вторник, 2 апреля 2013 г.

@ Монголия Қазақтарының алтын бесігі Баян-Өлгей аймағы туралы мәлімет

Монголия Қазақтарының алтын бесігі Баян-Өлгей аймағы туралы мәлімет

Баян-Өлгей аймағы
Баян-Өлгий аймаг
Елтаңба
Елтаңба
Ту
Ту
Ел:  Моңғолия
Статусы: аймақ
Енеді: 13 сум (аудан)
Әкімшілік орталығы: Өлгий
Құрылған уақыты: 1940
Әкім: Дәрмен Құзыкейұлы
Тұрғыны (2010): 85 232 (7 орын)
Тығыздығы: 1,86 адам/км² (6 орын)
Жер аумағы: 45 705 км² (17 орын)
Баян-Өлгей аймағы картада
Баян-Өлгей аймағы, карта
Уақыт белдеуі: UTC+7
ISO 3166-2 коды: MN-071
Телефон коды: +976 (0)142
Автомобиль коды: БӨА
Ресми сайты
 
Координаттар: 48°18′00″ с. е. 89°30′00″ ш. б. (G)
 
 (O)
 
Қазақтар Байөлкеде
Баян-Өлгей аймағы (моңғ. Баян-Өлгий Аймаг, қазақша балама аты — Бай-Өлке, Байбесік) — Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлгий қаласы. Аймақ 13 сұмын және 86 бақтан тұрады.
Әкімі — Дәрмен Құзыкейұлы
Баян-Өлгей халқының 90 % — қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай ұсақ руы мен тыва ұлт өкілдері тұрады.

Географиясы

Толбо/Тұлба көлі
Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Батысында Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШҰАР-мен 450 км, солтүстігінде Сийлхэм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 27 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3% 1600 метрден биік. Аймақ территориясында Ачит, Даян, Хотон, Хоргон, Толбо секілді тұщы сулы 80- көл , 100-дей өзен, 200 бұлақ бар. Қобда, Ақсу, Согоог , Ёлт, Сагсай , Булган, Жалғыз ағаш, Буянт, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар. Қобда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар.

Моңғолия қазақтары және аймақ тарихы

Аймақтың халқы

Өлгей қаласындағы халық саны — 30 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны шамамен 97 мың адамды құрайды. Халқының 90 пайызына жуығы қазақтар. Моңғолиядағы қазақтары ең көп аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалар, моңғолдың дөрвөд этникалық тобы және ұранқай мен халха моңғолдар бар.
Ұлттық театр, кітапханалар жұмыс істеп тұр. «Жаңа дәуір», «Жаңа өмір», «Пәк керуен» балалар газетінің таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Қазақ тілінде тарайтын екі телеарнаның бірі жекеменшік. Моңғол телеарналарымен қатар Қазақстан үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы "Қазақстан", "Хабар" және "Еларна", "Астана" арналарын көруде. Содай-ақ Моңғол Ұлттық Радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тіліндегі бір сағаттық бағдарламасы таратылады. Аймақ орталығында 4 FM радио станциясы жұмыстауда.

Аймақтың экономикасы

Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 470 300. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300. Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанағаттандыра алады. Аймақ көлемінде Ресейге шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бақылау пункттері бар.
1993 жылы Батыс Моңғолия электрожелісінің "Хандгайты-Улаангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда бұл электрожелісін сұмындарға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Көршілес Қобда аймағында Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Аймақта азық-түлік комбинаты, шикізат өңдеу цехтары, құрылыс материалдар өңдеу цехтар жұмыстауда. Өлгий қаласында халықаралық әуежай бар. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұланбатыр қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар. Хотгор көмір кеңі аймақ халқын көмірмен қамтуда. Баян-Өлгий аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.

Білім беру

Аймақ бойынша 40 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектеп, Моңғол -Түрік біріккен лицейі, Мұғалімдер дайындау коллежі және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемелекетік Университетінің филиалы жұмыстауда.[1]

Аумақтық Әкімшілік бөлінісі

Комментариев нет: