Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы
керек!
Ғаламторда атамекеніміздің атауын «Қазақстан» емес «Қазақ елі» деп
атау туралы ұсыныс жарық көрді. Авторы Диас Азимжанов деген блоггер.
Бұл бастаманы
қолдағандар саны да аз емес. Солардың қатарында академик Ерментай
Сұлтанмұрат та бар. Біз ғалымның пікірін ұсынғанды жөн көрдік.

Диас
Азимжанов деген ініміз қазақ елінің қазіргі аталуын өзгерту жөнінде
мәселе көтеріпті. Осыған байланысты тек Диасқа емес баршаңызға төмендегі
пікірімізді ұсынып отырмыз
Диас інім!
Бастамаңыз дұрыс, өте орынды. "По своему опыту знаю, что нас часто путают с Пакистаном и Афганистаном. Многие иностранные подданные не видят разницы и в политической обстановке между нашей и вышеперечисленными странами. И сколько бы мы не одерживали побед на мировых аренах, сколько бы имиджевых реклам не было снято про нашу страну, созвучие с вышеназванными государствами (именно с приставкой "стан") портит всю общую картину о нашей Родине", - дегеніңіздің шындық екенін Біріккен Ұлттар Ұйымының "Мыңжылдық" форумының Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша экс-үйлестірушісі ретінде растай аламын. Алғашқы кезде инглшите "Каzakstan" деп аталып едік, оны кейінірек биліктегі мәңгүрттердің бірі – өзі қазақ жазушысының "продуктысы", "Каzakhstan"-ға айналдырды. "Қазақ елі", "Қазақ Орда" деген атауда мән бар. Бірақ тек осы ғана деп келте қайырып, бұл жолы да жаңылыспайық.
Жаһандану дәуірінде қазақтың болашағы түбі бір түріктердің етене жақындасуына тікелей байланысты екеніне күмәндануға болмайды. Біздің ел Ұлы түрік суперэтносының да, оның қыпшақ тармағының да белді мұрагері, оның үстіне түрік әлемінің қақ ортасында орналасқан, бүгіндері олардың арасында айтарлықтай абыройы бар, тіпті Елбасымызды түрік елдерінің ақсақалы депте жүрген жоқ па? Демек Түрік әлемін жақындастыра түсуде қазақ елінің ұйытқы болуы пешенемізге жазылған, тарихи миссиямыз. Сондықтан да Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының үш түрік мемлекетінің түйіскен жері, Ташкент пен Шымкенттің арасындағы қасиетті Қазығұрт тауының бөктерінде Түрік халықтарының тарихи-мәдени, қоғамдық-ғылыми орталығы "Тұран" қалашығын қалыптастырып жатқаны. Сонымен біздің еліміздің аталуы осынау, жаһандану топанынан сақтайтын бірден-бір жол – түрік халықтарын біріктірудегі, оның ортақ өркениетін жаңғырта дамытудағы, қазақтың да , басқа түрік халықтарының да болашағын, яғни тарих сахынасында қалар-қалмасын анықтайтын қозғалыстағы алар орнына да байланысты болса құба-құп болар еді.
Және де қандай атауды қабылдасақта ол атау қай тілде болсын қазақшасының аудармасы емес, көшірмесі болуы тиіс. Басқаларға еліктеп республика деп атаудың қазіргі дәуірде қажеті жоқтың қасы. Мемлекеттік құрылымымыз Ата заңымызда көрсетіледі.
Осы айтылғандарды да ескере отырып, Диас інім көтерген мәселеңізді БАҚ құралдарының барлық тармақтары арқылы негізінен қазақ тілінде талқылағанымыз жөн. Қазақша талқылауымыз арандатушылардан шамалы болса да оқшаулап, талқылауды байыпты жүргізуге мүмкіндік бермек. Қазірше "Каzakhstan" деген кличкамен жүрген қазақ түріктерінің елі осылайша бірнеше ай бойы пікір алмасудың, саралаудың нәтижесінде көңілге қонар, бүгініміз бен болашағымызға қызмет етер аталуға қол жеткізер деген үміттеміз, және көтерілген мәселенің баянды болуына барынша атсалысамыз.
Құрметпен,
Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ, академик
Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының президенті.
"Тұран" қалашығы, 28 наурыз 2013 ж.
"Тұран" қалашығы, 28 наурыз 2013 ж.
Комментариев нет:
Отправить комментарий