы бар қазақтардың қолы әлі ауыздарына жетпей жүр. Енді қашан жетер екен?
Масондардың майда саясатына қылқынған билік ұлттық мүдде туралы айтсаң тек бас изейді де буынып қалады.  Ауылда отырып, үй салуға жер таба алмай жүрген бейшара қазақтар осы біздің қазақтар болар. Бәлкім Қазақстан сол Алтайлы қазақтардан көмек күтіп жүрген де болуы мүмкін.  Иә олар аямай көмектесті. Қазақстан тәуелсіздік  алғанда Мұңғұл Алтайы жүз мыңдаған ерікті жауынгерлерін жіберіп ұлттың саны мен сапасына ұлес қосты, намысын оятып, жүректерін жібітті. Қазақы ақпарат саласын қалыптастырды.  Ал Қытай қазақтары тіпті 1960-1962 жылдардың өзінде неше жүз мыңдаған адамын жіберіп хал үстінде жатқан қазақтың жүрегіне жан бітірді. Кеше ғана тәуелсіздіктен кейін келген  Алтай қазақтары «бітпейтін құжаттар» мен «таусылмайтын кедергілерге» қарамай Қазақстан үшін жан кештілікпен жұмыс жасады. Тіпті сол шеттен келген қазақтар мына кедергісі мен кесапаты көп қоғамда тұрақтап тұру үшін әлі күресіп жатыр.  Кеткен орыстың орнын толтырып, қашқан немістің күркесіне ие болды. Бірақ оларға жер тимеді.  Неге?  5 қазақ жер алып мың қазақ далада қалады?  Неге 5 қазақ үй алып,  мың қазақ пәтер жалдайды? Ол кімге керек? Мүмкін қолы аузына жепеген қазақ саясатпен алыспайды деп ойлайтын болар. Онда қателескені, тура солай ойлағандардың тұқымы болашақта Қазақстанда табан тіреп тұра алмайтын болады. Ендеше ұлы Алаш идеясы қайта көтерілу керек. Ол: «жер, жер және жер». Мұны Әлихан Бөкейхан атамыз айтқан болатын.
Енді «Әлқиса сөзімізге оралайық. Алтай кімге қалу керек? Біздің қуанышымыз бен жұбанышымызға ортақтасқан, жан аямай көмектескен  Алтай жұртына қарыздармыз, білген адамға.
Алтай ұлы Түркілердің бізге қалтырған сыиы болатын, аманаты болатын. Оны Күлтегін бабамыздың өсиетінде, тасқа қашап жазып кеткенін бәріміз білеміз. Ендеше Алтай тек ғана біздікі болуға тиісті.   Ол үшін ұлттық әлеуметтік жағдайды сөз жүзінде емес іс жүзінде орындауға көшкен абызал. Тек ақша мен атақты мақсат еткен жабайы экономикалық саясаттан гөрі нақты қоғам мен елге сай әлеуметтік экономикаға бет бұруымыз керек.  Әлеуметтің әлеуеті көтерілсе анау қара көздерімізге де көмектесуге мүмкіндік болар еді. Ал мүмкіндігі бола тұра тым болмаса сөз жүзінде қолдап, сенім мен медет беретін Қазақ елінің билігі моралдік жақтан шіріген, тұлғалық жақтан тұралаған.  Олар, яғни биліктегілердің біразы  анау 40-45 жылдардың жетімдері.  Ал олардың орнын басатын біздің міндетіміз өте ауыр. Бұл ұлы Алтайды сақтап қалуға шамамыздың келісінше құлшынуға жетелейді.  Заман осылай дами берсе орыс азаяды, азады.  Қытай өзін-өзі жеп, қақырайды. Біз сол кезде Алтайға көмектесуе дайын болуымыз керек. Ұзақ болашақтық саясат ұрпақ қамымен сәйкесуі керек, ағайын! Біздің Қазақ ғана емес күллі Түркі жұрты Алтайға қарыздар. Ол біздің Алтай әрі солай болуға тиісті. Мүмкін біздің қолымыздан не келер деп ойларсыздар. Алла қаласа бәрі келеді.  Қазірдің өзінде саяи, экономикалық, рухани жақтан қолдауға Қазақстанның шамасы қаптал жетеді. Алыстағы ағайындарымызды мейлі олар Ислам дінінде болсын, болмасын қолтығынан демеп, үміттеріне шуақ беруіміз керек.  Бүгінімізге мәз болғаннан гөрі ертеңіміз үшін ойланғанымыз абызал.  Тек ниет таза, жүрек орнында болса, бәрі де оңалар!
Ұлы халықта ұлы мұрат болады!
Бейсен  Ахметұлы

понедельник, 20 мая 2013 г.

Сайран ҚАДЫРҰЛЫ:«Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа ешқандай қылмысым жоқ!»

Сайран ҚАДЫРҰЛЫ:«Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа ешқандай қылмысым жоқ!»

