Желтоқсан оқиғасы

16 желтоқсан күні Алматыда, Брежнев алаңында болған
желтоқсан оқиғасынан
бері 26 жыл өтті. Сол кездері студенттер Қазақстанның компартиясының
бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты басшылық тағынан алып тастау шешімін
өзгертіп, оның орнына келген Ульяндық обкомның бірінші хатшысы Геннадий
Колбинді ауыстыру талабымен ереуілге шыққан болатын. Үш күн қатарынан
студенттер мен милиция қызметкерлерінің арасында қатты қақтығыстар
болды. Нәтижесінде 99 адам қылмысты жауапкершілікке тартылған, оның
екеуі ең қатаң жазалау шарасына кесілді. Бүгін біз "15 желтоқсаншылар"
туралы, олардың сөздері бойынша жазылған тарихын жарияламақпыз
1.
Бахытқали ТАУБАЕВ,
50 жаста
Ренішім қалды. Бірақ менен бүлікші және халық жауын жасады. 86-жылы
құрылыста ағаш шебері болып жұмыс жасадым, артымда әскер, Оренбургте
ұшқыштар жасағы қалды. 17-сі құрылыстағы жігіттер жиналып, бір жерге
кетіп қалды. Мен далаға шыққан болатынмын. 28 гвардиялық-панфиловшылар
атындағы саябақта сөзуар жақсы, нанымды түрде cөз сөйледі. Тіл, құқық,
жеріміз, бейбітті түрде наразылық жайлы айтқан болатын. Ол артынан ерте
алды, сөйтіп біз алаңға шықтық. Жол-жөнекей, шекара басқармасынан қашық
емес жерде, Дзержинский көшесінің жоғарғы жағында жасақшылар мен біздің
арамызда соқтығыс болды. Менің жанымда екі жігіт болды. Бір студенттің
бас сүйегін жарған болатын, оның есімі әлі есімде – Бейсембеков Ерлан.
Мен де соққының астында қалдым, сапер күрегімен ұрған болатын. ІІАБ алып
келіп, жауап алып, жіберді. Жаңа жылдан кейін мені қамауға алып, "егер
фотоальбомдағы біреу жайлы мәлімет беретін болсаң жібереміз, айтпасаң,
отырғызамыз", - деп айтқан болатын. Мен оларды бідмеймін. Көзім көрмеген
нәрсені қалай айтамын? Алайда мені айыптаушылардың қолынан келді.
Куәгерлер сымақтар тіпті мені түтқындау күніндегі киімімді сипаттай
алмады. Мен шекара басқармасына баса көктеп кіріп, торды жұлып алғанымды
айтқан болатын. Мен не Рэмбомын ба? Мен ағаш шеберімін. Ол жақтағы
торды тіпті сүйменмен бұза алмайсың. Прокурор 10 жыл сұрады, бірақ
әйтеуір 4 жылға дейін төмендетті, ал менің ол кезде екі кішкентай
балаларым болды. Қарағандыда отырдым. Мен әкімшілікте жұмыс жасамадым.
Бір артық қимыл жасасаң, бірден карцерге қамайтын: «Мынау желтоқсаншы
қайтадан бүлік шығаруда дегендей. Кеңес үкіметін балағаттағаным үшін,
абақты алаңында күзетшінің погонын жұлып алған тәрізді тағы екі жыл
қосқан болатын. Мен аштық жариялап, 49 кг-ға дейін арықтаған едім.
Жертөледе 3 айға қамап, кейін Павлодарға жіберді. Ол жақтың асханасында
аспазбен төбелестім, ол бізге жетіспейтін қаймақтың құтысын алып кетіп
жатқанын көрген едім. Қайтадан "бір өзім" қалдым, сонымен бірге, бір жыл
қосты. 88 жылдары ісімізді қайта қарап, 90 жылы бостандыққа шықтым.
Ерікте мені бірнеше жыл қыспаққа алған болатын. Көрші көшеде бір төбелес
шықса болды, бірден мені ІІАБ алып кетіп, соққыға жығатын. Жұмыс таба
алмай жүрдім. Бір адам маған көмектесті, мені күзетші автобусына
жүргізуші қызметіне алған еді. Жалпы, мұның барлығын есіме алмауға
тырысамын. Тек бір адамды еске аламын, ол полковник Воробьев. Жалғыз сол
адам мені тыңдап, нұсқамды естіп, адамша сөйлескен болатын.
Қазір мен жұмыс жасамаймын. Денсаулығым жоқ, түрме әсерін тигізді,
ауруларым, жасым келді. Төрт балам бар, оқиды, қызым жуырда жұмыс
бойынша Америкаға сынақ мерзіміне кетеді. Өздері күндерін көруде,
олардың сабақтарын төлей алмаймын. Бақыттымын ба? Менің балаларым -
менің бақытым. Түрмеде отырған кезімде төрт жылда әйелім мен балаларымды
үш-ақ рет көрдім. Тек хаттар мен суреттер келетін, оларды оқып, бірден
жыртып тастайтынбыз. Бізге қарсы ештеңені пайдаланбас үшін істейтінбіз.
Бостандыққа шығуымнан бері көп уақыт өтті, ал мен әлі күнге дейін
жанұяма бермегеннің есесін толтырудамын.
2.
Анар СЕРКЕНОВА, 44 жаста
Мен 18 жаста болдым, менде жастық асыра сілтеушілік болатын. Бұл
неліктен болды? Қазір ешкім ол сұрақтың жауабын білмейді. Тіпті оқиғамыз
ортақ болған адамдар шындықты толық айта бермейді. Бұл жылдардың ішінде
желтоқсан оқиғасы жайлы толық сипаттап, бейнелеген, түсіндірген бірде
бір мәлімет оқыған емеспін. Оны есіме алуды ұнатпаймын, себебі 18
жасымда мен үлкен психологиялық тұрғыда қатты әсер алдым. Мен әлі күнге
дейін айтқандарымның жөні бар деп санаймын. Мүлде ұлтшыл адам болған
емеспін, Медведка деген орыс ауылында туып-өстім. 1986 жылы
Талдықорғанда заңгер мамандығы бойынша оқып жүрдім. Сарафандық радио
Алматыдағы болып жатқан ахуалды хабарлаған болатын. Достарымызбен
жиналып, алаңға шықтық. Бізді тарқатып жібердім. Мені шақыртып алып,
әңгімелесіп, түрме ғана мені жөнге салатынын айтты. 30 желтоқсан
сотталып, Жаңа жылды тордың артында қарсы алдым. Жазаны өтеу мерзіміне -
1,5 жыл берді. Ата-анам қатты уайымдап, анам сал болған болатын. Әкем
үш жыл бұрын қайтыс болды - сол жылдардың салдары...Бұл оңайға түспеді.
Заңгерлік техникумда оқып жүрдім, ал онда түсу қиын еді, прокурор, сот
төреші болуды армандадым, сөйтіп зэк болып шықтым. Еңсемді көтеріп,
бостандыққа шыққанан кейін Алматыға келіп, бірнеше күн вокзалда тұрып,
бас киімдер фабрикасында жұмысқа орналастым. Кейін мен техникумға қайта
келіп, тұрмыс құрып, екі қыз тәрбиеледім. Бәрібір заңгер болып шықтым.
Қазір транспорт серіктестігінде қызмет атқарамын. Мен кезінде әкем
айтқан сөздерді есіме аламын: "Бір күні барлығы өз орнына келеді".
Білесіздер ме, жақында мені, 18 жасар қызды алаңда тұрғаны үшін соттаған
сот төрешісі шулы іс бойынша Жоғарғы Соттан өтіп, орнынан кеткені жайлы
естіген болатынмын. Сол кездері, 26 жыл бұрын, мен 20 жасқа да толмаған
едім және өмірімді қайта бастауға күш таптым, ал 50-ден аса жас
шамасында өмірін қайта бастау оған қиынға соғады.

3.
Нурлыбек КУАНБАЕВ, 48 лет
Шу. Айқай. Біз бірінші пардан шығып, алаңға жол тарттық. "Менің
Қазақстаным" өлеңін айтқан болатынбыз. Алдымен қар ұшып, артынан
тастардің ұшуы жалғасын тапты."Келдектер іске асырыла басталды. Қараңғы
түсе бастаған кезде, өрт сөндірушілер келіп, барлығына су шаша бастады.
Өте суық болғаны есімде. Біздің топтағы бір балада транспарант болғаны
жағдайымызды қиындатқан болатын. Тергеу тобы бәрінен жауап ала бастады.
Транспарант - бұл қатысушылық, тіпті ұйымдастырушылық. Бізбен Қазақ КСР
прокуратурасы айналысты, сол себепті басқалар секілді ауыр соққыға
жықпаған болатын. Мені отырғызбаса да БЛКЖО-дан шығарып, 1987 жылдың 1
наурыз айына дейін қаладан кететініміз жайлы қолхат алған болатын.
Болашаққа барар жолдың барлығын жабу үшін бәрін жасады. Қызылордаға
үйіме қайтып кеттім. Кейін жергілікті органдар құпиялы пошта арқылы
мұқиятты бақылау өткізгенін білдім. Ол кездері оның мағынасын түсінбеген
едім. Көп ұзамай Шахановтың комиссиясы жұмысын бастап, ал 1992 жылы
Назарбаевтың үкімі бойынша желтоқсаншылардың ақталуы жайлы жарлық шыққан
болатын. Мен Алматығы оралып, университетке қайта келдім. Бірақ мен ол
кезде 25 жаста болдым және КазГуде физиканы игеру қиын болды. Үйлендім,
қазір үш балам бар. Кейін мен жұмысқа шықтым. Соңғы жұмыс орным -
мектепте география пәнінің мұғалімі, жалақым өте аз болды. Бізге бірнеше
жыл бойы еңбекақымыздың екі есе көтерілетініне уәде беріп келді. Мен
кассаға келіп едім, еңбекақыма бар болғаны үш мың теңге қосқан болатын.
Өткен жылдары 15 пайыз қосқанын айтты. Сол күні-ақ жұмыстан шығып
кеттім. Қазір қоғамдық жұмыпен айналысамын - АҚБ "Желтоқсан"
Ұлттық-патриоттық қозғалыстың" төрағасымын.
Білесіздер ме, мен ешқашан ештеңеге өкінген емеспін. Әр ұлттың басынан
өткізетін тарихи оқиғасы болады. Егер ол сіздің ғасырыңызға келсе, яғни
солай болу керек деген сөз. Бірақ ең қиыны кейін болды - репрессияның
сермері іске қосылды. Түсінесіздер ме, ол кездері бізді ешкім қорғай
алмады. Тіпті соғысқа қатысқан әкелеріміз. Менің әкем коммунист болатын.
Оны сол кезде каверге шақырып, сөгіс айтты, ол маған ешуақытта ұрысқан
емес. Ешқашан. Бізге әлі күнге дейін ресми статус қойған жоқ. Бұл маған
жетіспейтін жалғыз нәрсе шығар.
4.
Жүрсін ТАСТЕКЕЕВ, 47 жаста
1986 жыл, КазГу-дың физфакультетіндемін, 21 жастамын. Біз 18 минут
ішінде ОК бірінші хатшысын орнынан тайдырып, Қазақстанда бірде бір рет
болмаған адамды қойғанына сене алмадық. 17 күні біз жатақханадағы
жігіттермен дастархан жайып, курстасымыз палау әзірлеген болатын. Кенет
даладан айқай-шу ести бастадық. Адам көп. Дастархан сол күйі қалды.
Алаңда Қонаетың шығуын күттік, шығып, бәрін түсіндіреді деп үміттенген
едік. Бірақ оның орнына сахнаға прокурор және үкіметтің тағы басқа
өкілдері шығып, тарауымызды сұрады. Кешке бәрін таратуға бұйрық берді.
Олар қыз немесе ұл болғанына қарамады. Бәрі соққының астында қалған
болатын. Маған келдек тиді, жатақханаға қашып кеттім. Біздікілер суып
кеткен дастархан басына жиналды. Ал топтағы қыздар мені қаза болды деп
ойлап, жылап отырған еді. Мен ең соңғы болып келген болатынмын. Келесі
күні қайта алаңға шықтық. Барлығы түс сияқты сезілді. Бір қорқыныш та
болмады. Жігіттердің біреуі егер үш күн тұра алсақ, ТМД бізге назарын
аударып, бізге араласады деп айтқан болатын.
Бір сәт есіме түсті. Жүріп келе, ЕХЖшылар - ерiктi халық жасағы алаңның
кіре берісінде қатарлап тұрғанын көрдік. Ол кездері орыстарды біз
балабақшалардың тас-талқанын шығарып, өлтіріп, орыстарды жарақаттаймыз
деп қорқытатын еді...Оларға арматуралар берген, тастары болды. Менде
қорқыныш сезімі пайда болды, оларға қарасам да, қорқыныштары сезіледі.
Ер кісілердің біреуі: "Жігіттер ол жаққа бара алмайсыңдар, үйлеріңе
қайтыңдар",- деп айтқан болатын. Біз әрине тыңдамадық. Алаңның кіре
берісінде автобусты көрдік. Бізді ұстамақ болды. Қаша жөнелдік, көбісін
ұстап алды. Кейін барлығын бір-бірлеп прокуратураға жауап алу үшін
шақыра бастады. Неліктен екені белгісіз, біздің топтан жалғыз мені ұзақ
уақыт шақырмаған болатын. Мен өзімді бір сатқын секілді сезіне бастадым.
Әйтеуір, лекция кезінде костюм киіп алған екі адам келді. Декан ызалана
бастады, олар кешірім сұрап, бұл соңғы рет екенін айтты. Мен қолымды
көтеріп, шығуға рұқсат сұрадым. Өзім. Ал бізбен, ағылшын тілінде
жүргізілетін физфакта менің Құрманғазы Рахметов есімді жерлесім оқыды.
Біз оны әлі күнге дейін сыйлаймыз. Ол ешкімді ұстап берген жоқ, өзі 7
жыл отырып шыққан болатын. Шулы процесс өткен болатын. Мені сұрастыра
бастады, қай жақтан екенімді сұрады. Мен - Семейденмін,- деп айттым. Сол
кезде олар - Сен Рахметовты танисың ба? Яғни сендер екен ғой
ұйымдастырып жүрген!,- деп айтқан болатын. Сосын жатақханада жігіттер
келіп неліктен айттым және ертең барып айтқандарымнан бас тартуымды
айтқан еді. Келесі күні мені басқа кабинетке алып барды. Лауазымы жоғары
біреу сұрады: "Оны неге алып келдіңдер? Сен алаңда болдың ба?". Мен
жауап қайтардым: "Жоқ". Ол сосын мені шығарып салып "Біздің ісіміз аз
дейсің бе?" деп жібере салды. Мен коридормен жүріп келе жатқанымда
Құрманғазыны көрдім, оны бір жаққа алып бара жатты. Қасында ірілеу
келген ер кісі болды. Амандасуға жақындадым. Сол кезде мені қайта ұстап
"Сенің жерлесің бе? Алаңда болмадым дейсің бе? Тоқтай тұр, қазір сенің
суретіңді іздеп көрейік" - деген болатын. Ол кабинеттен шығып кетті.
Құрманғазы маған ол жерде әрбір бетте менің суретім тұрғанын айтып, қаш
деген болатын. Мен кетіп қалдым, ары қарай мені университеттен шығарып,
1987 жылдың 1 наурыз айына дейін қаладан кетуім керек болды. Құрылыста
болдым. Ал менің армандарым болатын. Сол кездері ауылдан шыққан балаға,
КазГУ-дің физфак факультетіне түсу қиын болатын. Мен мектепте жақсы
оқыдым, бірде бір үштік деген бағам болмады. Түсіп, ғылыммен айналысқым
келді. Алайда, бәрі ғайып болды...
Бүгінде балаларды тәрбиелеудемін. Кәсіпкерлікпен айналысудамын. Бәрібір
ештеңеге өкінбеймін. Біз тәуелсіздік алдық - бұл осы тарихтағы үлкен
нүкте. Ең бастысы осы.
5.
Абайдулла РУЗИЕВ, 48 жаста
"Егер қазақ болмасаң, неге шығасың?" дегенді қалай түсінуге болады? Иә,
мен қазақ емеспін, бірақ Қазақстанда тұрдым және тұрамын. 1986 жылы
барлық жатақханадағылар көшеге шықты. Мен ол кезде Киров атындағы
зауытта стерженшінің көмекшісі болып жұмыс істедім. Біздің жатақханамыз
көп ұлтты болатын: қазақтар, ұйғырлар, түріктер және татарлар. Барлығы
ұйымшыл бейбітті ереуілге шыққан болатын. Ол кезде біз саясатпен
айналыспадық. Біз әділетсіздікпен күрескен едік. Орталықтағы үстемдік
етушінің маңына 500 адамдай жиналды. Осы 500 адамнан тек екеуі ғана жаза
мерзімін алған болатын. Олардың бірі - мен. Алаңдағы трибунаға Үкімет
үйінің адамдары шықты, барлығымыздың таралуымызды сұрады, бірақ ешкім
тарамады. Сол кезде олар әңгімелесуге ғимаратқа бірнеше адам жіберген
болатын. Бірақ біз содан кейін оларды көрген жоқпыз. Сосын, олар
студенттерді қуа бастады. курсанттар бізді соққының астына алды. Мен
қарсылық көрсеттім. Бізді осындай суықта сумен шашқан өрт сөндіру
көлігін өртеген болатынбыз. Бұл қызықты қылжың да бола алады...Өрт
сөндіретін көлік - өртеніп кетті.
Бізді Калинскийлік ІІАБ-на алып кетті, 15 тәулік отырып шықтым. 15
рубльге айыппұл төлетіп, жіберген болатын. Күнәмді мойындамадым, бір
айдан кейін артымнан жатақханаға келді. Бес жылға соттаған болатын. Әлі
күнге дейін "жазғырылғандардың" есімдері есімде - Бриль және Манахаев.
Алдымен Гурьевте отырдым, кейін Маңғышлаққа жіберді, сосын Кемеров
облысындағы ағаш құлату өңіріне. Жалпы айтқанда, 3,5 жыл жазамды өтедім.
Мен өзім Алматы облысының Шелек ауданындағы Қаратұрық ауылынан боламын.
Білесіздер ме, мен өмірімді жоспарлап та қойған едім. Зауытта токарь
немесе фрезерлеуші мамандығына оқып, кейін мүмкін зауыттан пәтер беріп,
қалада тұрамын деп ойлаған болатынмын. Армандарым орындалмады. Ерікке
шыққан кезде, зауытқа оралмадым, десе де олар шақырған еді. Қайтып оралу
- адамгершілікке жатпайды. Мен үшін оларда қиындықтар туған болатын.
Ауылыма қайтып келіп, құрылыста, сосын темекі егуші болып жұмыс жасадым.
