вторник, 2 апреля 2013 г.

@Берлин қазақтарының наурыз тойы

Берлин қазақтарының наурыз тойы

Қайрат Қайполла ұлы

29-наурыз жұма күні, яғни немістердің ‹Osternfest› мерекесінің демәлісі орайынан пайдаланып, берлиндегі 30 семиә түркиә қазақтары жағынан кешіктіріп ұйымдастырылған наурыз тойы қала шетіне ала орман ішіндегі саяжайға орналастырылды, бұған қазақыстан және басқада жерлерден келген қазақ істудент жастармен қонақтар шақырылып бірлікте құттықтады. Жер шарының қай ендік, қай белдеуіне жүргеніне қарамай, көшпенді халықтың ұрпағы, табиғатпен етене екенін әйдіктеп жатқаны сол, орман ішіндегі саяжайдың даладағы оттығына бөріктілеріміз бірлікте ет қақтаса, жарты әлемнің жарық жұлдызы болған көріктілеріміз үй ішінде алуан дәмді құжырды әзірлеп, бейне ауылда той өткізгендей картина көз алдыңызға елестейді. Бұған қоса, істудент жастардың қазақтың қара домбырасымен халық әндерін шырқап, үлкен-кішілер бірлікте қара жорға бине басып жатқаны ұлттық рухтың қарт құрлық еурөпә төрінде де ойып орнын тауып, үлкеннің көзіне жас алдырып, кішінің көңілінің көркін ашып, өздерінің ұлы ұлттық ұрпағы екенін сезіндіргені даусыз.
Міне осындай, мерекелі берекелі ұлыстың ұлы күнінің тағы бір өзгешелігі орта жүз абызы нұрмұхамбеттың ұрпағы, атақты зуқа батырдың шөбересі орхан тосұнның жетекшілігімен өткізілген жастардың садақ тарту жарысы еді. Садақ тарту орхан тосынның бос уақытында шұғылданатын ең үлкен әуесінің бірі, ол берлиінде өткен мұңғұлдардың надам тойындағы садақ тартып, нысана атуда мұңғұл және шетелдік әріптестерін шаң қаптырып, бас жүлдені жеңіп алған мерген. Ағамыздың үйінен жігіттің бес қаруын толық көруге болады. Осынау нән қала берлинде, батыр бабаның рухын жалғап жүрген, жетелі жігіттің жетпіс өнері өздерін халалықпыз деп шертиетін әлде біреулердің десін басып, өз-өзіне келтіріп, үлгі тұтарлық өнегесі деп мақтанышпен айта аламыз!
Орхан ағамыздың тәжірибелі метөті арқасында, жалынды жастар жебе таруды тез меңгеріп алып, зор қызығушылықпен бәсекеге өтті, екі кезекті саралау арқылы жеңімпаздәрдә анықталып, ‹орамал тон болмайды, жол болады› демекші, берлин қазақ қауымдастығы жағынан әзірленген кішкентәй мереке сауғасымен марапатталды. Ең маңыздысы, жастар бұл өнерге қатты қызығушылық танытып, жарыс соңынан, қылаулап жауып тұрған қарға қарамай жалғасты шеберлігін арттыруға тырысып орхан ағадан садақ тартудың әдістерін сұрап жатқаны адамды қуантады.
Наурыз тойы болғанда, той болушы еді думанды дегендей, бұл күн естен кетпестей бір күн болды, әр адаммен, әр санада алуан ойлар тудырғаны анық. Деседе, береке-бірлікке шақыратын дастарқандармен бір-біріне бауырым деп айтар ағайын аман болсын әманда!.

@ Монголия Қазақтарының алтын бесігі Баян-Өлгей аймағы туралы мәлімет

Монголия Қазақтарының алтын бесігі Баян-Өлгей аймағы туралы мәлімет

Баян-Өлгей аймағы
Баян-Өлгий аймаг
Елтаңба
Елтаңба
Ту
Ту
Ел:  Моңғолия
Статусы: аймақ
Енеді: 13 сум (аудан)
Әкімшілік орталығы: Өлгий
Құрылған уақыты: 1940
Әкім: Дәрмен Құзыкейұлы
Тұрғыны (2010): 85 232 (7 орын)
Тығыздығы: 1,86 адам/км² (6 орын)
Жер аумағы: 45 705 км² (17 орын)
Баян-Өлгей аймағы картада
Баян-Өлгей аймағы, карта
Уақыт белдеуі: UTC+7
ISO 3166-2 коды: MN-071
Телефон коды: +976 (0)142
Автомобиль коды: БӨА
Ресми сайты
 
Координаттар: 48°18′00″ с. е. 89°30′00″ ш. б. (G)
 
 (O)
 
Қазақтар Байөлкеде
Баян-Өлгей аймағы (моңғ. Баян-Өлгий Аймаг, қазақша балама аты — Бай-Өлке, Байбесік) — Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлгий қаласы. Аймақ 13 сұмын және 86 бақтан тұрады.
Әкімі — Дәрмен Құзыкейұлы
Баян-Өлгей халқының 90 % — қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай ұсақ руы мен тыва ұлт өкілдері тұрады.

Географиясы

Толбо/Тұлба көлі
Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Батысында Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШҰАР-мен 450 км, солтүстігінде Сийлхэм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 27 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3% 1600 метрден биік. Аймақ территориясында Ачит, Даян, Хотон, Хоргон, Толбо секілді тұщы сулы 80- көл , 100-дей өзен, 200 бұлақ бар. Қобда, Ақсу, Согоог , Ёлт, Сагсай , Булган, Жалғыз ағаш, Буянт, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар. Қобда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар.

Моңғолия қазақтары және аймақ тарихы

Аймақтың халқы

Өлгей қаласындағы халық саны — 30 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны шамамен 97 мың адамды құрайды. Халқының 90 пайызына жуығы қазақтар. Моңғолиядағы қазақтары ең көп аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалар, моңғолдың дөрвөд этникалық тобы және ұранқай мен халха моңғолдар бар.
Ұлттық театр, кітапханалар жұмыс істеп тұр. «Жаңа дәуір», «Жаңа өмір», «Пәк керуен» балалар газетінің таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Қазақ тілінде тарайтын екі телеарнаның бірі жекеменшік. Моңғол телеарналарымен қатар Қазақстан үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы "Қазақстан", "Хабар" және "Еларна", "Астана" арналарын көруде. Содай-ақ Моңғол Ұлттық Радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тіліндегі бір сағаттық бағдарламасы таратылады. Аймақ орталығында 4 FM радио станциясы жұмыстауда.

Аймақтың экономикасы

Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 470 300. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300. Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанағаттандыра алады. Аймақ көлемінде Ресейге шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бақылау пункттері бар.
1993 жылы Батыс Моңғолия электрожелісінің "Хандгайты-Улаангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда бұл электрожелісін сұмындарға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Көршілес Қобда аймағында Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Аймақта азық-түлік комбинаты, шикізат өңдеу цехтары, құрылыс материалдар өңдеу цехтар жұмыстауда. Өлгий қаласында халықаралық әуежай бар. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұланбатыр қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар. Хотгор көмір кеңі аймақ халқын көмірмен қамтуда. Баян-Өлгий аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.

Білім беру

Аймақ бойынша 40 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектеп, Моңғол -Түрік біріккен лицейі, Мұғалімдер дайындау коллежі және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемелекетік Университетінің филиалы жұмыстауда.[1]

Аумақтық Әкімшілік бөлінісі

Монголия елінің астанасы Ұланбатырда Бүркітшілер тойы боп өтті

Баабар.мн сайтынан алынды

Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы керек!

Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы

керек!

Ғаламторда атамекеніміздің атауын «Қазақстан» емес «Қазақ елі» деп атау туралы ұсыныс  жарық көрді. Авторы Диас Азимжанов деген блоггер. Бұл бастаманы қолдағандар саны да аз емес. Солардың қатарында  академик Ерментай Сұлтанмұрат та бар. Біз ғалымның пікірін ұсынғанды жөн көрдік.
Диас Азимжанов деген ініміз қазақ елінің қазіргі аталуын өзгерту жөнінде мәселе көтеріпті. Осыған байланысты тек Диасқа емес баршаңызға төмендегі пікірімізді ұсынып отырмыз

                                                              Диас інім!
Бастамаңыз дұрыс, өте орынды. "По своему опыту знаю, что нас часто путают с Пакистаном и Афганистаном. Многие иностранные подданные не видят разницы и в политической обстановке между нашей и вышеперечисленными странами. И сколько бы мы не одерживали побед на мировых аренах, сколько бы имиджевых реклам не было снято про нашу страну, созвучие с вышеназванными государствами (именно с приставкой "стан") портит всю общую картину о нашей Родине", - дегеніңіздің шындық екенін Біріккен Ұлттар Ұйымының "Мыңжылдық" форумының Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша экс-үйлестірушісі ретінде растай аламын. Алғашқы кезде инглшите "Каzakstan"  деп аталып едік, оны кейінірек биліктегі мәңгүрттердің бірі – өзі қазақ жазушысының "продуктысы", "Каzakhstan"-ға айналдырды.
"Қазақ елі", "Қазақ Орда" деген атауда мән бар. Бірақ тек осы ғана деп келте қайырып, бұл жолы да жаңылыспайық.
Жаһандану дәуірінде қазақтың болашағы түбі бір түріктердің етене жақындасуына тікелей байланысты екеніне күмәндануға болмайды. Біздің ел Ұлы түрік суперэтносының да, оның қыпшақ тармағының да белді мұрагері, оның үстіне түрік әлемінің қақ ортасында орналасқан, бүгіндері олардың арасында айтарлықтай абыройы бар, тіпті Елбасымызды түрік елдерінің ақсақалы депте жүрген жоқ па? Демек Түрік әлемін жақындастыра түсуде қазақ елінің ұйытқы болуы пешенемізге жазылған, тарихи миссиямыз. Сондықтан да Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының үш түрік мемлекетінің түйіскен жері, Ташкент пен Шымкенттің арасындағы қасиетті Қазығұрт тауының бөктерінде Түрік халықтарының тарихи-мәдени, қоғамдық-ғылыми орталығы "Тұран" қалашығын қалыптастырып жатқаны. Сонымен біздің еліміздің аталуы осынау, жаһандану топанынан сақтайтын бірден-бір жол – түрік халықтарын біріктірудегі, оның ортақ өркениетін жаңғырта дамытудағы, қазақтың да , басқа түрік халықтарының да болашағын, яғни тарих сахынасында қалар-қалмасын анықтайтын қозғалыстағы алар орнына да байланысты болса құба-құп болар еді.
Және де қандай атауды қабылдасақта ол атау қай тілде болсын қазақшасының  аудармасы емес, көшірмесі болуы тиіс. Басқаларға еліктеп республика деп атаудың қазіргі дәуірде қажеті жоқтың қасы. Мемлекеттік құрылымымыз Ата заңымызда көрсетіледі.
Осы айтылғандарды да ескере отырып, Диас інім көтерген мәселеңізді БАҚ құралдарының барлық тармақтары арқылы негізінен қазақ тілінде талқылағанымыз жөн. Қазақша талқылауымыз арандатушылардан шамалы болса да оқшаулап, талқылауды байыпты жүргізуге мүмкіндік бермек. Қазірше "Каzakhstan" деген кличкамен жүрген қазақ түріктерінің елі осылайша бірнеше ай бойы пікір алмасудың, саралаудың нәтижесінде көңілге қонар, бүгініміз бен болашағымызға қызмет етер аталуға қол жеткізер деген үміттеміз, және көтерілген мәселенің баянды болуына барынша атсалысамыз.
Құрметпен,
Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ,  академик
Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының президенті.
"Тұран" қалашығы, 28 наурыз 2013 ж.