Халқымыздың бір туар азаматтарының бірі Сайран Қадырұлы туралы Жебе ақпаратының өз ойын білдіріп алыстағы ағайын бізге рухани демеу бергеніне мың алғыс айтамыз.
Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан белгілі саясаткер, білікті дипломат Сайран Қадырұлына моңғол баспасөзінің «отанын сатқан», «Қазақстанның шпионы»  деген айып тағып, елді дүрліктіргенін  айтқанбыз. Дипломатқа атажұрттағы қандастар да қолдау көрсетіп, бірнеше ақпараттық порталдар  хабар таратқан-ды.
Ал, facebook-та Сайран Қадырұлының  өзі  дүрліккен моңғолиялық қазақ жастарына  басу айтып, өзін қолдаған ағайынға алғысын білдірді. Сонымен бірге,  алдағы уақытта мәселенің мән-жайын айтуға  уәде етті. Біз  қандасымыздың өз  пікірін ұсынысып отырмыз.
«Ардақты ағайын, бауырлар, жастар!
Мен туралы жақсы пікір жазғандарға, қолдағандарға, және де теріс түсінікте жүрген бауырларға барлығына Алла разы болсын айтамын.
Ең әуелі айтарым алаңдайтын еш оқиға болған жоқ, мен кәзір Уланбатырдамын. Денсаулығым да жақсы, Құдайға шүкір.
Сәл сабыр етсеңіздер аз уақыттан кейін барлық жағдайды ашықтан ашық өзім міндетті түрде баяндап беремін. Бұл тек менің жеке басымның ғана мүддесі емес Монголиядағы бар қазақтың тағдырына, болашағына байналысты іс болғандықтан қайткен күнде барлық ағайынға толық мағлұмат беремін деп уәде етемін.
Ал мына баспасөз бетіндегі қара PR ға келсек бұл әдейі жасалып отырған іс. Иелері, демеушілері, қолдаушылары, ұйымдастырушылары бәрі бәрі маған таныс. Қай жақтан, қандай мақсатпен лақтырылған тас екені бесенеден белгілі. Әр сайлаудың алдында, сайлау барысында қаншама сөз айтылады, 23 жылда қаншама жала жабылды. Жан жақтан атқылап шұрық тесік жараланған қасқырдай болған түріміз бар.... Үлкен саясат оңай іс емес.
Монғолияда Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа жасаған ешқандай қылмыс ісім жоқ. Ниетің түзу болса, ісің адал болса, білімің, тәжрибең жеткілікті болса ешкім сені төмендете алмайды.
Жастарға айтарым әлі көп, сабырлы болыңдар, басқаның ой-пікірін дұрыс түсініп, құрметтей біліңдер, ФБ сияқты әлеуметтік желісін дұрыс пайдаланып, халықтың ой пікірін дұрыс қалыптастыратын, мәдениетті, парасатты ақыл иесі болыңдар. Мен үнемі хабарларыңды, әңгімелеріңді оқып қадағалап отырамын.
Барлықтарыңа амандық тілеймін!»
Жебе-ақпарат

Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы



Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ға- сырдың басында Манжурия үкіметінің қол астында болып келген моңғолдың да билік жүргізу құқығы болмағанын ескеру керек. ХVІІІ ғасырдың ортасынан бері Алтай өлкесін мекен еткен керей, найман да негізінен қытай заңына бағынып келгенмен, олардың өз ішінде белгілі құқықтық жүйенің жойылмағандығы көп нәрсені аңғартады:
біріншіден – Шыңжан өлкесінде бірнеше ұлттың өкілі тұратындықтан, Ман- журия үкіметінің оларға қандай да бір руаралық заң жүргізуіне негіз болмады, өйткені, қытайда өз ішіндегі ру-тайпаларының ісіне араласпайтыны тағы бар; 
екіншіден – 1850-1965 жылдары Қытайда Тайпиндер көтерілісі бол-ды да, осыны ұтымды пайдаланған Шыңжандағы мұсылман халқы Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алып, өз әкім- шілік құқығын жүргізуге мүдделі болды;
үшіншіден – қазақ халқы ислам дінін ұстанады, ал моңғол ішінде сталиндік саясатқа дейін дінге қысымшылық деген болмаған, сондықтан барлық үкім-жар- ғылыр шариғат негізімен жүргізіліп отырды;
Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстану тарихы
С.Мұқанов “Тянь-Шаньның теріскей жақ бетіндегі халықтардың басым көпшілігі қазақтар. Олардың алды Қытай өлкесіне Абылай заманында өткен [25]-деп жазған болса, ғалым С.Толыбековтың еңбе-гінде: “Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1742 жылы Ресей билігіне қарауға наразы болып, өз қарамағындағы елдің біразын алып, Шығыс Түркістанға көшкен [26] - делінген. Бұл орайда қазақтың Моңғолияға қоныстану тарихы Қытайдағы қа-зақтың тарихының жалғасы деуге болады.
Керейдің батыры Жәнібектің де отаршылдық саясатқа наразы бо- лып, өз қарамағындағы халықты ертіп Шығыс Түркістанға көшкен- дігі жайында Ә.Тортаева [27] тың дерек келтіреді. Мұны ғалым И.Қа- бышұлы да жоққа шығармайды: “Ақтабан шұбырындыдан” кейін Ал- тайға ең алдымен абақ керей, сонан кейін ашамайлы керей, артынан найман келді” [28].
Орыс саяхатшысы Г.Е.Грумм-Гржимайло қазақтың Қобда бетіне көшу себебін жер мәселесімен байланыстырады. Өйткені 1850-1965 жылдары Қытайда атақты Тайпиндер көтерілісі болып, ол бүкіл Ганьсу, Шэньси провинциялары мен Шығыс Түркістанды қамтыды. Шыңжандағы мұсылман көтерілісшілері Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының көп жерін басып алды [32].
Ал Цинь империясы мен Ресейдің саясатында Шығыс Түркістан жері мен оны мекендеген қазақ рулары туралы мәселе көптеген жыл- дарға дейін созылған келісім-шарттардың нәтижесінде шешіліп, қа- зақ тайпалары, соның ішінде керейдің көп бөлігі Батыс Қытай өлке- сінде қалды [33].
Өйткені, Абақ керейдің 1864-1881 жылға дейін қай мемлекетке қа- рауы туралы мәселе 1881 жылы Петербор қаласында Ресей-Қытай ке- лісімі кезінде шешілді. Шығыс Түркістан Маньчжурия үкіметіне қарайтын болды.
1. Алтай өлкесі ұлан-байтақ болғанымен, мал шаруашылығы үшін қолайсыз еді. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың басынан Алтай жерінде басталған егіншіліктің тез дамуы мал жайылымының азаюына әкеп соқты.
Осы жағдайлар ХІХ ғасырдың ортасында жергілікті халық пен көшіп-қонып жүрген қазақ арасындағы жер мәселесін ушықтырды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, оларға жайылым жер керек болды. Бұл жағдайлардың барлығы қазақ руларының біраз бөлігінің Алтайдан Қобдаға қоныс аударуына әкеп соқты.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қытай елінің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Қытайдың аз ұлттарға қарсы жүргізген кер-тартпа саясатының салдарынан жер-жерде ұлт-азаттық қозғалыстар өріс алды. Қазақтың Қобда бетіне қоныстануының тағы бір себебі осы болатын.
3. Қазақ рулары жергілікті Маньчжурия өкіметіне тікелей салық салудан бас тартты. Өйткені, мұсылман діні бойынша бұрыннан қа- лыптасқан салық түрі (зекет, ұшыр) рудың өзіне тән еді.
1930ж-1940ж. аралығында Шығыс Түркістанда қазақтар Қытай үкіметіне қарсы бірнеше көтерілістерге қатысып, 1944ж-1949ж. Іле көтерілісінде негізгі рөлді атқарды. Қазақтар әрқашанда Синьцзяньның саяси өмірінде ерекше орынды алатын, себебі Шығыс Түркістандағы барлық көшпенді халықтардың ішінде қазақтардың саны көп болатын, сондықтан да оларға тиісу қауіпті болды.
«Сһаіпа    НапсІЬоок»        статистикалық    жинақта    ,    1937ж-1944ж. арасындағы Қытай халқының саны жөнінде былай жазылған, Синьцзяньда 4,360,020 адам тұрады,   соның   930,000     адамы  қазақтар   болды. Ал, 1953ж-1954ж.        Бүкіл     Қытайлық     санақ     жүргізу          мағлұматтарында Синьцзяньда   509,000   қазақ  болғаны  анықталды.Сараптай   келе,   10  жыл ішінде қазақ халқы 421,000 адамнан айырылды. Бұл қазақ халқына деген этноцидтің болуының жалғасын білдіреді, бірақта енді Қытай аумағында.
Хандығы жоқ халықтың Қытайға қарсы көтерілісі   жеңілумен аяқталу салдарынан, 1936ж. 18 мың қазақтардың Барколден Цинхайға миграциясы басталды. 1 мыңға жуық отбасы Баркөлде қалып, Алтайға қайта оралды. 1938ж. 500 қазақ отбасы Моңғолияға кетті және 5 мың қазақ Тибеттен өтіп, Үндістанда қоныстануды шешті.
            1940ж. қыркүйегінде 5 мың қазақ Тибетке жетіп, бір жылдан астам уақыт Тибет руларымен соғысты. Тибетте суықтан, аштықтан, қарлы аурудан жөне мейірімсіз тибеттердің оқтарынан 2 мыңға жуық қазақ көз жұмды. Қалған 1000 отбасы немесе 3039 адам 1941жылдың қыркүйегінде Үндістанның шекарасында орналасқан Демчок деген жерге келіп жетті.