Қазір егін шаруашылығымен айналысудамын - көкөністер, жемістер,
ақырындап өмір сүріп келеміз. Сонымен қатар, балаларымды тәрбиелеймін.
Өкініш жоқ. Алайда, денсаулығым нашарлады. Қазір алаңға шығар да едім,
тек мүмкін әлдебір статусты қорғап қалу үшін. Желтоқсандықтар үшін,
әрине. Ал ол кездері жас болдық, әділеттілікке сенген едік. Бізде
жатақханада заң болды: бір бауырымызды ренжітсе, біз ол үшін тұратын
едік. "Барамын-бармаймын, қазақ - қазақ емес" деген болмады. Біздің
көзқарасымыз бойынша әділетсіздік болды, сол үшін де біз күрескен
болатынбыз.

6.
Әлімжан ОМАРОВ, 43 жаста
Менің туған күнім 17 желтоқсан. Бұл маған сотта көмектесті. Мен орыс
тілінде айтылған тұжырымдаманы еске сақтап қалған едім: "қылмысты істі
жасаған кезінде кәмелетке толмаған болатын". Кәмелетке толмаған жасымда,
8 сыныпта Шымкенттен Алматыға келдім, жанұямызда жеті бала бар, мен
оның екіншісімін. Мектеп-интернатта физика-математика бағытында оқыдым,
бітіріп, КазГУ-ге оқуға түстім. Сол күні жастар "Жаса, Қазақстан!"
айқайымен көшелерді бойлай жүріп жатты. Мені курстасым ұстап берді. Кім
екенін айтып не керек? Жамбылдың тергеушісі менен жауап алды. Біз ол
кездері орыс тілін нашар білетін едік. Ол менен қазақша сұрайды, орысша
жазады. Мен қол қоямын. Қалағанының барлығын жазды. Кейін сотта мен
Құрманғазы Рахметовтың ісі бойынша қарсы куәгер ретінде шығатынымды
білдім, оны айыптайтын қағазға қол қойыппын. Аудармашы сот залында маған
аударған кезде, мен бірден ол сөздерден бас тарттым. Олар мені жалған
көрсетулерім үшін жауапқа тартатынын айтқан болатын. Мен келістім,
адамға жала жаба алмаймын. Мен сотта оның көзіне тік қарап тұрған едім.
Барлық газеттерде Құрманғазының ісі жайлы жазған болатын. Егер тіпті 2
жыл берсе де, үйге әскерге кеттім деп жазамын деп ойладым. Олардың
көздеріне қалай қараймын? Бірақ әкем газеттердегі мақалалардың бірін
оқып: "Балам, бұл расымен де сенбісің?" - деп сұраған болатын. Барлығын
айтуға тура келді. Ол маған ұрыспады, маған сенген болатын.
Адвокат іздестіре бастадым. Ешкім "халық жауын" қорғағысы келмеді. Тек
заңфакультетінің түлегі, жас бір қыз келіскен болатын. Бұл оның бірінші
ісі боды, ол жақсы дайындылды. Ақпараттар жинап, мектепте жақсы
оқығынымды айтты, мен мектеп кезінен жұмыс істедім, мақтау қағаздарым
бар. Прокурор колонияда болумен, 4 жыл сұрады. Мен оны естіген кезімде,
демім тартылып қалды. Қорытындысында шартты 6 ай берді, "химияға"
жіберген болатын
(Еңбекке тартумен шартты мерзім)
Мен үйге жұмыс жасау үшін қайтып оралдым. Мені қанағаны тек -
ата-анамның үмітін ақтамағаным. Бізден нашақор, арамтамақ, "халық жауын"
жасады, қолдарымен көрсететін. Бригадада жұмыс жасадым, біз жүзімді
алдық, есімнен алжасып кетемін деп ойладым. Мен жайлы өсек айтып жүрді
және мен өз қорғанышым үшін ештеңе айта алмадым. Сіз мұны түсінбейсіз.
Әкемнен қасымда адам болмайтындай жұмыс табуды сұрадым. Мені қойшының
көмекшісі етіп алды. Дала, қойлар және өзің жалғыз. Барлығы жайлы ойлап
отыруыңа болады. Осылайша жарты жыл өтті. Мен сол кезде ешқашан Алматыға
оралмаймын деп ойладым, оны жек көрдім. Мен кетіп бара жатқанымда жақсы
оқыдым, барлығы білетін, ата-анам мені мақтан тұтатын. Мерзім
аяқталғаннан кейін әскерге кеткен болатынмын, Монғолияда қызмет жасадым.
91 жылы оқуыма университетке қайта келдім, бітіріп аспирантураға түскен
болатынмын. Бірақ кейін ғылыми қызметті тастау керек болды - қиын
болатын, отбасымды асырау керек: базарда сауда жасадым, жүк тасымалдаушы
болдым, кез-келген жұмысты алатын едім. Білесіздер ме, бұл өмір
сабағынан мен бір басты нәрсе алғаным - не болмасын, адамдықты
жоғалтпау. Бұл менің қолымнан келді сен сенемін.

7.
Эльмира, 43 жаста
Он жеті жаста болдым, алыс шаһардан келген қыз. Профтехучилищені
бітірген болатынмын, бөлу бойынша жұмысқа кеттім. Барлығы ереуіл жайлы
айтып жүрді, біз жатақханадан сол жаққа бет алдық. Көшеде адам көп
болды, Абай көшесім жүрдік. Алдымыздан үш милиция шығып, бізге иттерін
жіберген болатын. Жігіттер әрине ашуланып кетті, сөйтіп иттердің үстінен
барлық жұрт өтіп кеткен еді. Сол кезде ескертпе атуларсыз, жұртқа
бағыттала оқ атқан болатын. Ол қандай оқ болғанын білмеймін. Меніңше,
ешкім жарақаттанбады. Барлығы ызаланған еді. Сол милиция қызметкерін
соққының астына алды. Біз алаңға бара жатқан жол бойы оның тірі қалу,
қалмауын ойлап келдім. Көп жылдар бойы ойлағаным - кімнің дұрыс болғаны.
Біз адам емеспіз бе, атып несі бар?
Алаңда ине шаншар жер болмады. Мүмкін, бұл менің сұрағымның жауабы
шығар. Бізді қуып жіберді, басқа жақтан кіре бердік. Мұздай сумен шашты,
менің шашым ұзын болатын, таңертең оларға мұз қатып қалыпты. Сол
сезімім әлі есімде. Жылыну үшін от жақтық. Бұл оқиғалардан кейін, мен
және тағы бір қызды наурыз айына дейін ІІАБ бойынша алып барған болатын.
Екеумізді қинаған болатын, сол кездері көбісін қинады...Бір қызды қаза
болды деп ойлаған еді, ал ол мәйітханада есіне келді. Барлығымыз
қиындықтардан өттік. Көпшілік мұны есіне алғысы келмейді. Әкем мені
қолдаған болатын. Анам...Қазір үш балам болған кезде, оны түсінемін. Мен
ана ретінде балаларымды ешқайда жібермес едім, өзім-ақ баратын едім.
Бұл аналық ырықсыз сезім.
Жылдар өте, бұл күн мен үшін мерекеге айналатын шығар, бірақ әзірше ол
жай ғана маңызды күн. Әр желтоқсан сайын, бұл күндері, қандай да бір
қорқыныш болады. Мүмкін, ол ғайып болуы үшін 26 жыл аз шығар.
8.
Нұрман ШЫНЫБАЕВ, 47 жаста
Мен Чунджаданмын, 1986 жылы техникумда оқыдым. Қазақ мектептерін
бітіргендер орыс тілінде қалай оқитынын түсінбеді. Барлығымыз адасулы
болдық. Орыстар бес алғанда, біз төрт алатынбыз, себебі тілден
қиындықтар болатын. Сессияларды соңғы болып тарсыратын едік. Сондықтан
біз алаңға шықтық. Біз орысқа емес, қазақстандық емеске қарсы болдық.
Біз елімізден шыққан адамға, елімізде білетін адамға келісетін едік
Бастапқыда барлығы жанжалсыз болды. Қызудың барлығы іште болатын. Бірақ
көріністі тоқтату үшін, арандату, төбелес болу керек еді, бұл бізді
тарату үшін себеп болар еді. Біз қазіргі әнұранды айттық. Алаңдардан
адамдарды тарқатып жатқан кезде, мені Уазикке қамап қойды, жарты сағат
ұстаған болатын. Бір полковник келіп, сөгіс айтып, жіберген болатын.
Қорытындысында мені ұстады, оны ұрған адамға ұқсайды деп жала жапқан бір
жәбірленуші адам табылды. Істі жылдам таратып, бір айдан соң мені 8
жылға қамауға алды. Осыншама кісі өлтіруге береді, ал мен ешкімге қол
жұмсамадым. Сот залында анам жылап жіберді. Сосын деңгей бойынша -
Маңғышлақ, Қызыл-Орда, Екібастұз, Жамбыл. 87 жылы әке-шешем маған
Қызылордаға келді. Кейін әкемді көрген жоқпын, бір жылдан кейін о
дүниелік болған болатын.
2,5 жылдан кейін менен бір бапты алған болатын. Сөйтіп 3 жыл отырып
шықтым. Оқып жүрген едім, үздік студенттердің қатарында болдым. Сөйтіп
кенеттен ең нашар қылмыскерге айналдым, жақын адамдарым мен болашағымнан
айырылдым. Бұл әділеттілік пе? Үлкен әділетсіздік!
9.
Асқар БЕКБОСЫНОВ, 46 жаста
Мектеп кезінде жақсы сызатынмын, сондықтан әскерден кейін сәулет
өнерінің техникумына түстім. Үйлер салғым келді, бұл жақсы жұмыс. Сөйтіп
қазыналық үйге түстім. Өзім Аралдан боламын, Алматыда техникумның
жатақханасында тұрамын, ол алаңнан 5 минут жол жүретін жерде орналасқан.
Мен әрине жағдайды білген кезде алаңға бардым. Мен айтпақшы,
жатақхананың старостасы болған едім. Кішкентайларды, 15 жастағыларды, 8
сыныптан кейін түскендерді жібермедім. Қыздарды жатақханадан шығармадым.
Ал үлкендерін өзін жинаған болатынмын. Бізде Лениннің суреті болды.
Қыздардан далап алып, "әр елге - өзінің көсемі" деп айтқан әлемдік
пролетариаттың сөзін жазған болатынбыз. Сол суретпен мені суретке
түсірген болатын.
Көлікті жиналған жұртқа бағыттай жіберген кезде, адамдар бір-бірінің
үстіне құлай бастағаны есімде. Ағаштан жапырақтар түскендей, адамдар
құлады, түсінесіздер ме? Барлығын, тіпті қыздарды да келдекпен ұрды.
Бізден алқаштар мен нашақорларды жасады. Ал мен ол кездері тіпті шылым
шекпедім, қазір шегемін. Жаңа жылда үйге, Қызылордаға барып келіп
үлгердім. Алматыға келдім. Техникумда маған барлығы бір қызық қарайтын,
бірақ ешкім себебін айтпады. Досымды таптым, ол мені бірнеше апта
іздестіріп жүргендігін айтты. Бөлмемде екі күн жаттым. Сосын мерекелік
костюм киіп, тіпті галстук тағып, оқуға бардым. Сол күні екі жігіт те
галстук тағып келген болатын. Мені алып кетті, бір ай АҚК-ның
жертөлесінде ұстады. Онда ештеңе болмады: төсек-орын, матрас, ештеңе
болмады. Жауап алады, ұрады, жертөлеге алып барады, осылайша күні-түні
уақытым өтті. Тіпті терезе болмады, уақытты білмедім. Арасында соққыға
жыққан адамдарды да алып келетін. Олардан да жауап алған шығар. Бір
жігіт маған - Сейфуллиндағы изоляторға сұран, сені мұнда заңсыз ұстауда,
- деп айтқан болатын. Мен сұрандым. Ал онда, сенесіздер ме, сағат сайын
серуендеуге болады! Қорытындысында мені 2 жылға соттаған болатын. Мен
сондай жеңілдеп қалдым. Неліктен? Мені өмір бойы отырғызады немесе ату
жазасына жібереді деп ойлаған едім. Сөйтіп мені Балқашқа жіберді, ал
онда әскерде қызметте болған едім. Анамның сол кезде маған айтқаны: сені
Алматыға жіберуге болмайды, бір нәрсе болса, Жезқазғанда жоғалып
кетесің, біресе әскерде, біресе түрмеде. Жалпы, нашар болған жоқ. Онда
да адамдар бар. 87 жылы мені жүк тасымалдаушы қаққан болатын, аяғым
сынды. Мені Карлагқа жіберді, "халық жауы" ретінде аяғымды кеседі деп
ойлаған едім. Бірақ кеспеді.
Қазір балаларым бар, үш қызым және ұлым. Жұмаққа түсесің дейсің бе?
Тозақ та болсын, тек Балқаш емес. Бақыттымын ба? Сұраққа жауап бере
алмаймын. Қиын. Көп армандайтын едім, бірақ ештеңенің сәті түспеді. Біз
алаңда тәуелсіздік үшін күрестік, сөйтіп оны алдық. Шын айтсам, біз
мұндай мемлекетті армандаған жоқпыз. Барлық адамдардың тұрмысы жақсы
болғанын қаладым, бүгінгідей емес: біреу алтынның астында, ал бір
аштықта отыр.
10.
Кенжебай ОТАРБАЕВ, 48 жаста
1986 жылға дейін Тольяттиде әскерде болып, туып-өскен Жамбыл облысына
барып, Бішкекте жұмыс жасап үлгерген болатынмын, ол кезде қазіргідей
шекаралар болмады, барлығы оңай және жақын болған еді. Сосын әскерден
сыныптасым келді, мен оны күткен болатынмын, екеуміз Алматыға политехке
оқуға келдік. Сол жылы түсе алмадық. Күндіз ЖҒК-де жұмыс істедік, кеш
құрым курстарға баратынбыз: мен инженер болғым келді, тіпті биге де
бармайтынмын, тек емтихандарға дайындалып, жұмыс істедім. Бірақ сөйтсе
тағдырыма ол жазылмаған екен. 17-сі біз терезесінен адамға толған алаң
көрінетін обьектті тапсырған едік. Біз 6-7 адам болдық, объекттен кетіп
қалдық. Ән айттық, Қонаевты талап еттік, плакаттар ұстадық. Бірнеше
адамды Үкімет Үйіне кіргізді, сосын оларды ұрып, тұтқындағаны жайлы
білдік. Келесі күні біз қайта келдік. Қақтығыс басталған сәт есімде
қалды. Мен сол кезде ортасында, "Мұхит" дүкенінің қасында тұрған едім.
Кенет барлығы жүгіре бастады, менің басымды жарып, саусағымды сындырған
болатын. Жарақат пунктіне барып едім, мені ұстап алып, Алма-Аты 1
ауданындағы тергеу изоляторына алып кетті. Төрт жігіттер камерасы, екі
қыздар камерасы болды. Қатты соққыға жықты, тамақтандырмады. Тек кеш
құрым жарты кесе шәй мен бір тілім нан ғана берді. Камерадағылардың
барлығын ұрған, біреуінің көзі шыққан, біреуінің аяғы сынған, дені сау
ешкім жоқ. Мені Жаңа жылға дейін ұстаған болатын. Үйге барып келдім,
келгенімде қайтадан ұстады. "Стақанға" отырғызды. Ол не екенін
білесіздер ме? Онда тұра алмайсың, жата алмайсың, тек жартылай отырасың.
7 ақпан қалалық соттың төртінші қабатында сот болды. Сол күні
желтоқсаншылардың істері бойынша барлық қабатта сот жүргізілген болатын.
Мені 6 жылға соттады. Маңғышлақ – Тараз – Қостанай, қатал тәртіп болды.
2 жыл 3 ай отырып шықтым, 89 жылдың наурыз айында бостандыққа шыққан
едім. 1 сәуірде үйдегілер сенбеді - қалжың деп ойлаған болатын. Алматыға
қайтып келемін деп едім, бірақ анам қаты сырқаттанып қалды. 91 жылы
келдім. Метро-құрылысшы болып жұмыс істедім. Қазір мектепте шаруашылық
меңгерушісімін. Балаларым ер жетті. Айтпақшы, менің үлкен ұлымды
үзеңгілестерім Қайрат Рысқұлбектің құрметіне Қайрат деп есімін қойған
болатын. Ол да сол сияқты патриот болсын, бірақ бізге қарағанда оның
армандары орындалсын.

11.
Ұлжалғас ИСАБАЕВА, 54 жаста
Көлсай көлін білесіздер ме? Менің туып-өскен жерім, табиғаты көз
тартарлық. Алматыға 1974 жылы келдім. Тігінші-моторист болып жұмыс
жасадым, техникумда оқыдым. Күйеуге шықтым, 1979 жылы қызымды босанған
едім. Тұрмысым оңай болмады. Ал ауылдан ата-аналарым қалаға келген
кезде, олар өздерін шет елдік ретінде сезінетін. Бұл егер біз тілін
білмей, шет елге барғандай сезім. 1986-жылы Нархозда сырттай оқып,
тасшы-монтаждаушы болып жұмыс жасадым, басқа орыс тілсіз жұмыс таба
алмадым. Әрине алаңға бардық, біз айнабұлақ ауданынан барған едік. Жаяу
жүрдік. Мені ІІАБ-да 18 күнге қамауға алды. Барлық әйелдер мен оларды
үгіттегенімді айтты. Жанұям мені қайда екенімді білмей тұрғанда бес күн
балам көшеде жүрді. Ол кезде мен қызыммен тұратын едім. Сіңілім
келмегенше, қызыма ешкім қарамады. Мені соттаған да жоқ, істі жапқан да
жоқ. Барлық уақытта менің артымнан біреу жүретін. Аңдыған болатын, әр
кез қандай болмасын араңдатулар болды. Жұмыста мені бірнеше рет соққыға
жықты. Физикалық тұрғыда мықты болған едім, қарсылық көрсете алдым.
Сосын бастығым мені шақырып алып: "Колбиннен кешірім сұра, сонда сені
жайыңа қалдырады" - деп айтқан болатын. Мен бармадым, мен еш жаман қылық
жасамадым, бар болғаны алаңда тұрдым. Анам барып, менің атымнан кешірім
сұрағанынан кейін ісімді жапқаны жайлы сосын білдім. Мен ұлтшыл адам
емеспін, дұрыс түсініңіздер. Жақын құрбым - Марья Дмитриевна, екінші
күйеуім – еврей. Менен қандай ұлтшыл адам шығады? Біздің де құқығымыз
болғанын қаладым. Қазір немерелерімді де осылай тәрбиелеймін. Қазақша
бесік жырларын айтамын, оларға ұнайды.

12.
Алибек МУЗАФФАР, 55 жаста
Мен көнбіс адам емеспін. 1986 жылы 28 жаста бодым, артымда әскер,
аяқталмаған биофак бар. КОКП тарих мұғалімімен соңғы курста ұрысып
қалдым. Әскерге кеттім, қайтып келдім, басқа институтқа түсіп, жұмыс
жасадым. Балаларым бар, ол кезде екі қыз еді, қазір енді үшеу. 18
желтоқсан жұмыстан жігіттерді жинап, автобусқа отырғызып жолға шықтық.
Алаңда болған жайт бәрінің есінде қалды. Қайтадан айтып не керек? Мені
жұмыстан бір әйел ұстап берді. Мен оны іліктіреді деп қорыққаны болар.
Ісімді жылдам тергеді, 28 қаңтар сот өтті. Прокурор 9 жыл сұрады, сот
төрешісі 4 жыл берген болатын. Алматыдан алыс Маңғышлаққа жіберді. Кейін
Татарстан, Челябинск, қайтадан Қазақстан – Петропавловскке жіберді.
Мені ешқайда қабылдамады. Зонада бас тартатындар деген түсінік бар.
Еріктегілер егер қатқыл жұмыс киім кисе болды, барлығы зэк, яғни барлығы
бірдей деп ойлайды. Ал оның әртүрлі түстері бар. «Қызыл», «қара»,
«көк». Бас тартушы - «қара», зоналық тәртіпті қабылдамайды, олармен өмір
сұрмейді. Мен оларды қалайша қабылдайды екенмін? Мені жазықсыз соттады.
«Қызылдар» - мені жақтырмайтындары түсінікті, "қараларға" бәрібір
болды. Түрме - мемлекеттің кішкентай көшірмесі, организмнің кішкентай
клеткасы болып табылады.
89 жылы ісімді қайта қарады, сөйтіп тек 90 жылы ғана шыққан болатынмын. Неліктен? Мүмкін шығарғысы келмеген шығар.
(Күледі)
Біреуге түрме, біреуге үйі жат деген нақыл бар. Түрме - маған емес, мен
түрменің адамы емеспін. Түрмемен өмір сүретіндер де бар. Абақтыда
жағдайым нашар болды. Қорқынышты емес, нашар болды. Ұйқым қашты, түсіме
жиі балаларым кіретін. Ол кезде олардың жастары 1,5 және төртте болған
еді. Ерікте жүргенімде олармен көп уақыт өткізетінмін, мені олар қатты
жақсы көреді. Көзімді жұмсам - көз алдымда балаларым тұрады. Ашатын
болсам - зона. Сол сәттері қолымда автоматтың болмағаны жақсы болды.
Әділеттілікті жақсы көремін. Сол кезде осы әділеттілік үшін алаңға
бардым. Әділетсіздік орныққан кездер еді. Мені әкем кәніраттаған жоқ па
деп сұраған едіңіздер. Менің нағашы атам 37 жылы ату жазасына кесілген
болатын. Атам 3 жыл тергеуде болды, байдың ұлы болатын, атудан аман
қалды, бірақ туберкулезбен ауырып, 54 жылы дүние салды. Мұның бәрі
әкемнің есінде еді, мен де ұмытқан емеспін. Сондықтан кейбір жағдайларға
менің қатынасым басқаша бола алмайды. Айтпақшы, мойындайтын жайт,
қазірдің өзінде менің көп затқа қарным ашады. Ауысқанның барлығы - тек
көрініс үшін.
13.
Қасым АБІЛҚАИРОВ, 46 жаста
1986 жылы архитектуралық университеттің екінші курс студенті болдым.
Сол күйі оқуымды бітірмедім. 17-сі күні мен алаңға шықтым, мені онда
ұстаған болатын. Иә, соққыға жықты, барлығын ұрған болатын. Сотта мені
біреулерге бас салды деп айыптады, ал мен тіпті оларды білмеймін. Сотта
анам болды. Мен сотта "жәбірленушілерге" тек бір ғана сұрақ қойдым: мен
оларға соққыны қай қолыммен бердім. Оң қолмен екенін айтты. Ал мен
туғалы солақаймын. Бес жылға отырғызды. Маңғышлақта, кейін Сібірде
болдым. Сосын жаза өтеу мерзімін екі жылға дейін қысқартқан болатын. 89
жылы ерікке шықтым, басқа желтоқсаншыларға қарағанда мені толық тек он
жылдан кейін ғана ақтаған болатын. Ең қиын болған жайт, анам түрмеге
келген кезде маған "Сендерсіз қалай боламын?" - деп айтатын. Ол үнемі
"сендер" деп айтатын. Мен түсінбейтінмін, сөйтсе үлкен әпкемді де
қамауға алған екен. Ол алаңда болған, оны да соттаған екен, ал мен ол
жайлы түрмеде білдім. Ата-анамның жағдайы не болатынын ойлаған едім. Бұл
ауыр соққы болды. Мен мұның барлығын есіме түсірмеймін, ұнатпағанымда
емес, жай ғана есіме алмаймын. Қолымнан бір нәрсе жасау келді ма екенін
білмеймін, бірақ ештеңеге өкінбеймін. Ауылдан келген жігіттерге расымен
де қиын болды. Олар жақсы оқитын, тек тіл мәселесі ғана кедергі болатын.
Бір кездері өзіміздің ата-тегімізді ұмытып бара жатқандай сезінемін.
Бірақ, болған оқиғаның болмауы мүмкін емес еді.

14.
Мархаба ИБРАИМОВА, 47 жаста
Заңгер немесе тілші болуды армандадым. Семей облысының Мақаншы ауылынан
арман қуып Алматыға келдім. Жанұяда бес қыз баламыз және бір інім бар.
КазГУ-ге түсуге қорқып ҚызПи-ге құжаттарымды тапсырдым. 86 жылы соңғы
курста болдым. Бізде көбіне ауылдан келген қыздар оқыды. Жатақханамыздың
қасынан жиын жұрт өтті, көпшілігі жігіттер. Олар бізге: «Бізбен
жүріңдер, біз алаңға наразылығымызды білдіруге бара жатырмыз» - деп
айтқан болатын. Біз асығыс киініп, далаға шықтық. «Атамекен» және
қазіргі әнұранды айтқан болатынбыз. Мен құрбыммен трибунаның жанында
тұрдым. Жиналған нуда не болып жатқанын білмедік. Трибунада біреу сөз
сөйледі, меніңше онда Бағланова да болды. Бірақ Қонаев шықпады. Сосын
барлығы жаурап, ашуланып, бір-бірлерін итере бастады. Менің құрбымды үш
адам ұстап алды. Оның айқайлағаны сонша, мен кете алмадым. Мен көмекке
түсе алмайтын едім, мені бірден бұрмалап алатын еді. Ол 300 сом тұратын
қоңыр пальтода жерде жатты. Ол отбасында ең үлкені болатын, жақсы
киінетін. Оны жіберулерін сұрадым. Милиционерлердің бірі оны жібере
салып, мені ұстап алды. Бізді трибунаның артына алып кетті. Онда
милициялардың көліктері, "Жедел жәрдем" тұрды. Артымнан біреу қатты
тепкенін сездім. Ол дәрігер екенін мен анық білемін. Оның халаты
курткасынан көрініп тұрған болатын. Қалпағым түсіп қалды, неліктен екені
белгісіз, осындай сәтте қалпақ туралы ойлап тұрдым. Ата-анамызға ауыр
екенін білдік, студентке барын беретін. "Қалпағым, қалпағым!" - деп
сұрай бастадым. Сол дәрігер қалпағымды алып, басыма қатты күшпен кигізіп
жіберді. Бізді адамға лық толы көлікке отырғызды. ІІАБ-ге алып келді,
Зәуреш құрбымды тауып, қатты қуанып кеттім. Камералардың барлығы толған,
барлығы соққыға жығылған. Ол Фрунзендік ІІАБ болатын. Бізді кәріс-әйел
тергеушінің кабинетіне алып барды. Ол бізбен сөйлесе алмады. Біз оны
түсінбедік, сөйтіп бізді жас қазақ-тергеуші алып кетті. Зәуреш шыдамай,
жылай бастады. Ол 2 қаңтар күні күйеуге шығу керек болатын, жігіті оны
іздестіріп жүрді. Оның суретін көрсетті. Сол тергеушінің атын білмеймін,
бірақ мүмкін жақында үйленген немесе ғашық болған шығар, ол бізге
көмектесіп, жіберген болатын. Оның есімі есімде жоқ, бірақ кейде оны, 26
жыл өткенде тапқым келеді. Сосын мені "құлықсыз қылығым" үшін
ҚызПи-ден, комсомолдан шығарып жіберген болатын. "Құлықсыз қылығым" үшін
екенін университетке қайта түскен кезімде білген едім. Өзіммен ақталу
жайында анықтамам болды. Ештеңеге өкінбеймін. Қазір университетте жұмыс
жасаймын. Сол кездері-ақ маған адамгершілігі мол адамдар жолығатын.
Бастысы осы.

15.
Тынышбек ЕСЖАНОВ, 47 жаста
Бүгін Аллахқа не үшін жалбарынатынымды білесіздер ме? Сол кездері менде
бір күш пайда болды, ол көмектесті деп ойламын. Жүзімдік ауылынан
келген едім. Біз жанұяда 10 ағалы-сіңілі болдық, мен екіншісімін.
Әскерден келіп, шаруашылық институтына түстім. Сол күні ақылмен ойладым:
"егер барсам, қиындыққа шалдығамын". Мен шықтым, жарты сағат тұрдым,
сосын жиналған жұрты тарқату басталды, БТР, келдектер. Менің қолымда
"дипломат" болған еді, ішінде кітапхананың кітаптары мен құжаттар болды.
Сол күйі қайтып бермеді. Алаңнан кетіп бара жатыр едім, жерде бір әйел
жатты, оны көтеріп, жүріп келе жатқанымда, бізді үш милиция ұстап алып,
соққының астына алды. Дипломатпен басымды жауып, айқайлай бастадым.
Өмірімде төбелесіп көрмегенмін, төбелесуге тура келді. Сол уақытта
капитан, есімі Серік, мені ажалдан құтқарды, ешқашан оны ұмытпаймын. Ол
маған қарсылық көрсетпеуімді айтты, бізді автобусқа алып барды.
Әл-Фараби көшесімен жүріп келе жаттық. Біз автобустың терезесін
сындырып, қаша жөнелдік. Бұл соғыс болатын, ал қазір оны "оқиға" дейді.
Тауға қашқанымыз есімде, сонда мен Алматыны үстінен бірінші рет көрген
болатынмын. Қашу керек, ал мен тамсана қарап тұрдым. Сөйтіп жатақханаға
оралдым. Бірақ дипломатым алаңда қалып қойған болатын. Ондағы құжаттарым
арқылы мені тауып алды. Мен өмірімде тіпті ешкімді де ренжіткен
емеспін, сөйтіп түрме, тергеу мен үшін сандырақ болған болатын. Бізден
қуылғандарды жасады, нашақор деп атаған болатын. 5 ай тергеу
изоляторында отырдым, осы уақытта бірде бір рет жуынбадым. Мүлде! Бес
жылға отырғызып, Петропавлға жіберген болатын. "Қызыл зонаға", онда
тәртіп өте қатал. Әскерде егер соққының астында жүрсең сені әлек дейді,
ал мұнда - "әлжуазсың". Соққыға қалсаң - әлжуазсың, айтқандарын
орындайсың. Мен онда төбелестім. Құдай маған денсаулық берді, естисіздер
ме, мен төтеп бере алдым! Ондағы дәрігерлер мені шыдамайды деп айтқан
болатын. Ал мен тірі қалдым. Бойым бір метр және алпыс см, салмағым 40
килограмм болатын. Онда орыс бригадирі болатын, ол: "Мына жігіт бөлек
жұмыс істесін" - деген еді. Мені жайым қалдырды. Оқи бастадым. Уақытты
босқа өткізіп не керек? Дәнекерлеуші, токарьға оқыдым. Кітаптар алып
келуін сұрадым, оқуымды аяқтағым келді. Мен отырған кезде, бір барак
күйіп кетті, 27 адам тірілей өртенген болатын. Сол кезде жасақтағыға
айттым: "Менің барагым өртеніп кетпегенше, мені жедел шартты босатуға
жіберіңіз". Ол өтінішімді орындап, мен бостандыққа шықтым, оқуымды
аяқтадым. Мені аспирантураға ұсынып, кейін ғылым кандидаты болдым.
"Нашақор" ғылым кандитаты болды. Қазір ғылыми қызметкермен және Құдайға
мені қалдырмағаны үшін күнделікті алғысымды білдіремін.